Кесінділерді салу

10 ақпан 2017 - Күнсұлу Қасенова

Пәні: Математика

Сыныбы:1

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Кесінділерді салу

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:

Кесінді жайында түсінік беру және кесінділерді салуды меңгерту.

ә) коммуникативтік құзіреттілік:

Ұзындықты өлшеудің көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтау. Топ ішінде өзінің және өзгелер жауабының дұрыстығын дәлелдеу.

б)  проблеманы шешу құзіреттілігі:

Кесінділерді басқа фигуралардан ажырата білу. Өз әрекетін бақылау, салыстыру, шешім шығару біліктерін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын педагогика-лық технологиялар: деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, практикалық.

Пәнаралық байланыс: Әліппе, бейнелеу өнері.

Оқыту құралдары: Оқулық, сызғыш, қарындаш, геометриялық фигуралар үлгісі, плакат.

Сабақтың барысы

     Мұғалімнің қызметі

  Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу; оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру; сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.

Амандасады; оқу-құралдарын дайындайды, кезекшілік  міндеттерін атқарады; сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.

 Сынып сабақққа психологиялық тұрғыдан дайын, мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерлерін жинап алады.

Дәптерлерін жинап береді.

Үй тапсырмасына дайындық деңгейлері анықталады.

ІІІ.  Өткен материал-ды қабылдау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

-          Балалар қазір қай мезгіл?

-          Табиғатта қандай өзгерістер болуда?

-          Өте жақсы.

-          Балалар, біздің ағашымыздан жапырақтар сарғайып түсіп, желмен ұшып, сендердің парталарыңда жатыр. Айналадағы жапырақтарды жинап алайық. Ол үшін жапырақтардағы тапсырмаларды ауызша жылдам есептеуіміз керек.

-          3 + 4 = ?

-          5 – 2 = ?

-          7 – 1 = ?

-          6 – 3 = ?

-          2 + 5 = ?

-          Оқушылар міне, соңғы жапырақ қалыпты. Бұл жапырақта жұмбақ жасырылған екен. Қане, бәріміз бірге шешімін табайық.

Жоқ өзінде бас та, қаса та, мойын да,

            Ұзындығы жазулы тұр бойында.

 

-          Өте жақсы! Дұрыс айтасыздар.

-          Күз мезгілі.

-          Күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Егіншілер егін орып, жемістер албырап піседі.

Ауызша тапсырмалар орындайды.

-          3 + 4 = 7

-          5 – 2 = 3

-          7 – 1 = 6

-          6 – 3 = 3

-          2 + 5 = 7

-          Жұмбақтың жауабы: сызғыш.

Табиғатта болып жатқан өзгерістерге зер салады. Сабаққа қызығушылықтары оянады.

Өткен сандарды еске түсіріп ауызша есептеуге арналған тапсырмаларды орындайды.

Жұмбақ шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттері шыңдалады.

IV. Жаңа материалды меңгерту

Сергіту сәті

-          Балалар сызғыш сөзіне тірек сызба жүргізейік.

[Овал: сызғыш]

-          Жақсы. Сонымен сызғышты не үшін пайдаланамыз?

 

-          Дұрыс айтасыздар! Бүгінгі сабағымызда біз осы сызғыш арқылы кесінді саламыз.

Оқулықпен жұмыс

-          Олай болса балалар, оқулығымызды ашып 1-тапсырмаға назар аударайық. Кесінділердің ұзындықтарын өлшейік.

-          Неше сантиметр екен қане, кім айтады?

-          Жарайсыңдар!

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Салақтықтан қашамыз

Әдемі етіп жазамыз.

-          Енді балалар, кесінділерді сызуды үйренеміз. Ол үшін оқулықтағы суретке зер саламыз. Мұқият қараңдар! Дәптерімізді ашып қоямыз. Қолымызға қарындаштарымызды аламыз, сонан соң сызғышымызды  дәптердің бетіне қоямыз. 0 санына және 3 санына  нүкте қоямыз.  Содан кейін түзу сызықпен екі нүктені қосамыз.

Жұмыс дәптер №2

1-тапсырма. Қанша машина болса, кестеге сонша дөңгелек сал.  Барлығы неше машина?

-          Балалар тапсырмада ненің суреті берілген?

-          Бірінші кестедегі машина нешеу?

-          Екінші кестегеді ше?

-          Барлық машинаны табу үшін қандай амал қолданамыз?

-          Иә, дұрыс.  Сонымен барлығы неше машина?

-          Енді жұмыс дәптерлерімізге осы тапсырманы орындайық.

-          Балалар шаршаған болармыз. Орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын.

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

 

-Сызғышты біз  кесінділердің ұзындықтарын өлшегенде, сызғанда қолданамыз.

-           Бірінші кесінді – 4 см

-           Екінші кесінді – 6 см

 

 

Дәптерлерін ашып бүгінгі күннің жадын жазады

Жұмыс дәптер №2

1-тапсырма.

                                             — 4

                                 — 3

-           Тапсырмада машиналардың суреті берілген.

-           Бірінші кестегеді машина – 4

-           Екінші кестедегі машина – 3

-           Қосу амалын.

 

-          4 + 3 = 7

-          7 машина

 

 

 

Орындарынан тұрады. Сергіту сәтін жасайды.

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын.

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

 

Тірек сызба жүргізу арқылы сызғыш сөзіне түсінік бере алады. Ой-өрістері қалыптасады.

Оқулықтары мен дәптерлерін ашып, сабаққа зейіндерін аударады. 

Жаңа материалды меңгереді, тапсырманы орындай отырып тақырыпқа байланысты түсініксіз мәліметерге жауап алады.

Тапсырманы мұғалім қойған сұрақтар арқылы орындайды.

 

Сұрақтарға нақты, дұрыс жауап береді.

Мұғаліммен бірге қайталап, қимылмен көрсетеді.Оқушылар бір сергіп қалады.

V. Жаңа материалды бекіту.

а) мұғалімнің басшылығымен бекіту

ә) өз бетімен бекіту

— Ал, енді 3 – тапсырманы жұмыс дәптерімізге орындаймыз. Ұзындығы 5 см, 3 см, 2 см кесінділер сыз. Кесіндіні дұрыс дәлме-дәл сызуларын қадағалаймын.

 

4 – тапсырма. Жазылмаған сандарды қойып жаз.  Дәптерлерін тексеріп шығамын.

 

 

5 + 2 >                    -1 > 4   6 – 0 >

 

 

       +         < 7   3 + 2 <                    -         <

 

 

6 – тапсырма. Ойын «Қалпақты тап»

Сурет бойынша әңгімелеп, балалардың әрқайсысына қалпақтарын тауып бер.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын « Шапшаң тап»

Фигураларды атап, кесіндіні өлше. Дәптеріңе сыз және салыстыр.

    1                      4                                     6

 

 

3

 

 

 

7                                        2

 

 

                                        5

 

 

 

-          Кесінділерді өлшейік. Неше сантиметр екен?

-          Енді осы кесінділерді салыстырыңдар.

                   3 – тапсырма

5 см

3 см                                           

2 см                                     

 

4 — тапсырма.

5 + 2 > 6   5 + 2 > 4 

                     1 + 3 < 7   5 + 1< 7 

                     6 – 1 > 4 

3 + 2 < 6    3 + 2 < 7

                     6 – 0 > 2    6 – 0 > 4

7 – 4 < 5     5 – 1 < 2

 

6 – тапсырма. Балалардың әрқайсысының қалпақтарын тапсырманы дұрыс орындау арқылы сәйкестендіреді.

-          Бір үйде ағайынды жеті ұл бала болыпты. Анасы оларға үлгілі тәртіптері үшін әрқайсысына түстері бірдей қалпақты сыйға тартады. Балалар ойын кезінде бір-бірінің қалпағын ауыстырып алыпты. Тапсырманы дұрыс орындау арқылы біз олардың өздеріне тиесілі қалпақтарын тауып беруге көмектесеміз.

5 + 1 = 6

3 + 2 = 5

1 + 2 = 3

2 – 1 = 1

5 – 3 = 2

6 – 2 = 4

6 + 1 = 7

 

Ойын « Шапшаң тап»

-          Төртбұрыштар: 1, 5, 7.

-          Үшбұрыш: 6

-          Дөңгелек: 3

 

-          Кесінділер:  2, 4.

     

 

 

 

               

 

-          Кесінділер 4 см, 6 см.

 

  

 

     

-          4 см <  6 см.

Жаңа тақырып бойынша жұмыстанады.

 

 

 

 

Білетін білімдеріне сүйене отырып өрнектерді салыстаырады.

 

 

 

 

Суретпен жұмыстанады, әңгіме құрастыра отырып берілген тапсырмаларды шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың кесінділерді ажырата біледі. Геомертиялық фигураларды атай алады. Кесінділерді салыстыра біледі. Нәтижеге жетеді.

 

 

 

 

VI. Үйге тапсырма.

 

Жұмыс дәптер.

5- тапсырма

Балықты боя. Осындай балықты қайталап сал.

 

 

 

 

 

 Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

 

 

 

 

 

 

Түстердің үйлесімділігін анықтай алады.

Өз бетімен жұмыстанады.

VII. Бағалау.  

     Қорытынды.

Сабақ барысында белсене қатынасқан оқушыларды бағалау.

Қойылған бағаларға түсінік береді.

— Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Күнделіктеріне баға қойғызады.

Марапатталады.

— Сау болыңыз!

Өз іс-әрекетінің нәтижесін көреді.


 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2173611

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru