«Жұлдыздар фабрикасы »

30 тамыз 2017 - жанна маратқызы

«Жұлдыздар  фабрикасы » 

(Музыка  залында «Екі жұлдыз» әні)

Жүргізуші -1

Армысыздар, құрметті   ата-аналар, бүлдіршіндер   және қонақтар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, «Жұлдыздар  фабрикасы  » байқауы міне біздің   балабақшамызда  өткелі  отыр

    Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» — деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз — қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты».

Жүргізуші -2

«Көзіңнен күлкі үйірілген

Айналдым кірпігіңнен

Бір ұшқын шарпып өтті,

Сөйтті де ғашық етті!» — деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Жұлдыздар  фабрикасы »   ән  байқауына  хош келдіңіздер!

Ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін  қазылар керек емес пе? Олай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:

Жүргізуші — 1

Домбырада ойнаса қоңыр үнімен құлақ қыршынын қандырар, микрофонмен ән салса, жастық делебеңді қоздырар, музыка маманы, қазылар алқасының төрағасы, музыка  жетекшісі  Тажімбетов  Қайрат  Тағайбекұлы.

Жүргізуші -2

Тәлімгер   ұстаз  ұлағатты  тәрбиеші  Жұмабекова Жанна  Маратқызы.

Жүргізуші -1

Балабақшамыздың  ата – аналар комитетінің төрайымы, ән сүйер анамыз Байкеева  Ұлбала  Оңғарбайқызы

Жүргізуші -2

Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.

1.Тәрбиеші  -логопед  Сұранчиева  Арайлым мен  бүлдіршін  қызымыз  Асқар  Айзере

3.Әуелбаева  Сандуғаш  пен  ересек  топ  тәрбиеленушісі   Шағадатұлы  Ислам.

4.Далбаева  Жанар  мен  ересек  топ тәрбиеленушісі Саматқызы  Анель

Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне  «Көңілді  күн» әнін  қабыл алыңыздар.

Жүргізуші -1

Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз жұптарымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші -2

Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген, Айнабекова Перизат пен ортаңғы  топ  тәрбиеленушісі  Серік  Нұрзатты  қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!

Жүргізуші -1

Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз:

Тәрбиеші  -логопед  Сұранчиева  Арайлым мен  бүлдіршін  қызымыз  Асқар  Айзере

Жүргізуші -2

Құрметті көрермендер, қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол соғып отырсаңыздар. Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз:

Әуелбаева  Сандуғаш  пен  ересек  топ  тәрбиеленушісі   Шағадатұлы  Ислам.

Жүргізуші -1

Қазақ қонақ келсе төрге,

Әнші келсе өрге,

Келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Далбаева  Жанар  мен  ересек  топ тәрбиеленушісі Саматқызы  Анель.

Тұрады лебі жалындап – демекші, арманның ақ құсына мінген, екеуі жұп болып жарасып тұрған, біреуі Гүлстандағы гүлдей, енді біреуі ақ сұңқарға мінгей өнерпаз жұлдыздарымыз   Қайрат пен   Перизаттың  орындауында «Бақыт таңы» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші -1

Жанар, осы өнер көрсеткен жұптарымыздың қайысы саған ұнады және неліктен?

Жүргізуші -2

Ой, Әсел, маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймын.

 

Жүргізуші -1

Рас айтасың, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім аяқталды деп жариялап және қазылар алқасының бір ауыз сөзін тыңдайық. (Қазылар алқасы өз пікірлерін айтады)

Жүргізуші -2

Қазылар алқасы, пікірлеріңізге үлкен рахмет! Сіздердің сөздеріңіз жұптарға күш береді деп үміттеміз. Енді жұптар екінші бөлімге дайындық жасағанша, тағы сіздердің құрметтеріңізге арнап келесі сазды әуенімізді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші -1

Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды кезекпен ортаға шақыру.

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

1.     «Бас жүлде»

2.     «Ең үздік дауыс»

3.     «Жарасымды жұп»

4.     Комедиялық жұп

5.     Лирикалық жұп

6.     Талантты жұп

7.     Биші жұп

8.     Ең әдемі жұп

 

Жүргізуші -2

Құрметті  қадірменді қонақтар! Осымен   өнерлілерді жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Жұлдыздар  фабрикасы » байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, қоштасамыз.

Жүргізуші -1

Осымен, көктем мерекесі алдында өткізіліп отырған «Жұлдыздар  фабрикасы »

ттбайқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтап, көк аспанның төрінде жарқырап тұрар тілек айтып, алдағы көктем мейрамымен құттықтаймыз.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышБастауышым – бал-бұлағым

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 4260935

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0