Алғысымыз шексіз

9 қазан 2018 - Гулжан Кадимова
Алғысымыз шексіз

"Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ"КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Кадимова Гулжан Серикбаевна

Жұмыстың атауы: Үздік тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Алғысымыз шексіз!»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге және қазақ жерінде тұратын өзге ұлттар мен ұлыстардың бірлігін, достығын сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР картасы, Н.Ә.Назарбаев суреті, ҚР рәміздері, қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд – шоу.

Сыныбы: 3 «А»

Мұғалім: Отан — әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан — біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымызбен тұратын еліміз.Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.

Кәусар: Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.

Мұғалім: Гимн — біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғайды.
Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

Аяулым: Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қара шаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

Нұрдәулет: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Рахат: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым — әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Жасұлан: Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

 

Аяулым:  Республика халқының саны 16 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. 
Бекзат: Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Ш.Мадина: Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Рахат: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Ұлжан: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Асылхан:  Қадірменді бір досымыз — өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.

Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен, бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.


Амантай: Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузинмен дос болдым қонақ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
Д.Мадина: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Көрініс: «Қырғыз бен орыс айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған орыс қырғыздан:
— Сенің ұлтың кім?
— Қырғыз.
— Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
— Менің өз елім – Қазақстан.
— Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
— О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
— Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
— Ал сен орыссың ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
— Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
— Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
— (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
— О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, өзбек те, грузин де, орыс та тағы басқа ұлт өкілдері тұра береді. Тұрғанда да тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
— Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
— (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

Ғалымжан: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Жадыра: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.


Аманжол: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!

Гүлдана:  Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер – білім нәрімен
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.

Назерке: Дос болайық бәріміз,

 Жарасып тұр әніміз.

 Тыныштықты сақтаймыз,

 Атсын күліп таңымыз!
Хор: «Дос болайық бәріміз»
Амантай: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.


Иманғали: Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Мұғалім: Осылайша 2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1-наурызды «Алғыс айту» деп жариялады.Алғыс айту күні –бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығынуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.      Олай болса алғашқы кезекті өзіміздің  ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.

Бекзат: Біз қазақ деген көл-дариядай кеңбіз ғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.

Би: өзбек « Бу хаёт»

Мұғалім: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз
Нұрасыл: Здраствуйте!.. Орыстар Қазақстан Республикасында 4 479 620 адам тұрады. Әлемде 147млн. Біздің елімізде ешқашан қақтығыстар мен төңкерістердің болмағанын қалаймыз. Жасасын, Қазақстан!
Би: Калинка

Мұғалім:  Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкіліне береміз.

Қырғыз мәдени өкілі сіз не дейсіз?
Рахат: Мүмкіндікті пайдалана отырып, бәрімізге айтарым, қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық.Жасасын достықты жақтаған қазақ елі!

Мұғалім: Өзбек мәдени орталығының өкілі сіз не дейсіз?
Диана: Ар ма, халқым! Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің өзбек халқы да өсіп өніп, жақсы тіршілік кешуде. Жасасын, жүрегі кең, бауырмал қазақ елі!

Аяулым: Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
Тілегі бір, жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз.
Асылхан: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

Ұлжан: Қазақ елі қашаннан да жыр елі

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір – бірімен тату тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Хор: «Қазақстан бақытты»

Асылхан: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Бақберген: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі -еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

Ендеше, бейбітшілік жасасын!

Бекасыл: Ынтымақтастық жасасын!

Бекзат: Қазақстан жасасын!

Бекасыл: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын.

Иманғали: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Д.Мадина: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Нурислам: Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Ш.Мадина: Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен – бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Бақберген:Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, үйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр.

Кәусар: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз

 Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мұғалім: Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, Рахмет деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.Осымен бүгінгі «Алғысымыз шексіз!» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп –көп рахмет.

- 2303107

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар