БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

19 қыркүйек 2017 - Жанар Жартынова

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

Насырова Гульнара Усеиновна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

ҚР ББЖ ҚБАРИ мониторинг және талдау бөлімінің басшысы

Жартынова Жанара Алибековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

ҚР ББЖ ҚБАРИ мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы

Мұқан Ләззәт Бақытжанқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

ҚР ББЖ ҚБАРИ мониторинг және талдау бөлімінің жетекші маманы

 

«Сабақ – мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің

айнасы, оның интеллектуалдық байлығының өлшемі,

дүниетанымының көрсеткіші, эрудициясы»

 В.А. Сухомлинский

 

Елімізде қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жаңа білім беру мазмұнын жаңарту саясаты мектеп жағдайында мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім жүйесінде оқушыларды оқытуда инновациялық өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты білім беру мақсаттары және  мазмұны да өзгеріп, жаңа құралдар мен оқыту технологиялары пайда болды. Дегенмен де, қандай реформалар болмасын, сабақ оқытудың басты нысаны болып қала береді. Себебі сабақта ғана білім беру үдерісінің қатысушылары "Мұғалім" мен "Оқушы" кездеседі және сабақ дәстүрлі және қазіргі мектепте өзгермейтін оқыту әдісі болып тұр. Сондықтан да кез-келген сабақ, қоғам қойған міндеттерді шешуде оқушылармен мұғалімдерге берілген үлкен мүмкіндік. Сол үшін сабақ жаңашыл болғанда ғана, ол қызықты болады және ол сабақтан күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

-         Заманауи сабақ қандай болу керек?

-         Дәстүрлі және жаңа сабақ бүгін қалай қатарласады?

-         Заманауи сабаққа қойылатын талаптар туралы біз не білеміз?

Біз бұл сұрақтардың мазмұнын ашуды мақсат етпедік, өйткені әр пән-мұғалімі деңгейлік және жаңартылған біліктілік арттыру курстарының шеңберінде заманауи сабақтың құрылымындағы жаңаша форматын танып біліп, тәжірибеде өткізу мүмкіндіктеріне ие болды. Заманауи – мүлдем жаңа, бірақ та өткенмен байланысын жоғалтпаған, бір сөзбен айтқанда – өзекті сабақ дегенді білдіреді.

Ешкімге де құпия емес, оқушының біліктілік және дағды деңгейін, негізінен, оның сабаққа қатысу кезіндегі әрекеттерін нақты бағалау мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өйткені сабақ барысында мұғалімнің барлық қызметтері  шоғырланады: оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, әдістемелік біліктілігі, білім беру үдерісін ұйымдастыру қабілеті.  Осыған байланысты мектептегі сабақтың құрылымындағы өзгерістерімен бірге, сабақты бақылау форматы да өзгерді.  Өйткені, бүгінгі мектепте білім беру тек қана мазмұнмен қанығып қойған жоқ, сонымен бірге білім алушының мүмкіндігі мен талабын ескере отырып тәжірибелік-бағытта жүргізіледі. Бүгінгі мұғалімге сабаққа дайындалуда оқушының өзіндік қызметіне бағытталған, оқыту әдістері мен тәсілдері нысандарын таңдауда  көп еркіндіктер берілді. Ол әр сабақта балалардың ақпаратты іздеу және өңдеу қызметін ұйымдастыруға, іс-әрекет тәсілін қорытындылауға үйретуге тырысады. Заманауи сабақтарда көбінесе топтық немесе жұптық жұмыстар тиімді болып, білім алушылардың орындалған тапсырмалары шеңберіндегі оқу өнімдерін көруге жеткізеді. Сол үшін, қазіргі сабақтар тек қана  пәндік нәтижелерге  ғана емес, сонымен бірге тұлғалық-танымдық жетістіктерге жетуге бағытталған. Оқушылардың да өзінің оқыту нәтижелерін бағалау үдерісін ұйымдастыруға  және қатысуға рұқсат берілген.

Әрине, әрбір сабақтың нақты құндылығымен оның нәтижесі оқушылардың материалды меңгеру дәрежесімен анықталады. Педагог әр қандай сыртқы тәсілдерді тиімді пайдаланған болса да, егер балалар тақырыпты меңгермесе, онда сабақты тиімді деп айтуға болмайды. Баланың білімнің кеңейетінін, тереңдейтінін, бекітілетінін негізінен күнделікті сабақтармен тығыз байланысты екенін  ұмытпауымыз керек. Ол белгілі бір сабақтың шеңберінде, оқу нәтижелерінен күтілетін қажетті біліктілік пен дағдыларға сәйкес, белгіленген білім көлемін меңгеруі тиіс.

Қазіргі заманғы отандық білім беру даму үрдістеріне сәйкес қазақстандық мұғалімдердің «үлкен армиясы» жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарынан өтуге мүмкіндік алды (үш айлық деңгейлік, жаңартылған, тілдік және т.б.). Тыңдаушылар бұл курстардан оқытудың жаңа әдістерін және амалдарын меңгерді, педагогикалық қауымдастықта әріптестерімен  өзінің тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Осылайша, заманауи мектеп жағдайында мұғалімдер мектептегі коучинг және менторинг үдерісінде, оқыту технологиялары мен әдістемелері арсеналын толықтыруға тәжірибесін өзара байытуға, өзара оқытуға  бейімделді. Бүгін мұғалім тек қана «сабақ беруші» емес, сонымен бірге білім беру ортасында кез-келген деңгейдегі жаңа идеяларды тасымалдаушы, ол өзінің педагогикалық іс-әрекеттерінің сценаристі.  

Ал осындай мұғалімдердің жаңартылған оқытуын қалай бақыланады, оның сабақты  оқыту нәтижелігін бағалауы қандай, сол немесе өзге сабақ қалай өтеді? — деген сұрақтар туындайды. Белгілі болғандай, сабақты неғұрлым егжей-тегжейлі бақылауда ұйымдастырушылық жағын, сабақтың мазмұнын, тәрбилеу рөлін бағалау және сабақтың әдістемелік деңгейін, сондай-ақ мұғалімнің іс-әрекеттегі ерекшеліктерін, оқушының қызығушылық арттыруға, оны білім алуға ынталандыра білгенінде анықтау керек. Осылайша, сабақты жан-жақты бақылауда оқу жұмысының барлық компоненттерін қамтитын кешенді сипаттама шығады.

Бақылау – бұл бағалаудың бірінші кезеңі ғана, ал екіншісі – сабақты талдау, яғни сабаққа нақты критерийлер бойынша талдау жасау.  Сабақтағы ең бастысы не? Әрбір мұғалімнің осы мәселе бойынша өз пікірлері бар: біреулер үшін сабақтың басталуын табысты қамтамасыз ету болса, басқасына, керісінше  сабақтың соңында қорытынды шығару маңызды, ал үшіншісіне материалды түсіндіру, төртіншісіне – сауалнама жасау және т.б. Мұғалімнің сабақты бір мәнді және қатты талаптарды ұстануға мәжбүр етудің қалыпты кезеңдері өтіп кетті, бүгін сабақ жүргізудің тәсілі ғана өзгеріп қойған жоқ, сонымен бірге сабаққа бақылау және мониторинг жасауда өзгерді. Уақыт талаптарын негізге ала отырып, біз қазіргі заманғы заманауи сабақтарды бақылау мен талдаудың бірқатар құралдарын ұсынамыз. Бұл құралдарда мұғалімнің өзіндік белсенді шығармашылық тәсілдерін,  оның құрылу мағынасы, сондай-ақ оқу материалының мазмұнын іріктеу, оқыту технологиясы мен тренингті өткізу, түйінді идеялар оқыту модульдерін кіріктіруін қолдану дәрежелерін анықтау көзделіп отыр. Ұсынылған нысандар (1-7 қосымша) заманауи сабақтың шеңберіндегі оқыту үдерісіне қатысушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерін мақсатты бақылауға бағыттайды. Сонымен бірге, жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне кез келген кестелердің түрі сабақты талдау үшін дәйекті әдістемелік көмек болып, тәжірибе алмасу кезінде басымдықтарын айқындауға  мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған бақылау аспектілерінің үлгілері білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында интерактивті курстар және деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер тәжірибелерін зерттелгеннен кейін айқындалды. Өйткені, бүгінгі мұғалімдер білім алушының білімін толтыру үшін "жаттанды" позициядан бас тарта бастады,  сабақ бере отырып, оның құндылықтарын және мәнін ашуға жағдай жасай отырып, олардың білімін, білік және дағдыларын жетілдіруге тырысады.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Орыс тіліВ зоопарке

БастауышӘдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

Орыс тіліДоброго пути!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 4260968

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0