Мақал-мәтелдерді салыстыру

8 қыркүйек 2017 - Бекзат Ауаририна

                            Қазақ  және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелді  салыстыру

 

Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтiк тiршiлiгi, ақыл-өнегесi, даналығы мол көрiнiс тапқан, ой дәлдiгiмен, ықшамдылығымен ерекшеленетiн тiлдiк бiрлiктер болып табылады.

 Ағылшын және қазақ тілінде сөйлейтін халықтардың ерекшелігі халық философиясы, айырмашылық дәстүрлері және фразеологиялық ерекшелігі. Сондықтан мақал-мәтелдердің мәні шексіз болғандықтан, олар халықтың билігі болып саналады, оларды оқытудың құралы ретінде пайдалануға болады, олар өткен заман мен қазырғы заманды ұштастырып, кейде қысқа болса да мәні зор болады.

 Мақалда айтылатын ой не тура, не астарлы түрде берiледi және көп жағдайда үлгi, өнеге, өсиет айту үшін құрылады. Ал мәтел, сөз тiркесi, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрiнде келiп, көңiлдегi ойды емеурiн арқылы жеткiзедi және нақты тұжырым, қорытынды пiкiр жасай алмайды.

Ағылшын тiл бiлiмiнде мақал мен мәтелдiң ара жiгi нақты ажыратылмай, бiртұтас тұрақты тiркес ретiнде қарастырылады.

    Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерiн салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесiндегi ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.Екі тілде коммуникация жасағанда қолданылатын әдістерді қарастыру, оларды зерттеу. Паралингвистика және кинесика қуралдарын пайдаланып, екі тілде мақал-мәтелдер арқылы  қарым-қатынас жасай білу.

Ым, мимика, интонация – қоммуникацияның негізгі бөлімдері. Кейде ойды сөзбен жеткізуге қарағанда, оны  осы құралдарды пайдалану арқылы айту артық. Осындай тәжірибе әр адамда болады.   Осындай ақпарат  үлкен сеніммен қабылданады. Егер де вербалды және вербалсыз ақпараттардың арасында қайшылық кездессе, адамның ойы басқа болса,  ал сөзі өзгеше болса, оны бетінен түсінуге болады. Онда біз вербалсыз ақпаратқа сенім білдіреміз.

— мақал-мәтелдердің теориялық ерекшелігін зерттеу

— мақал-мәтелдің терең мағынасын белгі немесе сурет арқылы түсініп оқумен қатар белгі немесе сурет арқылы басқа тіл өкіліне жеткізу.

    Елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін вербалсыз құралдарды пайдаланып, танып білу әдістері қаралды.

    Мақал-мәтелдердің мағынасы зор болғандықтан оларға көп мән бергені жөн болады. Коммуникация процесі нәтижелі болу үшін вербалсы элементтердің пайдалануын шекке шығармау керек.

 

   Қазірғі заман талабына сай – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай, үш тілді- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін – жетік меңгерген, жан – жақты дамыған жеке тұлға болу керек. Осыған орай, заман талабына сай шетел тілдерін меңгеру дәрежесі елімізде өсіп келеді. Әр азамат шетел тілін ауызша және жазбаша қатынас құралы есебінде пайдалана алу  қабілеттерін іске асыра білу керек, яғни өздерінің тіл мәдениетін, тілін оқып – үйреніп отырған елдің мәдениетімен салыстыра алуда, әр түрлі әлеуметтік орталарда қабылдаған және қолданылып келе жатқан мәдениеттердің, нормалардың, міндеттер мен құқыттардың ерекшелетері мен ортақ белгілерін ажырата білуде жатыр.

Жұмыстың негiзгi мақсаты — қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерiн салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесiндегi ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Екі тілде коммуникация жасағанда қолданылатын әдістерді қарастыру, оларды зерттеу. Паралингвистика және кинесика құралдарын пайдаланып екі тілде мақал- мәтелдер арқылы  қарым-қатынас жасай білу.

Мақал-мәтелдер — сөздiк құрамның халық өмiрiндегi әрқылы кезендердi, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңiлдегi ойды шебер де ұтымды жеткiзетiн, қысқа әрi нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлiк. Демек, халық өмiр шындығын, көңiлге түйгенiн мақал-мәтел ретiнде өз ұрпағына үлгi-өнеге етiп қалдырып отырған. Аталмыш тiлдiк бiрлiктер арқылы жас ұрпақгы елiн-жерiн сүюге, ерiнбей еңбек етуге, бiлiм алуға, адал, кiшiпейiл болуға т.б. үндеп, жалқаулық, өсек-өтiрiк, мақтаншақтық тәрiздi нашар қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелей бiлген.

Бұл жөнiнде көрнектi ғалым Ш.Уәлиханов "Тәуiр деген әрбiр би мен төре мақалдап сөйлеудi сүйедi және қатардағы қазақтармен сөйлескенде, тiптi кез-келген сөзiнде оны көп қолданады", -десе Х.Досмұхамедұлы "Қазақтың мақал-мәтелдерi ағыл-тегiл көптiгiмен және өткiрлiгiмен ерекшеленедi. Ойды әдiптемей, мақал-мәтелдi араластырмай, ақыл-нақылды қоспай, күлтелемей сөйлейтiн қазақ кем де кем болған десек, артық кетпеген болар едiк. Азды-көптi шешен сөйлейтiн кез-келген қазақ өз сөзiнде мақал-мәтелге жүгiнуге тырысқан, ал билер мен ел iшiндегi дiлмарлардың сөздерi халықтық мақалдар мен мәтелдерге тұнып тұратын" деп, жоғарыда айтылған ойды талдап-таратып, басқа халықтармен салыстыра алғанда, ерекше көзге түсетiн қазақ табиғатына тән, танымал қасиеттi атап көрсетедi. Демек, ел мен елдi татуластыру, өрiс-қоныс, жер дауы, жесiр дауы және т.б. билiк-төрелiк келiсiмдерде сөздiң дәлелдi, қисындылығымен қатар, тапқыр да тартымды болуына үлкен мән берген халық билерi үкiм сөздерiнде екi жақтың даулары мен ұтымды жауаптарын, әдетте, ұйқасты мақал-мәтелдердi өз орнымен тиiмдi қолданып отырған. Атақты билердiң ұзақ жылдарға созылған дау-дамайларды "екi-үш ауыз сөзбен" бiтiрiп, екi жақты да риза қылғаны туралы көненiң көзi iспеттi тарихи, мәдени мәнi зор аңыз, әңгiмелер халық арасында кеңiнен таралған. Соның бiрi -Төле бидiң бала күнiнде айтқан билiгi. Ертеде Шу өзенiнiң Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсiн мен арғын тайпаларының белдi бектерi таласыпты. Екi жақтың да билерi бас қосып, кеңесiп, бәтуаласа алмайды. Көпшiлiкке ерiп барған он бес жасар Төле билiк айтушыларға көңiлi толмай:

Ақты-ақ деп бағалар!

О, игi жақсы ағалар!

Өзегi талса ел бiткен,

Өзен бойын жағалар,— деп сөз бастай    бергенде:

  — "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без,"- деушi едi.

Мына бала кiм өзi? — дейдi, төрде отырған би. Сонда Төле қасқая қарап тұрып: -О, би аға, он үште отау иесi демес пе,

Кiнәлiмiн бе келiп қалсам он  беске ?

Сөз сөйледiм, бұйыра көрмеңiз айыпқа ,

Ала  көз  болу ағайын  адамға лайық па?

Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билiктi маған берсеңiз, Шу өзенiнiң оң жағын үйсiн, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? — деген екен. Бұл шешiмге екi  жақ  та риза болып, бiтiмге келiптi деседi.

Қазақтың: "Жауға барсаң, кесiрдi ал, дауға барсаң шешендi ал" деуiнiң сыры да осында жатса керек. "Аталы сөзге арсыз тоқтамайды,"- демекшi, тапқырлықпен, орынды айтылған сөзге халық тоқтаған өрi қара қылды қақ жарған, көркемсөз шеберлерi билерiн ханнан бетер қадiрлеп, олардың кесiмдi, ұлағатты өсиет сөздерiн, бiтiмдi сөздерiн жадында сақтап  келген .

Сондай-ақ, Абай, Жамбыл, М. Әуезов,  F. Мүсiрепов, A.C. Пушкин, М.Горький, В.Шекспир т.б. сынды аттарын әлем таныған ақын-жазушылар өз туындыларында сөз мәйегi санатындағы халық мақал-мәтелдерiн асқан шеберлiкпен қолдана бiлген.

Мақал мәтелдер арқылы екі тілде коммуникация жасаудың түрлі жолдарын қарастырсақ, олар паралингвистика және кинесика. Кейбiр мақал- мәтелдерді әсіресе тәрбие туралы  мақал- мәтелдерді осы жолдармен   пайдалануға болады.

Паралингвистикалық құралдарының үш түрі болады:

Фоналдық (фонационные) — темп, тембр, әңгіменің қатты айтылуы, паузаларды толтыратын  әдістер ( э-э, м-м), әнгіменің мелодиясы, диалектілік, әлеуметтік немесе идиолектілік дыбыстардың артикуляциялық ерешеліктері;

кинетикалық — ым, поза, сөйлеушінің мимикасы;

графикалық — жазуы, әріптерге қатынасты графикалық қосымшалар, әріптерді алмастырушылар

Паралингвистикалық құралдың  таңдап қолдануы  лингвистикалық құралмен салыстырсақ алдын ала ойластыруға келмейді.

Паралингвистикалық құралдардың функциялары :

-қосымша ақпарат

— вербальдық элементтің орнын басу (болымсыз ымды пайдалану);

-вербалдық кұралмен бірге пайдалану жалпы мағынасын беру мақсатында (қазақ тілінде саусақпен көрсетеді. Маған осы қызыл шар керек. I want this red baloon ).

Еріншектің ертеңі таусылмайды

Act today only, tomorrow is too late

Паралингвистика терминін 1940 жылы американдық лингвист Хилл шығарған.

Бірақ 1930 жылдары совет лингвисті Юшман зерттеген  «Экстранормальная фонетика».

КИНЕСИКА — ( грек. kinesis — қозғалыс) – дене мүшелерінің  қозғалысы (ым, мимика)  паралингвистика  зерттейді. 

Мимика және ым арқылы берілетін ақпарат

 Мимика

Сөйлеушінің сезімін ең басты көрсеткіші ол мимика — выражение лица.  Н. Кошанский  айтпақшы: "Нигде столько не отражаются чувства души, как в чертах лица и взорах, благороднейшей части нашего тела. Никакая наука не дает огня очам и живого румянца ланитам, если холодная душа дремлет, в ораторе… Телодвижения оратора всегда бывают в тайном согласии с чувством души, со стремлением воли, с выражением голоса".

Мимика оппоненті жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы оның қасы

көтерілсе, көздері қатты ашылса еріндерінің шеті салбыраса, ауызы кішкене

ашылса онда оның таңқалып тұрғанын білеміз;қасы салбыраса, маңдайдағы

әжімдері көтерілсе көзі сығырайса ерндерін қысса онда оның қатты ашуланғанын білеміз. Әнгімеге қатысушылар бір жағынан мимиканы жақсы түсіне білу керек. Екінші жағынан өздері де  мимиканы қолдана білуі керек.

 Осымен байланысты өз беттерінізді жақсылап зерттеніздер. Мысалы таңғалғанда қасыңыз, ерініңіз маңдайыңыз қандай жағдайда болады.

Ым

Ым сөйлеуші туралы көп ақпарат береді. Оның ғажабы тілді бала кезімізден үйренсек, ымды табиғи жолмен қабылдаймыз, сөйлеушілер оларды жақсы түсініп қабылдайды. Мүмкін ым өз бетімен қолданылмайды. Сөзбен бірге қолданылып, сөз туралы қосымша ақпарат береді. Ым фразеологизмге айналып, адамның жағдайын көрсетеді, оның таңқалып тұрғанын, енжарлығын, ренжігенін т.б. көрсетеді. Сіздер білетін фразеологизмдер: басты салбырату,  басты шайқау, басты көтеру, қол көтерілмейді т.б.

Ежелгі оратор Демосфен айтқандай  жақсы ораторға ымды жақсы колдана білу қажет. А. Ф. Кони в "Советах лекторам": "Ым  тілдесімді безендіреді, бірақ оны қолдана білу қажет. Ым тілдесімде қайталана берсе, қол сербілісі тым жиі болса, тындаушыны жалықтырады. Конидің  айтуы бойынша ымдардың барлығы жақсы әсер бермейді.

Егерде сөйлеуші өз құлағын тартса, мұрнын сыпай берсе, түймесін айналдыра берсе, керек емес қимылдарды қайталай берсе, ол қимылдары сөздерімен сәйкес келмесе, ым кері әсер береді.Сондай механикалық ымдар тыңдаушының назарына әсер етеді. Көбіненесе осындай ымдар сөйлеушінің өз өзіне сенбейтінін көрсетеді.

Арналуына қарай ымдар ритмикалық, эмоционалдық, жөнді, бейнелейтін және символикалық болады.

Ритмикалық ымдар сөйлесімнің ритмикасымен байланысты.  Егерде теледидарға қарасаңыз сөйлеушілер сөйлесімге қатынасты қолдарын сербелейді.

Ритмикалық ымдар логикалық екпінді, сөйлесімнің жылдамдығын, интонация көрсететін ұғымдарды көрсетеді. Мысалы «Үндемеген үйдей пәледен құтылады».

 «Better to remain silent and be thought a fool, than to open your mouth and remove all do» мақалдарды ымдарды қосып айтып көріңіз. Сөйлесім көбінесе эмоционалды болады. Қобалжушылық, қуаныш, өшпенділік т.б. осының барлығы сөзбен ғана берілмейді, интонациямен, ымдармен беріле алады.

Түрлі сезімді білдіретін ымдарды эмоционалды ымдар деп атайды. Кейбір ымдар  жалпы қолданылады. Қолды сілтеу, есікке көрсету.

 Сілтеулі  ымдар: 

Мысалы:  Анау терезені аш! Мынау кітапті алма, анау кітапті ал!-деген амалды

ымсыз орындауға бола ма? Жоқ болмайды.

Көзбен, қолмен, саусақпен сілтеуге болады. Саусақпен көрсеткен  ым ең анық

болады. Бірақ әдеп бойынша қолмен көрсетуге болмайды, әсіресе адамға, сонда да кішкентай нәрсеге болады.  Мысалы әріпке, сөзге, тб .

Кейбір ымдар шартты болады. Сол кезде сөйлеуші кеудесін қағады. Ондай адамды- оның мына жерінде тас бар деп айтады. Тыңдаушыға қатты адам туралы айтылғаны түсінікті  болады. Кейде ымның белгісі жағдайға лайық болады: Мысалы лекция кезінде   тыңдаушының біреуі қолының сағат тағатын орынына көрсетеді. Ол, сағат неше деп сұрағаны. Басқа лекцияда, лекция оқушының ассистенті дәл сондай  белгі көрсетеді: бірақ ол уақыт тығыз, жылдам аяқта деген белгі. Ал кей кезде жылдам бол деген белгі. Сілтеу ымды  өте сирек пайдаланған жөн, яғни  сілтейтін зат болған кезде ғана.  

Бейнелеу ымдары:

Ал енді  эксперимент жүргізейік. Жаныңызда тұрған адамнан: " Саты деген не нәрсе және толқын деген не нәрсе?" деп сұрасаңыз, ол сізге қолымен көрсетеді. Кімнен сұрасаңыз да, ол сізге қолымен көрсетеді. Себебі ым ол затты сүреттейді, сол кезде тыңдаушы ол затты көзіне елестетеді.

 Ағылшын мақал-мәтелдері кей кезде, мысалы «green with envy (терісіне сымай кетті) сөйлемде зат есім болады, басқалары сын есім болады, бірақ ондайлары аз: «seize the bull by horns»; басқаларын қазақ тіліне аударуға болмайды «between the devil and deep blue sea».                           

Ым (gestures) — тіл коммуникация жүйесінің бөлігі.  Ым, мимика, интонация – қоммуникацияның негізгі бөлімдері. Кейкезде сөзбен айтқаннан артық осы құралдар арқылы қарым-қатынас жасауға болады. Осындай тәжірибе әр адамда болады.   Осындай ақпарат  үлкен сеніммен қабылданады. Егерде вербалды және вербалсыз ақпараттың арасында қайшылық кездессе, адамның ойы басқа болса,  ал сөзі өзгеше болса, оны бетінен түсінуге болады. Онда біз вербалсыз ақпаратқа сенім білдіреміз.  Австралия  маманы  А. Пиздің  айтуы бойынша сөзбен ақпараттың 7%,  дыбыспен 38%,  ым, мимика, позамен 55% беріледі. Басқа сөзбен айтқанда не айтылғаны маңызды емес, қалай айтылғаны маңызды.

1. қазақ тіліне аударылатын,  екі тілде сәйкес келетін мақалдар

2. ағылшын мақал мәтелдері қазақ тілімен жартылай сәйкес келетін

3. ағылшын мақал мәтелдері қазақ тілімен сәйкес келмейтін

      Басқа  пәле  тілден.                          Actions speak louder than words.

      Ештен  кеш  жақсы.                          Веtter late than never

Жарқырағанның бәрі алтын емес

All that glitters is not gold.

Action is the proper fruit of knowledge

Бейнет түбі зейнет

Бейнет  қыл да зейнет қыл

April showers bring May flowers.

Hungry belly has no conscious

The belly has no ears.

     A bad workman blames his tools.

Мақал мәтелдің тақырыбы екі тілде де қарастырылатын тақырып:

Адам және адамның жаратылысы.

Еңбек,Өмір, Ажал, Денсаулық, Бақыт, Бейбітшілік және Соғыс.

Табиғат.

Бірақ айырмашылықты біз ағылшын және қазақ мақалдарының мазмұнынан байқаймыз.

Ағылшын  мақал мәтелдері көбінесе моралдық қасиеттер туралы айтады.

Мысалы :    All bread is not baked on one oven.

                     A clear conscience laughs at false accusation.

            Repentance is good but innocence is better.

            Politeness costs little but yields much.

Осындай феномен қазақ тіліндеде бар:

Ақ жүрген адам абзал.

Сыртың сыйлы болғанша, ішің майлы болсын.

Patience is a plaster for all sores.

Тағат пен еңбек.

Ағылшын мақал-мәтелдері ол абстрактылық ұғымдардың  дана сөздері

             Honesty — lie

             Honesty is the best policy.

  Liars need good memories.

Fortune — misfortune 

             Misfortunes — tell us what fortune is of two evils choose the least.

Hope — joy.      Hope is good breakfast but a bad supper.

                         After storm comes a fair weather.

                         He laughs best who laughs last.

Love — friendship.          A friend in need is a friend indeed.

                                     Love will creep where it may not go.

                                                 Love can't be forced.

Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің ерекшеліктері

Ал Қазақ мақал мәтелдерінде  дүние заттарына көп көңіл бөлінеді. Қоғам және жанұя:    Әкесіз жетім — жартылай жетім,

                                      Шешесіз жетім — бүтін жетім.

                                     Атасыз үй — батасыз,

                                     Анасыз үй — панасыз.

Диқаншылық және аңшылық:

                                    Егіннің жайын еккен білер,

                                   Арбаның жайын жеккен білер.

                                   Диқан  болсаң, өгізің  болсын  сұңқар .

Кей кезде ағылшын мақал- мәтелдері  терең мағынаны  бір-екі сөзбен ғана береді. Kazakh proverbs and sayings differ from others with their deep meaning expressed in few words, short sentences.

Kazakh people say « Сөздің  көркі – мақал », which means that "the attractiveness of a word is a proverb". Мақал – мәтелдер халықтың әлеуметтік өмірін суреттейді. 

e.g. Ісіңнің ағымына қарама, маңдайыңның бағына қара.

      (Don’t enjoy, look at your job, but pay attention to your lunch)

 " Еңбек  етсең  емерсің "

«Оқу — өмір шырағы», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» қaзырғы заманның идеологиясын көрсетеді.

Nowadays they are used as proverbs because they are based on true to life event.

 Монғолдардың шапқыншылығынан кейін, e.g. « Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген » сияқты мақалдар пайда болды. Бұл мақал монғолдардың қатыгездігін көрсетті, қазырғы кезде қатал адамды білдіреді.

Мал асырау қазақ халқының өмірінде ерекше орын алған. Осы мәселені мақал-мәтелдер жақсы сүреттейді.

   Семіздікті қап қана көтереді.

   Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл — көсір.

Қой алты күн аштыққа шыдайды.

  Қойың болмаса байлықта ойың болмасын.

Осы мақал –мәтелдер қазақ халқының өмірінде қой өсіру ерекше орын алғанын көрсетеді.

Орта ғасырларда байларды өте құрметтейтін, сол жөнінде біраз мақал-мәтелдер сақталған:

Аузы қисық  болса  да, байдың баласы сөйлесін.

   He, who is a son of a rich man, speaks though he is ugly.

   Құл  бас бола алмайды, күң  тас  бола алмайды.

   A slave cannot be a ruler as sand cannot be a stone.

Қазақ халықы қонақжайлығымен ерекшеленетін, қонақ келсе қуанатын:                

     Қонақ   келсе  құт  келеді.

  Келгенше  қонақ  ұялады,

   Кеткенше, үй   иесі   ұялады.

   Шақырмаған  тойға  барма,

   Шақырған  жерден қалма.

Қазақ елінің танымал жазушылары Ы. Алтынсарин, С. Торайғыров, М.Ауэзов өз жұмыстарында мақал-мәтелдерді пайдалану мен қатар жаңа мақал-мәтелдерді ойлап шығаратын:

Аш бала тоқ баламен  ойнамайды.

Тоқ  бала  аш  баламен де ойнамайды.

Ішінде ит  өлгі  жатқан.

А. Құнанбаев қазақтың әйгілі жазушысы У. Шекспир сияқты қазақ тіліне көп мақал-мәтелдер қосты.

e.g. Түстік өмірің болса күндік мал жый.

Өзіңде  жоқ  болса, әкеп  те тап.

Мал – адамның  бауыр еті.

Ер азығы  мен бөрі  азығы жода .

Ердің  малы елде, еріккенде  қолда                                     .

Берген жерде бұзар.

У. Шекспир А. Құнанбаев сияқты өзінің жұмыстарында мақал-мәтелдерді дұрыс пайдаланып және өзі шығаратын дарын болған:    

    Brevity is the soul of wit.

   Too swift arrives as tardy as too slow.

   An honest tale speeds best, being plainly told.

Ағылшын және қазақ тілінде сөйлейтін халықтардың ерекшелігі халық философиясы, айырмашылық дәстүрлері және фразеологиялық ерекшелігі. Сондықтан мақал-мәтелдердің мәні шексіз болғандықтан, олар халықтың билігі болып саналады, оларды оқытудың құралы ретінде пайдалануға болады, олар өткен заман мен қазырғы заманды ұштастырады, кейде қысқа болса да мәні зор болады. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, халықтың тарихын зерттеуге болады.

A clear conscience laughs at false accusation.

Repentance is good but innocence is better  

Politeness costs little but yields much.

Қазақ тілінде ондай мақал-мәтелдер көп.

Ақ жүрген  адам  абзал.

Сыртың сыйлы болғанша, ішің майлы болсын.

         Patience is a plaster for all sores.

Тағат пен еңбек.

Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің айырмашылығы да байқалады. Ағылшын мақал-мәтелдері абстрактік  ұғымдарды білдіретін нақыл сөздер:

Honesty — lie

             Honesty is the best policy.

             Liars need good memories.

Fortune — misfortune 

             Misfortunes — tell us what fortune is of two evils choose the least.

Hope — joy.           Hope is good breakfast but a bad supper.

                              After storm comes a fair weather.

                               He laughs best who laughs last.

                                          Love  -  friendship.                         

           

A friend in need is a friend indeed.

              Love will creep where it may not go.

              Love can't be forced.

Бірақ қазақ мақал –мәтелдерінде ерекше мән дүние заттарға беріледі.

Жанұя және қоғам:    Әкесіз жетім — жартылай жетім,

                                     Шешесіз   жетім  –  бүтін жетім.

                                   Атасыз үй — батасыз,

                                  Анасыз үй — панасыз.

Ауыл шаруашылығы және аң аулау:

                                    Егіннің жайын еккен білер,

                                   Арбаның жайын жеккен білер.

                                   Диқан болсаң, өгізің болсын сұңқар.

                                                                  

  Параллелизм құбылысының орын алуына байланысты мақалдардың денi егiз жолды, қос тармақты болып келедi, сондай-ақ үш тармақты, төрт тармақтылары да кездеседi. Мақалда айтылатын ой не тура, не астарлы түрде берiледi және көп жағдайда үлгi, өнеге,

 

 

өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тiркесi, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрiнде келiп, көңiлдегi ойды емеурiн арқылы жеткiзедi және нақты тұжырым, қорытынды пiкiр жаса алмайды.

Ағылшын тiл бiлiмiнде мақал мен мәтелдiң ара жiгi нақты ажыратылмай, бiртұтас тұрақты тiркес ретiнде қарастырылады.

Мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады.

Мақал-мәтелдердiң тұлғасының тұрақтылығы мен тiлде бұрыннан "дайын" материал ретiнде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкiндiк бередi.

Мақалдар тiлдеri қолданысы мен мағынасы жағынан екi топқа бөлiнедi: тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын тұрақты тiркестер.

Бiрқатар қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерiнiң құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестiктерi байқалады, абсолюттi эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлерi де кездеседi.

Зерттеу кезінде  екі тілде коммуникация жасауға паралингвистика және кинесика құралдарын пайдаланып, мақал-мәтелдер арқылы елдін тарихын, салт-дәстүрін танып білу. Ағылшын мақалдары көбiне бiр сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшiлiгi екi, не бiрнеше тармақты болып келедi. Қазақ мақал-мәтелдерiндегі айтылар ойдың басқа бiр жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткiзiлүiн тiлдiк ерекшелiктер санатына жатқызуға болады.

Сөйлесім көбінесе эмоционалды болады. Қобалжушылық, қуаныш, өшпенділік т.б. осының барлығы сөзбен ғана берілмейді,  интонациямен, ымдармен беруге болады.

Қарым қатынастың құндылығы сөзді ғана түсіну емес, сонымен қатар әңгімеге қатысушылардың  мінез құлқын жақсы түсінү, олардың ымдарын, мимикаларын, козғалыстарын, калай қарап тұрғанын қарап білу,  яғни вербалсыз қарым –қатынасты түсіну.  Аталмыш тіл, сөйлеушілерге  өз сезімдерін толық білдіруге, өз-өздерін ұстаулары бір-біріне деген қатынасты анық көрсетеді. Соңдықтан да осы тілді танып білген дұрыс болады.

     

                                     Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1Қабден М. магистрлік диссертация, рефераттар 2009ж, 14-15б

2 Амосова Н.Н.  Основы английской фразеологии. Л., 1963, 12-17стр

3 Адамбаева Б.  Халық даналығы. Алматы: Рауан, 1996, 7б

4 Ғабдуллин М.  Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Алматы: Санат, 1996,11-15б

5 Кузьмин С.С., Шадрин Н.Л.   Русско-английский словарь пословиц и поговорок. Москва: Русский язык, 1989, 11-24стр

6 Oxford Advanced learner’s dictionary.  Oxford University Press, 2001

7 www. Amazon.com   De Proverbial – Issue 3: 1996, Issue 4: 

Осыған ұқсас жазбалар:

Шет тілдеріАғылшын тілі 6 сынып үйден оқыту күнтізбелік жоспары

ҰстаздарғаАғылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу

Шет тілдеріWhat is your mother like? (ҚМЖ)

Шет тілдері«Milk — is the most useful for our Health » Ғылыми жоба

Шет тілдеріThe educational system in GB

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 4260952

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0