Абай шығармаларына иллюстрация жасау

1 наурыз 2017 - Гульсара Азнабаева

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

* Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнына иллюстрация орындау;   

* оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру.

* табиғат сұлулығын түсінуге, бейнелей  білуге тәрбиелеу;

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Жаңа тақырыпты  таныстыру сабағы

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: бейнелеу өнері, тарих музыка, қазақ әдебиеті.

САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:

         суретшілер шығармалары мен иллюстрациялар,   презентация, интерактивтік тақта. сурет салуға қажет құралдар.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І-ұйымдастыру:

Пән кабинетінің гигиеналық талапқа сайлығын тексеру, құрал-жабдықтарының толықтығын тексеру, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу (кезекші түгендеп, тізімін мұғалімге өткізеді).

ІІ-Оқушылардың қызығушылығын ояту:

 Балалар, біз алдымен бейнефильм көріп, біраз әңгімелесіп алайық.

Табиғат — презентация

-Бұл кімнің портреті?

— Абай кім?

— Пейзаж дегеніміз не?

— Пейзажшы деп кімді айтамыз?

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

    ІІІ-Материалды түсіндіру кезеңі.

Ұлы ақын, суреткер – Абай Кұнанбаевтың (1845-1904) 8 мыңдай өлең жолы, 45 қара сөзі, дастандары, аудармалары, лирикалық өлеңдері бар. Соның ішінде біз бүгін табиғат лирикасына тоқталамыз. «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға».

   «Қыс»

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбен қызарып ажарланды.

Бұлыттай қасы жауып екі көзің,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды

 

«Жаз»

Жаздығүн шілде болғанда,

Көк орай шалғын бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда...

   «Жазғытұрым»

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпылар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көз.

  «Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп

 

«Қан сонарда...»

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл.

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанда.

 

 Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға келтіреміз (елестетеміз). Бұл өленде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Желсіз тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкілдалаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір-сары  алтын түске бөлеп, діріл қағады.

Ағаш жапырағы өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер беті ерекше сұлулыққа бөленгендей.

Ақынның  «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі-түсті бояулардан жасалған келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз.

Ал енді осы көріністі қағаз бетінде салып көрейік. Ол үшін бізге суреттің негізгі тақырыбын ашу керек. Демек, бұл бейнелеу өнері тілінде табиғатты бейнелеу дегенді білдіреді. Өзен, су, жер, қалын ағаш- мұның барлығы бір бүтін көріністі құрайды.

IV-Практикалық жұмыс:

Оқушыларды  өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыру ретінде Абайдың өлеңдеріне еркін тандау бойынша сурет салуы. (Осы тұста Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі айтылып тұрады ).

Оқушылардың үлгілі жұмыстарын жинап алып оларды талдап, сын – ескертпелер айтып, кемшіліктерін түзеу жолдарын үйрету арқылы сабақты қорытындылау.

Жаңа сабаққа байланысты сұрақ қою.

1. Иллюстрация дегеніміз не?  (кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет)

2. Абай кім?   (Абай ұлы ақын, суреткер)

3.Өлеңде табиғаттың қай кездегі көріністер суреттелген?

V-Оқушы жұмысын бағалау:

VІ-Үйге тапсырма:

Абай өлеңдеріне еркін талдау бойынша сурет салуды жалғастырып, келесі сабаққа алып келулері сұралады.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

3 сыныпҮлкен мұзайдын

Қазақ әдебиеті"Қыз Жібек" жырын оқытқанда

- 4043066

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)