Сорғыш құрттар класының құрылыс ерекшелігімен тіршілік әрекеті

26 желтоқсан 2016 - Айнур Габдуллина

 

 

Пәні:  Биология 7
Тақырыбы: Сорғыш құрттар класының құрылыс ерекшелігімен тіршілік әрекеті  
Оқу – тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты:  Сорғыш құрттар класының құрылыс ерекшелігімен тіршілік әрекеті туралы білім беру.
Міндеттері:
Білімділік:  Оқушыларға сорғыш құрттар класының  өкілі бауыр сорғышының құрылыс ерекшелігі және паразиттік тіршілікке бейімділігі туралы түсіндіру. Сорғыш құрттардың даму айналымы және иелерін алмастыруы туралы білім қалыптастыру. 
Дамытушылық: Тақырыпты өз сөзімен айтып беруге оқушыларды дағдыландыру. Оқушылардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру. 
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, кесте, суреттер. 
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру. СТО, ауызша, баяндау
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.  «Ой қозғау» 
1. Таспа құрттардың құрлысына сипаттама бер.
2. Сурет бойынша таспа құрттардың дамуын әңгімелеңдер
           

3. Таспа құрттар неліктен паразит құрттар деп аталады.
Жекелеме оқушылармен жұмыс:   №1
1.    Мына түзілістерді сипатта: кутикула. пілә, дернәсіл, финна.
2.    Еркін өмір сүретін және паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар тіршілігіндегі ерекшеліктерді сипаттап жаз.
№2
1.    Төменде берілген жалпақ құрттардың санын көрсет.
2.    Жалпақ құрттар қандай кластарға жіктеледі.
 
№3
1.    Төмендегі кестені толтыр: «+» немесе «-» таңбасын қой.
Құрлысы      Кірпікшелі құрт    Таспа құрт
Эктодерма        
Энтодерма         
Мезодерма        

Сірқабық        
Асқорыту мүшелері        
Тыныс алу мүшелері        
Зәр шығару мүшелері        
Қан айналым мүшелері        
Дара жынысты        
Қос жынысты        
2.    Таспа құрттар қайда тіршілік етеді?
3. Жаңа білімдерді қалыптастыру.  «Мағынаны тану»  Сорғыш құрттар. Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі – аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы  өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш  деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.
         Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді
Фасциолез — бауыр фасциоласы әсерінен туындайтын, ішектік құрт ауруы.  Бауырқұрт(Fascіolosіs) — төрт түлік малдыңқұрт ауруы. Ауруды сорғыш құрттар (фасциола гепатика және фасциола гигантика) қоздырады. Олардың пішіні жалпақ, ұзындығы 20 — 30 мм, ені 8 — 10 мм болады. Ауру, көбінесе, саз-батпақты жерде, өзен-көл жағасында жайылған малда кездеседі. Ауырған малдың нәжісімен ылғалды жерге түскен құрт жұмыртқалайды, одан шыққан дернәсіл судағы ұлуларға немесе су жағасындағы шөптерге жабысады. Мұны мал шөппен қоса жесе не сумен бірге жұтса, бауырқұрт ауруына шалдығады. Малдың ас қорыту жүйесіне түскен құрт, оның ішегін, бауырын жаралап, өт жолдарына жиналады. Ауру мал арықтайды. Көзі мен аузының кілегей қабықшалары сарғылт тартады. Тамағында, төсінде, буындарында ісік пайда болып, іші кебеді, тышқақтайды. Ауру малды емдеу үшін ацемидофен дәрісінің 10%-тік ерітіндісі, сондай-ақ, дертил, гексихол, төрт хлорлы көміртек, битионол дәрілері қолданылады. Аурудың алдын алу үшін мал жайылымына құрғақ жерлерді таңдап, малды ағынды сумен суғару керек. Бауырқұрттан өлген малдың бауырын жерге көміп залалсыздандырады..
    4. Жаңа білімді бекіту.  «Ой қорыту». Мәтінді оқып, жаңа терминдерге анықтама жазу. Графиктік тест орындау.
1. Құрттардың денесі 3 қабаттан тұрады +
2. Құрттардың ішкі қабаты мезодерма деп аталады. –
3. Жасушасы жоқ эпителий ұлпасын тығыз түзіліс қаптайды, оны сірқабық деп атайды +
4. Жалпақ құрттарда тынысалу мүшесі жақсы дамыған –
5. Жалпақ құрттарда зәр шығару жүйесі жоқ –
6. Жалпақ құрттар – қос жынысты жәндіктер +
7. Паразитті құрттарды зерттейтін зоология ғылымының саласы гельминтология деп аталады.+
8. Сорғыш құрттар көбею барысында екі иеде өмір сүреді. +
9. Таспа құрттардың көзі, асқорыту мүшелері жақсы дамыған –
10. Ішекте өмір сүретін паразиттер – эктопаразиттер деп аталады. –
Қорытынды:  Сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін соратын құрттар сорғыш құрттар деп аталады.
Үй тапсырмасын беру.  Биология 7 сынып §42 оқуға.  Жаңа сөздерге анықтама жазып, жаттап келу.

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 3404550

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru