Табиғи сұрыптау

6 қыркүйек 2018 - Алтынгуль Таирова

Сабақтың тақырыбы

Табиғи сұрыптау – эволюцияның бағыттаушы факторы

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Таирова Алтынгуль Хамитовна

Сынып: 9

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар:-

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Табиғи сұрыптау – эволюцияның негізгі бағыттаушы факторы екенін анықтайды. Тіршілік үшін күрес түрлерін ажыратады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушыларға: Эволюцияның негізгі бағыттаушы факторы табиғи сұрыптауды сипаттай алады

Оқушылардың басым бөлігіне: тіршілік үшін күрес түрлерін  ажыратады

Кейбір оқушыларға: тіршілік үшін күрес түрлеріне өмірден мысалдар келтіріп, ерекшеліктерін сипаттай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Негізгі сөздер мен тіркестер

Тіршілік үшін күрес-борьба за выживание, түрішілік күрес-внутривидовая борьба, түраралық күрес-межвидовая борьба, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес-борьба с неблогоприятными условиями окружающей среды.

Сыныптағы диалогжазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Табиғи сұрыптау қалай жүреді?

Тіршілік үшін күрес дегеніміз не?

Тіршілік үшін күрестің қандай түрлері бар?

Сен неліктен екенін айта аласыз ба?

Тірі ағзалар неліктен көбейеді?

Тірі ағзалар тіршілігі үшін не қажет?

Неліктен табиғи сұрыпталу деп аталады?

Жазылым бойынша ұсыныстар

«Түртіп алу» әдісі бойынша мәтіннен негізгі тұжырымдарды жазу. Кластер құру «Тіршілік үшін күрес», Сызба кестелермен жұмыс «Тіршілік үшін күрес түрлері және мысалдар келтіру»

Алдыңғы оқу

Сандықшадағы сұрақтарға жауап беру, өткен материалдарды пысықтау

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

Психологиялық ахуал

Тренинг «Дұрыс, дұрыс емес»

Мұғалім сөйлемдерді оқиды, егер дұрыс болса қолдарын көтереді, дұрыс болмаса бастарын иеді.

-өзгергіштіктің екі түрі бар

-сұрыптау белгілердің ажырауы

-айқын емес өзгергіштік тұқым қуалайды

-эволюцияны К.Линней зерттеді

-популяция біпнеше түрлерден түзіледі.

Ширату жаттығуы

Неліктен бірдей отырғызған ағаштар өскенде әртүрлі болып өседі?

Ағаштардың жақсы дамып жетілуіне қандай жағдайлар қажет?

Оқушылар топқа бөлініп, топбасшыны сайлайды.Ағаш, қоян, саңырауқұлақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер,  интербелсенді тақта

Ортасы тақырыптың мазмұнын ашу

20 мин.

1-тапсырма: Түртіп алу әдісі бойынша әр топ мәтіннен негізгі терминдер мен жылдарды жазып алады.

2-тапсырма: кластер құру «Тіршілік үшін күрес» әр топ өз ойын білдіреді.

Ізденген жетер мұратқа.

Топ мүшелеріне сызба – кестелер таратылады. Онда тақырыпқа сәйкес суреттер берілген. Топпен ойлана отырып, белгілі бір қорытындыға келіп мәтін құрастырады.Ұнаған топтың жауаптарын өзара бағалайды.

1-топ: «Түрішілік күрес», 2-топ: «Түраралық күрес», 3-топ: «Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес»

Оқулық, суреттер

Аяқталуы

10 мин.

 

 

3-тапсырма: «Жабайы табиғат» Суреттермен жұмыс. Күрес түрлері бойынша анықтау, түсіндіру.

Жануарлардың суреттері

Қорытынды

5 мин.

«Мен бүгін» ойыны бойынша әр топ оқушылары сабақта түсінген мәліметтерін айтады.

Рефлексия 3 мин.

«Нысана» рефлексиясы бойынша

 

Қосымша ақпарат

Сайттан бейнероликтер қолдану

 

Саралау

-деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білім сапасын анықтаймын, тапсырмалар жеңілінен күрделіге қарай ауысады

Бағалау

«Бағалау парағы» ( топ басшыларының бағалауы)

Топтардың бірін-бірі бағалауы

«Нысана» рефлексиясы бойынша

Пәнаралық байланыс

Экология, дүниетану, орыс тілі

Дескрипторлар

1.Терминдермен жұмыс жасайды;

2.Тіршілік үшін күрес түрлерін ажыратады;

3.Табиғи сұрыптауды  сипаттайды;

4.Тіршілік үшін күрес түрлерінің ерекшеліктерін сипаттап, мысалдар келтіреді.

5.Алған білімдерін өмірде қолданады;

 Баллдар

1

1

1

1

1

- 1972286

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар