Бейметалдар тақырыбына арналған эксперименттік есептер

12 ақпан 2015 - Күлзия Есенқызы

Мамырканова Лира Нұқсиқызы

Астана қаласы, №56 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі

9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бейметалдар тақырыбына арналған

эксперименттік есептер

Сабақтың мақсаты:

1. Тәжірибе жүзінде бейорганикалық қосылыстарды алу және заттарды құрамындағы катион және аниондарға сапалық реакциялар арқылы анықтау.

2.Электролиттік диссоциацияланудың иондық теңдеулерін жазуға жаттықтыру, практикалық жұмыс барысында іске асатын практикалық әрекет-дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды топпен жұмыс істеуге, салыстырып, қорытынды жасай білуге баулу.

Сабақтың міндеттері:

1.Қауіпсіздік техникасы ережелерін бекіту

2.Заттардың сапалық құрамын анықтау.

3.Заттарды танып-білудің химиялық әдістерін меңгеру.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, химиялық құрал-жабдықтар, реактивтер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталау (интерактивті тақтада көрсету)

-Химия кабинетіндегі оқушылардың практикалық жұмыс кезіндегі тәртіптері.

-Қышқыл, сілтілермен жұмыс.

-Спирт шамымен жұмыс.

-Реактивтермен жұмыс.

(Қауіпсіздік ережелерін тыңдату)

ІІІ. Тақырып бойынша сұрақтар

1.Иондар дегеніміз не?

А. Атомдар

Б.Бейтарап бөлшектер

В. Зарядталған бөлшектер

2.Катион деген не?

А. Оң зарядты ион

Б. Теріс зарядты ион

В. Бейтарап бөлшек

3.Анион деген не?

А. Оң зарядты ион

Б. Теріс зарядты ион

В. Бейтарап бөлшек

4.Сульфат –анионға SO42-реактив

А.Ва2+катионы

Б. Ag+ катионы

В.Ғе2+ катионы

5. Хлорид анионға СІреактив

А.Сu2+ катионы

Б. Ag+ катионы

В. Н+ катионы

6. Карбонат-анионға СО3 2- реактив

А. АІ3+ катионы

Б. Н+ катионы

В. Ғе3+катионы

ІІІ. Эксперименттік есептерді шешу

Оқулықтан 131 бетті ашып 2-практикалық жұмысты оқу,

1,2,3 ші жұмыстарға мақсат қою.

Жұмысты дәптерде орындаудың жоспары:

1.Жұмыстың тақырыбы

2.Жұмыстың мақсаты

3.Реакция теңдеулері

4.Қорытынды

Интерактивті тақтамен иондарды сапалық анықтаудың тәжірибелерін көрсету

1-есеп. Бар реактивтерді пайдаланып төмендегі айналымдарды іс жүзіне асырыңдар CuSO4→ Cu(OH)2→CuCI2

2-есеп Үш сынауықта: натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлоридтері берілген. Тиісті реактивтерді пайдаланып, әр сынауықтағы заттарды анықтаңдар.

3-есеп Аммоний сульфатының құрамын дәлелдейтін сапалық реакцияны іске асырыңдар.

Тәжірибелерді жасағаннан кейін дәптерге реакция теңдеулерін молекулалық, толық, қысқартылған иондық теңдеулер түрінде жазып, әр жұмысқа қорытынды жасау.

IV. Сабақты қорытындылау

V. Үйге тапсырма: «Бейметалдар» тарауын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2161872

Пікірлер (1)
акнур # 15 желтоқсан 2015 в 10:59 0
рахмет жаксы орындалған менде реактивтер кітаптағыдай жоқ бірақ басқа алып орындадық жақсы шықты

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru