Білім жаңалықтары

2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі

      Биыл жалпы 37 932 грант бөлінген. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінген. Техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға - 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға - 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға - 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант қарастырылған. 

10 тамыз 2017 - Админ | 1290 көрілім

ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев оқушылар мен мұғалімдерді математика және жаратылыстану бағытында өткен TIMSS халықаралық зерттеудің нәтижелерімен құттықтады. Біздің оқушылар жаратылыстану-математикалық сауаттылығы бойынша Ресейлік құрдастарының нәтижелеріне ұқсас көрсеткіштерге қол жеткізіп, АҚШ, Англия, Германия, Канада, Автралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және бірқатар басқа мемлекеттерде тұратын құрдастарынан озып шықты.

4 желтоқсан 2016 - Админ | 1652 көру

1. Тәуелсіз елімізде орны төрде болуға тиісті ұлағатты ұстаздарымыз әкімшілік пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбіс, жалтақ мұғалімдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ күтеміз? Мұғалім азат болмай, оқушы еркін ойлы бола алмайды. Сондықтан, облыстық, аудандық білім басқармаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімшіліктен өз құзіретіне өткізіп алуы керек немесе әкімдіктер мұғалімдерді «ақша жинау» мен «қара жұмысшының» орнын толтырту әрекетін тыйсын!

2 желтоқсан 2016 - Админ | 5147 көрілім

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер базасы өз жемісін беруде. Балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың саны айтарлықтай азайды. 
Мәліметтер базасының жариялануымен қатар, еліміздің 17 қаласында ата-аналар психолог және тәрбиеші мамандардан кәсіби кеңестер алу мүмкіндігін беретін арнайы орталықтар ашылды 

29 қараша 2016 - Админ | 1462 көру
Мектептердегі қорытынды аттестациялаудың жаңа форматы

Бүгін сіздерді мектептегі қорытынды аттестациялауға байланысты ақпаратпен енжей-тегжейлі таныстырмақпыз. Естеріңізге салайық, қорытынды аттестация – мектептегі қорытынды емтихан болса, ҰБТ – ЖОО-ға түсу үшін тапсырылатын емтихан.

27 қараша 2016 - Админ | 5462 көру

ҚР БҒМ ағылшын тілі курстарының тыңдаушыларына тиесілі стипендиялардың осы аптаның соңына дейін төленетіндігі туралы мәлімдеді. 

23 қараша 2016 - Админ | 2265 көрілім
0  сыныпта оқушыларды пилоттық оқыту бойынша қосымша түсіндірме

2016 жылдан 1 сынып оқушылары бірыңғай оқу бағдарламасы, бірыңғай базалық оқулықтармен білім алды. Ата-аналардың пікірінше, мектепалды дайындық тобындағы (0 сынып) балалар да осылай бірыңғай оқу бағдарламаларымен оқытылуы қажет.

20 қараша 2016 - Админ | 1756 көрілім
2017 жылдан бастап енгізілетін ҰБТ-ның жаңа форматы

Білім және Ғылым министрлігі 2017 жылдан бастап енгізілетін ҰБТ-ның жаңа форматын жариялады. Жаңа формат бойынша енді мектеп бітіруші түлектер тест тапсырып ғана қоймайды, жазбаша және ауызша емтиханды қоса тапсырады.

15 қараша 2016 - Админ | 8532 көру
Білім министрлігі жекеменшік бала бақша ашуға шақырады

   Балабақшаларды ашқан құрметті кәсіпкерлер, қазақстандықтардың келешек ұрпағын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін өз алғысымызды білдіргіміз келеді. Кәсіпкерлік қызметтің осы саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбектерінің арқасында балабақшалардағы және шағын орталықтардағы орындардың саны айтарлықтай өсті. Бұл балалардың барынша көп санын сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік береді. Алайда, балабақшалардың жетіспеушілігі мәселесі бәрібір қалуда. Қазіргі таңда, елдегі мектепке дейінгі жастағы балалардың тек 74%-на орын жетеді. Республикада 175 мың бала баратын 2000 астам жеке балалар бақшасы жұмыс істейді. Бұл мектепке дейінгі білімді дамытуға аса мол үлес.

11 қараша 2016 - Админ | 2576 көрілім
Мектептерде  діни киімдер мен діни атрибуттар киюге тыйым салынды

Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігінің фейзбуктегі парақшасында жарияланды.      

Құрметті оқушылар мен ата – аналар, мектептерде діни киімдер мен діни атрибуттар (бас киімдер – бөріктер, тақиялар, хиджабтар және т.б.) киюге тыйым салынғаны туралы естеріңізге саламыз. 2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР Білім және ғылым министрлігі міндетті мектеп формасы үшін бірыңғай ережелерді енгізді. Осы талаптарға сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерінде белгіленген ережелерді сақтау керек.

21 қазан 2016 - Админ | 1769 көрілім
«Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауы өтеді

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту бойынша озат тәжірибені анықтау және оны тарату мақсатында биылғы қазан айында «Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауы өткізілмек.

11 қазан 2016 - Админ | 1374 көру
Мұғалімі сотқа берген директорға қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында бүгін Жаңатұрмыс ауылдық мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаеваның «өз тәртібін заңсыз талқыға салды» деп мектеп директоры Бекжан Нүсіпбекованың үстінен берген шағымы бойынша өтіп жатқан сотта шешім шықты.

5 қыркүйек 2016 - Админ | 1189 көрілім
Беттер: 1 2 3 Келесі Соңғы

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0