Балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан баланы асырап алушыға арналған нұсқаулық

29 қараша 2016 - Админ

     Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер базасы өз жемісін беруде. Балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың саны айтарлықтай азайды. 
Мәліметтер базасының жариялануымен қатар, еліміздің 17 қаласында ата-аналар психолог және тәрбиеші мамандардан кәсіби кеңестер алу мүмкіндігін беретін арнайы орталықтар ашылды.

 

     Бүгін біз сіздерді баланы асырап алудың алғышарттарымен таныстырғымыз келеді. Егер сіздің немесе сіздің жақындарыңыздың бала асырап алу ниеттеріңіз болса, онда мынадай құжаттар қажет екендігін ескеріңіз: 


• жеке куәліктің көшірмесі; 
• жақын туыстардың (ата-анасы, бауырлары)өз еркімен жазылған келісім бергендігі туралы жазбаша хат + жеке куәліктің көшірмесі; 
• бала асырап алу және тұрмыстық жағдайды зерттеу туралы арыз беру; 
• кіріс туралы анықтама (соңғы 12 ай ішіндегі); 
• отбасылық жағдайы туралы анықтама (отбасылыларға — неке қию туралы куәліктің көшірмесі, нотариуспен расталмаған), (отбасылы еместерге — некеде тұрмайтындығы туралы нотариуспен расталған анықтама); 
• ХҚКО мекен-жай туралы анықтама; 
• жеке меншік үйінің бар екендігін растайтын құжаттың көшірмесі, жалға алған үйге құқық туралы келісім шарт; 
• сотталмағандығы туралы анықтама (ХҚКО 10 күн ішінде алуға болады); 
• асырап алушының денсаулығы жөніндегі, оның ішінде психикалық, наркологиялық, алкогольдік тәуелділік бойынша тізімде жоқтығы туралы анықтама. (поликлиникаларда беріледі).

 

Барлық қажетті құжаттар жиналған соң, бала асырап алу процесі2 айға жуық уақытты алады. Қорғаншы және қамқоршы органда сіз туралы мәліметтерді 15 күн ішінде асырап алушылар тізіміне енгізеді (10 күн ішінде тұрғын үй жағдайы туралы зерттеу жүргізіледі, 5 күн ішінде баланы асырап алуға рұқсат берілу берілмеуі туралы акт жасалады).

 

Білім және Ғылым министрлігінің Фейзбуктегі парақшасынан алынды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1870908

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар