Білім министрлігі жекеменшік бала бақша ашуға шақырады

11 қараша 2016 - Админ
Білім министрлігі жекеменшік бала бақша ашуға шақырады

     

       Білім және Ғылым министрлігі бала бақша ашуда мемлекет тарапынан болатын жеңілдіктер туралы айта келе, кәсіпкерлерді жекеменшік бала бақша ашуға шақырды. Бұл туралы аталған министрлік өзінің фейзбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Назар аударыңыз, кәсіпкерлер іздестірілуде!

     Балабақшаларды ашқан құрметті кәсіпкерлер, қазақстандықтардың келешек ұрпағын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін өз алғысымызды білдіргіміз келеді. Кәсіпкерлік қызметтің осы саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбектерінің арқасында балабақшалардағы және шағын орталықтардағы орындардың саны айтарлықтай өсті. Бұл балалардың барынша көп санын сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік береді. Алайда, балабақшалардың жетіспеушілігі мәселесі бәрібір қалуда. Қазіргі таңда, елдегі мектепке дейінгі жастағы балалардың тек 74%-на орын жетеді. Республикада 175 мың бала баратын 2000 астам жеке балалар бақшасы жұмыс істейді. Бұл мектепке дейінгі білімді дамытуға аса мол үлес.

 

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – балаларды мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен толық қамту. Сол себептен мемлекет кәсіпкерлерге балабақшаларды ашу үшін жеңілдіктер ұсынады.

 

Егер сіз кәсіпкер болсаңыз және балабақша ашуға бел бусаңыз, мемлекет ұсынатын салықтық жеңілдіктерге назар аударыңыз:


— табысқа салық салынбайды (135-бап «Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу»);


— қосымша құн салығын төлеуден босатылады (253-бап «Мәдениет, ғылым және білім саласындағы қызметтер, жұмыстар»);


— тиесілі мөлшерлемелерге жер салығын есептеу барысында 0,1 коэффициенті қолданады (387-бап «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету»).

 

Балабақшаны ашу үшін не керек:


1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген ЖШС;


2. Мектепке дейінгі білім беру нысандарына қойылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін ғимарат;


3. Төтенше жағдайлар департаментінің қорытындысы;


4. Санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы;


5. Өртке қарсы сигнализация жабдығы;


6. Қызмет үшін қажетті жабдық: жиһаз, жұмсақ құрал-саймандар (перделер, кілемдер, төсек-орын тыстары және т.б.);


7. Мектепке дейінгі және мектеп алдындағы дайындық үшін оқу бағдарламаларының, әдістемелік құралдардың, оқу әдебиеттерінің, сондай-ақ ойыншықтардың, кеңсе тауарларының және т.б. болуы;


8. Ашу туралы Білім және ғылым саласын бақылау департаментінің хабарламасы.

 

Жуырда біз балабақшаларды ашатын және «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін, республиканың әртүрлі аумақтарындағы кәсіпкерлер туралы айтамыз. Жаңалықтардан хабардар болу үшін біздің парақшамызға жазылыңыздар.

Осыған ұқсас жазбалар:

Білім жаңалықтарыБілім және Ғылым министрлігі ағылшын тілі курсына келген мұғалімдеріне төленетін стипендия туралы айтты

БастауышБала тілі -бал

БаяндамаМЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ САБАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бастауыш«Ш» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру

ХимияҒажайып ғылым. Интелектуалды ойын. Не? Қайда? Қашан?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1843645

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар