Көп ұстаздан бас ұстазға ашық хат

19 маусым 2015 - Админ
Көп ұстаздан бас ұстазға ашық хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

А.Б.СӘРІНЖІПОВ мырзаға


Қадірлі Аслан Бәкенұлы!

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаева Мұхтар Шахановқа жолығып, әкімшілік құрылым қызметкерлеріне тиісті жұмыстардың барлығы дерлік мұғалімдерге артылғаны және толып жатқан әншілердің концерттеріне билет өткізу мұғалімдерге жүктелетіні, барлық қарсылық «жұмыстан кет» деген сөзбен басылатыны жайлы шындықты жеткізген еді. Сонымен қатар, аудан әкімі тарапынан ұйымдастырылған сенбілікке бүкіл аудан ұcтаздары наурыз айының 26-28 аралығында, сәуірдің 4-нен 13-не дейін он күн бойы сенбілікке шығарылғаны, оған наразылық білдіргені үшін жазықты болғанын да баяндап берген болатын.

Білім саласында болып жатқан мұндай келеңсіздіктерге бей-жай қарай алмаған Мұхтар Шаханов өзі баcқаратын «Жалын» журналының тілшісі Жанна Иманқұлға Айман Сағидуллаеваның жазып келген мақаласын баспаға дайындауға тапсырма беріпті.

«Мұғалімдердің мүшкіл халі. Оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» деген тақырыптағы мақала «Жалын» журналының 4-санында, басылып шықты. Бүкпесіз, таза шындыққа құрылып, мұғалімдердің қоғамымыздағы мүшкіл халін ашып көрсеткен еңбекті «Қазақстан заман», «Төртінші билік», «Ашық алаң» т.б. газеттер мен «Абай.кз», «Ұлт.кз», «Қамшы» сияқты интернет сайттары да жарыса басты. «31 арна», «Таң» телеарналары әділетсіз жүйе тудырып отырған жағдайлар туралы арнайы репортаж жасады. Ал, әлеуметтік желілерде ойлы, саналы азаматтар тарапынан қызу талқыланып, әр аймақтан мұғалім мұңына ортақтасқан жандар бұл бастамаға белсенділік танытып жатты.

Осы мақалада көтерілген мәселелер негізінде Мұхтар Шахановтың өзіңізге арнаған қазіргі уақыттағы ұстаздар қауымына қатысты күрделі мәселелерді шешуді сұраған ашық хаты «Абай.кз», «jetysunews» ғаламтор сайттары мен «Жас Алаш», «Қазақ елі» газеттерінде жарық көрді.

«… Ең алғаш үлкен деңгейде көтерілген ұстаздар қауымының құқығы тапталуына қарсы бұл батыл бастама қазір қоғамда үлкен қозғау туғызды. Мұндай жағдайларды бірінші рет естіп жүрген жоқпыз. Немесе бұл тек Айман Сағидуллаеваның басындағы жағдай емес. Біз сізге «Мұғалімдердің мүшкіл халі» деген мақаланы түсініп қайта оқып шығуға кеңес береміз. Онда көтерілген мәселелер тек бір мектеп не бір аудандағы жағдай емес. Себебі бұл мақаланы қолдап, пікір білдірген адамдарда есеп жоқ. Өзектілігі болмаса ақпарат құралдары бір-бірінен көшіріп баспас еді…

… Тығырыққа тірелген, қоғамның назарын аударған мұғалімдер мәселесін шешу алдымен Білім және ғылым министрлігінің тікелей қорғауында, қолдауында болуы қажет» деп, орынды сын, дұрыс пікір айтылған Мұхтар Шахановтың бұл хаты ұстаздар қауымының топтасып, нақты әрекетке көшулеріне мұрындық болды.

Келешек ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін барын салатын ұстаздарымыздың қазіргі қоғамдағы орнын белгілеп, мәртебесін көтерудің уақыты келді. Мұғалімдерге қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін мынандай ұсыныс-талаптар қоямыз:

*****

1. Тәуелсіз елімізде орны төрде болуға тиісті ұлағатты ұстаздарымыз әкімшілік пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбіс, жалтақ мұғалімдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ күтеміз? Мұғалім азат болмай, оқушы еркін ойлы бола алмайды. Сондықтан, облыстық, аудандық білім басқармаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімшіліктен өз құзіретіне өткізіп алуы керек! Бұл мектеп мұғалімдерін сайлау, санақ, сенбілік, газет-журналдарға жаздыру, концертке билет алғызу т.б. секілді түрлі науқандардан құтқарудың негізгі жолы;

*****

2. Мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинаудың алдын алу үшін әр оқу орнына жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты баспасөз беттерінде жариялау;

*****

3. ҰБТ-дің кемшілігі жетерлік! Және ҰБТ-дің қолданыстағы форматы еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен («Кембридж технологиясы») қабыса бермейді. Сондықтан ҰБТ-ді барынша жетілдіру қажет.

*****

4. Мектеп басшылығы мен мұғалім арасындағы келісімшарт 1 жылға ғана жасалады. Мектеп басшылары осыны пайдалана отырып мұғалімдерді айтқанынан шығармай, айдауына көндіре алады. Келесі оқу жылында жұмысқа қабылдану, сағаты мен жүктемесін қысқартпай алуы үшін тағы пара беретін жайттар да көптеп кездеседі. Осы жағдайларға орай, келісімшарт мерзімін ұзартып, мұғалімдерді қызметке қабылдау үшін пара алу фактілерін түбірімен жоюдың амалдарын қарастырады деп сенеміз.

*****

5. Түрлі тексерулер мен сынақтарға арналған оқушының біліміне қосар үлесі аз қағаздарды ұстаздарға толтырта берудің дәл қазіргі технологияның дамыған уақытында қажеті шамалы. Сондықтан мұғалімдер біліктілігі мен оқушылар білімі ілгерілесін десек артық қағазбастылықтан құтылу керек.

*****

6. Бір мекемеде басшылық қызметте 15-20 жылдап отыру таныстық-тамырластыққа апарады, ол ары қарай сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа ұласып кетеді. Сондықтан мектеп директорларының бір орында тапжылмай ұзақ отыруына мүмкіндік берілмесін.

*****

7. Мектепке жан-жақтан келетін тексерулердің барлығы дерлік тек ақша жинаудың амалы. Ол тексерістерден оң баға алу үшін тағы да мұғалім қалтасындағы қаражатынан қағылады. Сондықтан қаптаған тексерістердің қажеттісін ғана қалдырып, керексізін мүлде алып тастау қажет.

*****

8. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі №319 Білім туралы Заңы 51-бабының 4-тармағында «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындау мен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді» деген заң тармағы біздің талаптарымызбен толықтырылуын әрі нақты күшіне енуін сұраймыз.

*

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ,

Шымкент қаласындағы А.С.Макаренко атындағы

№41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;

Айзат РАҚЫШЕВА,

Алматы қалалық №156 мектептің мұғалімі,

«Қазақстан-заман» газетінің тілшісі;

Молдағали МАТҚАН,

жазушы, академик, қоғам қайраткері;

Қасен Сержан

www.ped.kz Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы сайтының бас редакторы

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ,

қоғам қайраткері, математик;

Марал ДАДИЕВА,

Қарағанды қаласы,

қазақ тілін дамыту орталығының маманы;

Хурмет НҰРСОЛТАН,

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

№ 10 орта мектеп мұғалімі;

ИСАБЕКОВА Гүлнар Аждаровна,

Қызылорда қаласы,

ағылшын тілі мұғалімі, Химия-Биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің зейнеткері;

БЕЙСАЛИЕВ Омарбек Сәрсенбайұлы,

Тараз қаласы, Достоевский бұрылысы 5-үй, 39-пәтер

зейнеткер;

МЕЙІРЖАН Темірбек,

Тарбағатай ауданы

НҰРСЕЙІТОВА Маржан Жұмағазықызы,

Қостанай облысы, Қостанай ауданы Целиный көшесі, 23-үй

Шишкин орта мектебі ұстазы;

ҒАБИДЕН Жәкей,

Ғ.Мүсірепов қорының төрағасы;

ТӨЛЕКОВА Мария,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Математика пәні мұғалімі;

ТЕМІРЛАН Жанбота,

Ақмола облысы, Шортанды ауданы

Тарих пәні мұғалімі;

Нұрболат ӨТЕГЕНОВ,

Ырғыз ауданы

№ 1қазақ орта мектебі мұғалімі;

Айтқожа ФАЗЫЛОВ,

Қарағанды қаласы

Профессор;

ҚОЙГЕЛДИНОВА Жазира Нұрбекқызы,

ШҚО Үржар ауданы, Қабанбай ауылы

Б.Майлин орта мектебі мұғалімі;

Ербол РАХПАНОВ,

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Аймауытов көшесі 15-үй,

Құрылысшы;

БАЙДОЛДА Умиргул,

Екібастұз қаласының №21 мектебінің

математика пәні мұғалімі;

Əділжан ОРАЗБАЙҰЛЫ,

Шымкент қаласынан.

Әділжан ОРАЗБАЙҰЛЫ,

Шымкент қаласы,

Сауда орталығы;

Байтуков Арсен Қастайұлы

Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры,

Қол қою жалғаса береді.

P.S. Мына хат біздің болашағымызға жол бастайтын бірден-бір мүмкіндік болуы ықтимал. Сондықтан хатты қағазға шығарып алып халықтан қол жинап берсеңіздер екен. Қол қойғандардың барлығы мұғалім болуы міндетті емес.

Қол қойылған хаттарды менің телефоныма қоңырау шалу арқылы маған табыстай аласыздар. Мен сіздерсіз ештеңе жасай алмаймын. Көмектесетіндеріңізге сенемін!

Айман Сағидуллаева

Байланыс телефонымның нөмері:8 775 253 85 30

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1917224

Пікірлер (20)
Арсен # 20 маусым 2015 в 10:53 0
Мен де қосыламын! Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, Байтуков Арсен Қастайұлы
Кмелов Қуаныш # 22 маусым 2015 в 01:24 0
Астана қ., "РТРК Қазақстан" АҚ техникалық маманы
Gulmira # 22 маусым 2015 в 09:01 0
Мен де қосыламын
Гүлмира Асирова, Алматы қаласы
Ерлан Кусаинов # 22 маусым 2015 в 12:27 0
мен де колдаймын.
Алия # 23 маусым 2015 в 00:56 0
Масқара,бұдан да өзекті,бұдан да маңызды жайттер бар ғой!Соншама дауыстап айтылған әңгімелеріңіз "Ауыл үйдің өсегі" боп кетпесін.Қазіргі қоғам мұғалімін қорғай алмайтыны рас.Алайда,шұбатылған ащы шектей болған "негелердің" бір ұшы мұғалім сабаздардың өзінде емес пе екен!??
Алмагүл # 13 шілде 2015 в 12:43 0
Ұрпақ тағдырынан маңызды не болушы еді?Мұғалім келешек ұрпақты жаңа өмірге дайындайды.Егер оқушыға білім беретін уақытын көше сыпыруға жұмсаса келер ұрпақ білімді қайдан алады.Одан сорақысын айтайын Көкшетау қаласында жекеменшік Көкшетау университеті бар ,сол университетте диплом ақшаға сатылады,мысалы оқымай алсаң 500 мың,бір жыл оқысаң 400 мың,екі жыл оқысаң 300 мың ақша төлейсің.Тіпті әскерге кеткен бала құжаттарын тапсырады,ата анасы барып орнына емтихан тапсырады.Баласы армиядан келгенде дипломға ие болады.Сол сатып алған дипломмен мектепке келіп мұғалім болады.Біз төрт,бес жыл мемлекеттік оқу орнынында оқыған біз аз сағатпен жұмыс істесек,олар толық ставка алып алады.Мәселе қайда жатыр,бәрі жемқорлықта жатыр.
Бектурсын # 23 маусым 2015 в 14:41 0
Колдаймын
Базаргул Агимбекова # 30 маусым 2015 в 21:50 0
Меніңше ұстаздар туралы заң қабылдануы керек.Сонда ұстаздардың міндеттері мен құқықтары ашық көрсетілуге тиіс.
Алмагүл # 13 шілде 2015 в 23:41 0
мен де қосыламын
Айгүл Еcеналиева # 17 шілде 2015 в 01:00 0
мен де қолдаймын
Гулжамал # 16 тамыз 2015 в 18:04 0
Мен де колдаймын
дулат # 20 тамыз 2015 в 14:30 0
менде қосыламын мұғалімге қарап оқушы үлгі алады . мұғалімдерді газетке күштеп жаздыру , мұғалім өзі қалаған керек газетке жазыла алмайды. газет оқыған жақсы , дек сол газеттерде рухани байлық беретін ештеңе жоқ.
Омаргазина Роза Мұхтарқызы # 1 қыркүйек 2015 в 04:24 0
көтерілген мəселеге мен де қосылам мұғалімнің мəртебесі төмен екенін көзіміз көріп жүр жүректі ауыртады.Жаңа бір серпіліс керек
Омаргазина Роза Мұхтарқызы # 1 қыркүйек 2015 в 04:29 0
Мен де қосыламын мұғалімнің мəртебесінің төмен болуы жүректі ауыртады.Тіпті қағазбастылықтан бас алмаймыз соның еш пайдасы жоқ.
Бәрібір түзелмейді.... # 4 қыркүйек 2015 в 17:26 0
Жалпы, мұғалім - елді азғындықтан, арамдықтан, надандықтан, тәрбиесіздіктен құтқаратын құдіреттің иесі болуға тиісті. Қазіргі таңда алтын басын - есікке сүйреп, ел тентіретіп, телміртіп қойды. Идеал болудың орнына - ерегістің басы болды. Қайран халқым-ай, қашан етек-жеңімізді түзеп ел қатарлы өмір сүреді екенбіз. Әрқайсысының орнын біліп, істеген ісіне тән жалақы беріп, халықтың қамын кім жейді екен, жалпы ондай адам бар ма, ішіп-жегеннен басқа ештеңе білмейтін шөпкетышар, ақжағалылардың ортасында?.
Гүлнар # 30 қыркүйек 2015 в 17:10 0
Көтерілген мəселеге мен де қосыламын, мұғалімнің мəртебесі төмен екенін көзіміз көріп жүр жүректі ауыртады.Дей тұрғанмен "Мұғалім" деген атқа лайық емес мұғалімдер де бар.
Лаззат Баймуратова # 1 қазан 2015 в 22:16 0
Қазақстанға қарап,небір сорақылықтарды көре бастадық,қағаз жазып,отыра берсек,оқушыларға кім білім береді,Байқоңырлықтардың ішінен де жағымпаздар мақтай берер ,бірақ бізді ауылдың мұғалімдерімен бірге жарыстырып,бармақ басты,көз қысты деп көзімізді бақырайтып,аудандық сайыста "ООН" деген сөз қалай еді,мен орыс тілінен сабақ беретін болғандықтан қазақша айта алмаймын,орыс тілінде айта берейін,деп біресе орыс тілінде,біресе қазақ тілінде шұбарландырып,сөйлеген мұғалім І орынға ие болғанда таң қалдым.Жосалының(аудан орталығы,кәдімгі қазақы елді мекен) оқушылары қалай орыстанып кеткен бе,тәрбие саласына қатысты нәрселер орыс тілінде өтетіндей,деп,орыстардың арасында тұрсақ та тәрбие жұмысымызды ана тілімізде өтеміз.Үш тілді білу деген үш тілді араластырып,сөздің сәнін кетіру емес қой.Бұндай әділетсіз өтетін іс-шараларға мен енді қатыспауды жөн көрдім.Алға деп ұстаздар көзбояушылық жасаса қайда барамыз,әлде оның ар жағында бір маған беймәлім себептер бар ма екен кім білсін?
Лаззат Баймуратова # 1 қазан 2015 в 22:31 0
Ауылдың мұғалімдері дегеніме ешкім ренжімесін,Жосалылықтар сол үшін ауылдық квота алатынын жақсы біледі,ал Байқоңырды қала деп,ешқандай квота берген жоқ,бірақ Жосалы өзіміздің ауыл ғой ,соған қараймыз.Біздер орыстардың арасында жүріп ,солардың алдында өзімізді төмен деп,айтпасын деп,әбден намысқа тырысып үнемі әр ісімізді тиянақты,жоғарғы дәрежеде көрсетуге тырыстық.Білім саласына келгенде орыстар мықты екенін бәріміз де білеміз.Мен Байқоңырда жүріп,пара беру дегенді білмеймін.Тіпті аттестация кезінде де .
Фарида # 27 қараша 2015 в 17:24 0
Көтерілген мәселе өте орынды.Қазіргі кезде мұғалім беделінің жоқ екенін бәріміз білеміз.Өз еңбек ақымыздың аз екенін біле тұра тексеруді көбейтіп, қалтамызға түскенін доғарса екен.
Талғат # 6 қаңтар 2016 в 17:46 0
Мектеп басшыларын аттестациядан өткізіп, санат беру керек. Көбінесе олар шығармашылықпен айналыспайды. Басшы пара арқылы билікке келген соң орнын толтырып, "тіректерін" асырауға кіріседі.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар