0 сыныпта оқушыларды пилоттық оқыту бойынша қосымша түсіндірме

20 қараша 2016 - Админ
0  сыныпта оқушыларды пилоттық оқыту бойынша қосымша түсіндірме

     2016 жылдан 1 сынып оқушылары бірыңғай оқу бағдарламасы, бірыңғай базалық оқулықтармен білім алды. Ата-аналардың пікірінше, мектепалды дайындық тобындағы (0 сынып) балалар да осылай бірыңғай оқу бағдарламаларымен оқытылуы қажет.

     Себебі, мектепалды дайындық тобында (0 сынып) бірыңғай оқу бағдарламаларымен және бірыңғай базалық оқулықтармен оқымаған балаларға 1 сыныпқа келгенде бірыңғай оқу бағдарламаларын игеру қиындық тудырады.

 

    Әлі күнге дейін 1 сыныпқа келген балалардың білім деңгейінде сәйкессіздік байқалады. Кейбірі кітапты еркін оқи алады, сандарды құрай және санай алса, ал кейбірі тек бірқатар әріпті ғана біледі. Балалардың бір деңгейде дайындалмауы салдарынан білім сапасының төмендеуі және оқу процесінің жүйесіздігіне алып келеді. Бұл деген бір бала оқу материалдарын жай қабылдай бастаса, кей балалардың іші пыса бастайды.

   Осыған байланысты мектепалды дайындық тобын 0 сыныптарда дайындау мәселесі ата-аналар мен мұғалімдер үшін өте маңызды болып тұр.

 

      Еліміз бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 0 сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу жоспарлануда. ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі мектепалды дайындық топтарына, білім мекемелеріндегі мектепалды дайындыққа (0 сынып) бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу жоспарлануда.

 

    Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірлерінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгерулері қажет.

 

     5-6 жастағы балаларға  үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады.

 

    1 сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикаларды жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған.

 

    Халықаралық тәжірибелерді зерттеп, бұл елдердің де осы жолды таңдағандарын көруге болады. Мысалы, Беларусияда «Әліппе» 2-5 жастағы бөбектер үшін шығарылған. «Әліппенің» ерекшелігі – әрбір әріпке сәйкесінше қайталанбас образдар берілген, осыған орай балалар әріптерді ынтасымен үйреніп, өзара ұқсас әріптерді алмастырып алмайды. Ресейде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін электронды «Әліппе» жасалған. Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстар мен екпіндермен, буындармен және сөз тіркестерімен ойын түрінде танысады.

 

    Қазіргі таңда ҚР БҒМ 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букварь») оқулығын әзірлеуді бастады.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1532008

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru