Білім жаңалықтары

2016 жыл Грант иелерінің толық тізімі. Результаты грантов 2016 года

Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия бүгiн жұмысын бастады. Комиссия мүшелерi 12 тамызға дейiн жұмысын қорытындылап, грант иелерiн 12 тамызға дейiн жариялайды

9 тамыз 2016 - Админ | 641 көру
Орта білім беру мекемелерінде 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы

2016 жылдың 1 қыркүйегінде бүкіл қазақстандық мектептерде, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, 2016/2017 оқу жылы басталады. 

6 тамыз 2016 - Админ | 1677 көрілім
ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет номинациялар бойынша берiледi.

6 тамыз 2016 - Админ | 725 көрілім
Қазақстан мектептерінде электронды күнделіктер қолданылмақ

Қазақстандағы мектептер қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады. Бұл туралы "Күнделік" ЖШС бас директоры Александр Григорян хабарлады.

6 тамыз 2016 - Админ | 978 көрілім
Ерлан Сағадиев министр болған 78 күнде не бітірді?

Ерлан Сағадиев министр болған 78 күнде не бітірді?

Ерлан Сағадиевтің министр лауазымын атқару кезінде ҚР білім беру жүйесіндегі стратегиялық маңызды құжаттарға қол қойылды.

3 мамыр 2016 - Админ | 1059 көрілім
Биыл қыркүйектен бастап мектептердің қағаз жүзіндегі есептері қысқартылады

2016 жылғы қыркүйектен бастап мектептердегі қағаз есептілікке тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

27 сәуір 2016 - Админ | 1037 көрілім
Білім саласына биыл енгізілетін үшінші жаңалық

«100 нақты қадам» — Ұлт жоспарындағы 76-қадамға сәйкес экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше (OECD -ЭЫДҰ ) елдердің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту көзделгені белгілі. Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу туралы бастаманың көтерілгеніне де біраз жыл болды. Осыдан 2-3 жыл бұрын бірнеше мектепте аздаған сыныпқа ғана эксперимент түрінде осы жүйе енгізілді. Енді биылғы оқу жылынан бастап, барлық мектептерде 12 жылдық білім жүйесі енгізіледі. Білім және ғылым министрлігінің бұл жаңалығында қандай жетістік бар? Ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Саралап көрелік...

21 сәуір 2016 - Админ | 1105 көрілім
Жазғы демалыс күндерінің қысқаруына байланысты Білім министрлігінің мәлімдемесі

Ғаламтор желісінде жұртшылық оқушылардың бес күндік оқу аптасына көшуіне және жазғы демалыс күндерінің қысқартылуына байланысты алаңдауда.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мәлімдейді:

7 сәуір 2016 - Админ | 1159 көрілім
Білім министрі Е.Сағадиев мектеп формасын өндірушілердің көрмесіне қатысты

 Бүгін «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің форум-көрмесі өтті. 
Форум мектеп формасын өндірушілері мен мектеп директорлары, ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі арасында ашық диалог құру, проблемаларды анықтап, олардың тиісті шешімін табу мақсатымен ұйымдастырылған. 

6 сәуір 2016 - Админ | 735 көрілім
ҰБТ туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат жалған

ҰБТ туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми хабарламасы.

6 сәуір 2016 - Админ | 725 көрілім
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМДЕРІ БЕКІТІЛДІ

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдау мерзімдері бекітілді.

Ағымдағы жылы құжаттарды қабылдау үш кезеңде өтеді:

11 наурыз 2016 - Админ | 584 көру
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушы қабылдау конкурсы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2016-2017 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің           7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

1 қаңтар 2016 - Админ | 1663 көру

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru