Жаңалықтар

"НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ" атты ҚР Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні + видео

НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

Құрметті қазақстандықтар!

Уақыт күтіп тұрмайды. Дағдарыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Бұның салдарын біз көріп отырмыз. Оның үстіне, Ресей мен Батыстың арасындағы бір-біріне санкция жариялау мәселесі бар, басқа жағынан алып келгенде, Таяу Шығыста болып жатқан жағдайлар бар. Осының барлығы Қазақстанға өзінің ықпалын тигізеді. Сондықтан, біз осыған қарсы шара қолдануымыз керек. Халықтың сенімін ақтау үшін қиын-қыстау жағдайда елді аман-есен алып шығу жағдайларын ойлау керек.

11 қараша 2014 - Админ | 7012 көрілім

Sportnews.kz сайтының графикалық редакторы Ернұр Шүкірәлиев Алматы қаласын бір минуттың ішінде аралап шыққан.

20 жастағы жігіт Алматыны аралаудың өзінше бір әдісін ойлап тауыпты: ол Алматы қаласының белгілі аймақтарында серуендеп жүрген сәтін видеоға түсіріп, оны Premiere pro, After effects видеомонтаж бағдарламалары арқылы 60 секунд ішіне сыйдырған. Автордың айтуынша, бұл бір минуттық видеороликті ол 3-4 апта бойы түсірген, себебі кей күндері түсіруге мүмкіндігі де болмапты.

8 қыркүйек 2014 - Админ | 1970 көрілім
"СӘРІНЖІПОВ СТАНДАРТЫ" ҚАЙ ЖАҒАҒА СОҒАДЫ?..

Елімізге танымал ғалым, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайыновтың «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №48 санында жарияланған «Стандартты сарапқа салайық» атты мақаласында 2015 жылы қолданысқа енгізілгелі отырған 12 жылдық білім беру стандарты жобасының кемшілік тұстары жөнінде жарияланған мақаласын оқып отырып, ой түйіндеп, біз де өз пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік. Қай мемлекетте, қай қоғамда болмасын, білім беру – қоғам дамуындағы бәсекелестікке қабілеттіліктің басты көрсеткіші. Баланың мектепте алатын білімі оның өмір сүру деңгейіне, ортаға бейімделе білуіне әсер етеді.


10 маусым 2014 - Админ | 2424 көру
Кабинетті жөндуден өткізу мұғалімнің міндеті ме?

Оқу жылы аяқталып, мектептерде жөндеу жұмыстары басталды. Мұғалімдер «кабинетімізді өз ақшамызға өзіміз жөндеп жатырмыз» деп шағымданады. Ал министрлік пен басқарма мұның заңға қайшы екенін айтады.

2 маусым 2014 - Админ | 3406 көрілім
Ресей Украинаға басып кірмек

Кеше (01,03,2014)  Ресей мемлекеттік думасы Путиннің ұсынысын қабылдады, яғыни Ресей Украинаға әскер кіргізуге шешім қабылдады, бұдан бұрын белгілі болғанындай Украинада басталған Ресеймен интеграциялануға қарсы топтың көтерілісі, 3 айға жалғасып, соңында Украина президенті Виктор Януковичті тақтан тайдырып тынған еді.

2 наурыз 2014 - Админ | 1803 көру
Қытай елінің 10 ірі масқарасы

1949 жылы азаттығын алып коммунистердің басқаруына өткен, елімізде аспан асты елі деп әспеттеліп жүрген алып көршіміздің, жетістігін айтып бүкіл дүние жүзі тамсанумен келеді, шынымен бұл елдің экономикасы 1978 жылы қытайдың сол кездегі басшысы Дың Шиау Пин ел басқару жүйесіне түбегейлі реформа жасағаннан бастап қарыштап дамыды, деседе бұл елдің әлі де артта қалып келе жатқан, басқа елдердің алдында жерге қарайтындай салалары да жетерлік, сол салалардың ішіндегі ең өзекті деген онын саралап көрелік.

26 ақпан 2014 - Админ | 2900 көрілім
Сочи олимпиядиясының ашылу салтанаты

Төрткіл дүниені дүбірлеткен кешегі күннің ең басты оқиғасы, Сочи олимпиядасының ашылу салтанаты екендігі сөзсіз, 7 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 20:14 те басталуының мәні 2014 жыл дегенді білдірсе керек,  әзірге ашылу салтанатындағы айбынды көріністерді тамашалаңыздар.

8 ақпан 2014 - Админ | 2025 көрілім
Қазақстандық оқушы математикадан бүкілресейлік байқаудың жүлдегері атанды

Мектеп оқушысы Әділсұлтан Лепес математикадан бүкілресейлік байқауда үздіктер қатарынан көрінген.

5 ақпан 2014 - Админ | 2071 көру
500 бірлікке ие болған алғашқы ұстаз белгілі болды.

Естеріңізде болса өткен аптада «500 бірлік ұтып ал» деген шара ұйымдастырған болатынбыз, 

4 ақпан 2014 - Админ | 2265 көрілім
Қытайлық қандастарымыз "Күміс көмей" атты ән байқауын ұйымдастырды

2013 жылдың күзінен басталған "Қазақстан дауысы" ән байқауының аяқталғанына көп бола қойған жоқ, бұл байқау негізінде  2010 жылы голландтық  RTL4 телеарнасында жарық көрген The Voice of Holland түпнұсқалы форматының  қазақстандық нұсқасы болатын, біздің бас телеарнамыз осы форматтағы байқауды өткізу үшін Голландиялық телеарнаға қыруар ақша төлегендігі белгілі. Жақында Қытайда тұратын қандастарымыз осы байқаудың жалғасы ретінде «Күміс көмей» атты телевизиялық ән байқауының басталғандығын жариялады

3 ақпан 2014 - Админ | 1956 көрілім
Қытайдың төл жаңа жылы бүгін түнде кіреді

 Бүгін түнде қытайдың ескіше күнтізбесіне сай жаңа жыл кірмек, бұл күн Қытайда 3 күн бойы тойланады, әрі барлық мекемелер бір аптаға демалысқа шығады, дәстүр бойынша сыртта жұмыс істейтін отбасы мүшелері бұл күні қарашаңырақта бас қосуға тырысады, сол себептен алдағы бірнеше күнде Қытайдың көліктік тасымал саласы алапат қарбаластыққа түсіп барлық бағыттарда билет тапшы болады

1 ақпан 2014 - Админ | 2000 көрілім
"Ғаламшар зеректері – 2014" байқауынан Талдықорғандық жеткіншектер олжалы оралды

  «Талдықорғандық оқушылар Мәскеуде өткен «Ғаламшар зеректері – 2014» халықаралық олимпиадасынан олжалы оралды», – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасы.

29 қаңтар 2014 - Админ | 1263 көру

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар