Тренинг: «Зейін, ес, қиял – өзгеше бір әлем»

31 наурыз 2016 - Майра Менлибаева

Тренинг

Тақырыбы: «Зейін, ес, қиял – өзгеше бір әлем»

 

         Бала ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен бірге зейін, қиял, есте сақтау, ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.

 

Мақсаты: а) Білімділік: Балаларды ұжымдық шараларға қатысуға,

                                             педагогтың ұсынысы мен талабын тындай,

                                             түсіне білуге және оны орындауға үйрету. 

                   

                   ә) Түзете — дамытушылық: Балалардың зейінін, есте сақтау

                                             қабілетін, тілін, қиялын дамыту.

                                             Сөздік қорын, ұсақ қол қимылдарын дамыту .                                                 

                   

                  б) Тәрбиелік: Балаларды ойындарға белсенді араласуға тәрбиелеу.

 

Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта

Көрнекіліктер:  ағаш, қапшықтар, суреттер, ойыншықтар, слайд

 

Әдіс – тәсілдер:  Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.

 

Тренинг ережесін қабылдау:

1.     Жұмыс барысында тыныштықты сақтаймыз.

2.     Жұмыс аяқталған соң орын жинастырамыз.

3.     Достық қарым-қатынасты сақтап бір-бірімізге көмектесу.

 

Тренинг 6 бөлімнен тұрады:

1-    тапсырма –  «Айна»

     2-  тапсырма – «Екі суреттердің бір-бірінен айырмашылығын тап?»

     3 – тапсырма – «Бірдей бас киімдер мен қолғаптарды сызықпен қос»

     4 – тапсырма –  Қимылды ойыны: «Ойыншықты тап»

5 – тапсырма – «Ғажайып жануарлар» (Суретші нені шатастырды)

6 – тапсырма – «Еске түсіреміз және қайталаймыз»

 

Тренинг барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызады.

Кел, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

— Балалар, бүгінгі тренинг-сабақ – ертегідей болады.

Құстардың дауысы жазылған үнтаспаны тыңдайды.

-         Бұл ненің дауысы?

-         Құстардың дауысы.

ІІ. Психологиялық сәт

Жылулық шеңбері:

-         Балалар, сиқырлы таяқшаның көмегімен сендерді құстарға айналдырамын.

Құстар қанат қағады,

Құстар қанат жаяды.

Аспанда қалықтап,

Құстар ұшып-қонады.

-         Балалар не көріп тұрсыңдар?

-         Қандай әдемі ағаш! Бұл – ғажайып ағаш.

-         Ғажайып ағашта – сиқырлы қапшықтар өседі. Сиқырлы қапшықтарда – тапсырмалар бар. Әр орындалған тапсырмаға, сендерге сыйлық береді – әдемі кубик.

Тренинг-сабақ барысында көңілді музыка әуені үнтаспадан қойылады.

 

ІІІ. 

1-ші қапшықта – айна.

1 — тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Айна»

Мақсаты: балалардың қиялын дамыту.

Шарты: Балалар,  бет әлпеті қандай екенін аңықтайды және оның бет әлпетін атайды.

-         Сендер айна боласыңдар, ал мен оған қараймын. Менің көңіл-күйім қандай? (жайдары, ашуланшақ, қуанышты, ренжулы)

-         Сендердің көңіл-күйлерін қандай?

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік.

Жарайсыңдар, балалар! Ойынымызды әрмен қарай жалғастырайық.

 

2-ші қапшықта – екі дөңгелек

2 – тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Екі суреттердің бір-бірінен айырмашылығын тап?»

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.

Шарты: Жұп суреттерге қарап барлық айырмашылықтарды табу.

Жарайсыңдар, балалар. Өзімізді қошеметтеп қояйық.

 

3-ші қапшықта — суреттер

3 – тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Бірдей суреттерді тап »

Мақсаты: Балалардың зейінін шоғырландыру.

Шарты: Балалар суретке қарап бірдей суреттерді табу сызықпен қосу.

 

 

 

4-ші қапшықта – сәбіз, банан

4 – тапсырма: Қимылды ойыны:  «Ойыншықты тап»

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.

Шарты:

-         Сиқырлы қапшықта не бар екен? Мынау не?

-         Сәбіз

-         Қандай жабайы аң, сәбіз жегінді ұнатады, оның ұзын құлағы, төрт аяғы бар?

-         Бұл — Қоян. Қане, кім қоянды табады?

-         Мынау не?

-         Банан

-         Қандай жануар, бананды жақсы көреді, олар өте ақылды, ағаштан ағашқа секіреді?

-         Бұл – маймыл. Кім маймылды табады?

 

5-ші қапшықта – бояу, қылқалам

5 – тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Ғажайып жануарлар»

(Суретші нені шатастырған?)

Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту.

Шарты: Балалар суретке қарап суретші нені шатастырғанын айту керек және көрсету. Ненің басы? Ненің құйрығы? Ненің аяғы? Ненің мойыны? Ненің денесі? ( Лақ, тауық, үйрек, мысық, күшік, көбелек, бақа)

Келесі тапсырмаға көшейік

 

6-ші қапшықта – кубик

6 – тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Еске түсіреміз және қайталаймыз»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту

Шарты: Балалар сыйлыққа алған кубиктермен сурет құрастыру – торғайдың суретін. «Торғай» деген тақпақты еске түсіру, қимылдармен көрсету.

 

Ү. Қорытынды

-         Осы ойындар арқылы ерікті зейінін, есте сақтау, қиял, көру және ойлау қабілеттеріміз дамиды.

 

ҮІ.  Қоштасу шеңбері: «Алақандарымызды шапалақтаймыз»

Жақсы көңіл күймен қоштасу үшін «алақандарымен шапалақтаймыз»

«Менің балаларым қандай ақылды, әдемі, мейірімді әрі көңілді!»

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Психолог жұмыстарыТренинг :"Интеллектуалдық ойыны «Не? Қайда? Қашан?»

Психолог жұмыстарыКоманда қалыптастыруға арналған "Жіптік курс" психологиялық тренингі "Құбыр"

Психолог жұмыстарыҰжымдағы достықты қадірлеуге арналған психологиялық тренингтер

Психолог жұмыстарыПсихологиялық жаттығу

Психолог жұмыстарыЖіптік курс

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2965726

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Здесь нет никого ;-)