Тәлімгерлерге

Несіпкүл Өтебаева,Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы



1993 жылы мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өнерімен көзге түскен, Түркістан қаласында өткізілген «Әнші балапанның» бас жүлдегері атанған Ақерке Тәжібаева өнер өлкесіне игілікті қадам басатынын кім білген?!...

23 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 875 көрілім

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия мұғалімі

Түркістан қаласы



“Қазақ тілін қайдан білдің, неге тіл білуге ынтызарсың ?!...”дегенімде ол – Мен киелі қала -Түркістанда туылып, өсіп қалай ғана қазақша білмеймін, бұл заңдылық, қазақ тілін- мемлекеттік тілді білмеу мүмкін емес қой -деп, сөзін ширатып қарапайымдылықпен жауап берді.Мендегі күдік сейілді де, үмітпен ойға шомдым… Шіркін, Қазақстанда тұратын әрбір ұлттың өкілдері және орыстілді қазақтар осылай отаншылдық рухпен жігерленген Владимирше ойласа ғой…

17 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 1165 көрілім


Өнерліге өріс кең

Өзінің ана тілін, өткен тарихын салт дәстүрін, әдет-ғұрпын білмейтін халықты өсіп өркендеген, гүлденген халық деуге болмайды.Халықтың өзіндік қасиеті, тілі, мәдениеті,өнері, тарихы болуы заңдылық. «Отан отбасынан басталады» дегендей, өскелең ұрпақты озық үлгідегі халық дәстүрінде тәрбиелеп жүрген отбасылар біздің рухани астанамыз –Түркістан қаласында баршылық. Солардың бірі –Түркістан қалалық соттың судьясы қызметін атқаратын – Сәкен Бәкірұлы Абсаматовтың отбасы.Тамырын тереңге жайған бәйтеректей отағасы іс сапармен барып келген жерінен ылғи балаларына қажетті әдеби,ғылыми кітап алуды әдетке айналдырған.

17 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 794 көру

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектеп және гимназиялардың алдында тұрған басты міндет – оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды қазіргі қоғам талаптарына сай сапалы білім алуға даярлау, оқушы дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.Сондықтан бүгінгі қоғамды жетілдірудің негізгі бір саласы — ғылым мен білімге баса назар аудару. Осы орайда жас ұрпаққа жүйелі білім, сапалы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Соның бірі – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Турсунбаева Зулфия Ибрагимқызы.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 861 көру

Ертегілер әлемінде

Бүгінгі күні ертегі тыңдаушы көп-ақ, бірақ ертегінің майын тамызып, көңілді тұщындыра әңгімелейтін ертегі айтушылар аз.Ертегіні баланың құлағына алғаш жеткізіп, дәмін татқызатын ең алдымен ата-ана, ата-әже және ұстаздары болуы тиіс.Айналасындағының бәрін ертегідей қабылдаған баланың бойында өшпес ізгілік қалыптасады.Мағжан Жұмабаев: «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп,құлқы түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе.Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды.» — десе, атақты педагог Сухомлинский «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта — әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.», — дейді.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 2888 көрілім

8«А» сынып жігіттері

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сонда толық боласың елден ерек, — деп, Абай айтқандай,әр бала өз жүрегінің қалауымен ұстазды қабылдауы,әрбір оқушыда жеке басының мәдениеттілігі, сабырлы, салмақтылық жеке қарым-қатынас кезінде инабаттылық, әдептілік, мейірімділік қасиеттері болу керек.

Осындай мақсатты негізге ала отырып, ұстаздың бойындағы жақсы қасиеттердің оқушыға берілуі, кез келген пәнді оқытудағы ұйымдастырушылық қабілетімен тығыз байланысты.Рухтың мекені – адамның жүрегі.Жүректің жылуы, махаббат ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.

Мұғалімдердің мақсаты: оқушылардың бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеп, болашаққа кең даңғыл жол ашу болып табылады.Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жатқан мүмкіндікті ашып көрсету. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Жеткен жетістік – шығармашылықтың нәтижесі.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 969 көрілім

Елбасының «Өркен» білім беру грантын иеленген оқушы

Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан шәкіртім – Тазабектің білім ұясына қадам басқанынан бастап білімге деген құштарлығын байқайтынмын. 2005жылдың қыркүйегінде Ибрагим Тазабектің кіп-кішкене болып Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның 1 «А»сыныбына қадам басқаны менің көз алдымда тұр.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 835 көрілім

Әрдайым ұстаздарға бағыт-бағдар сілтеп, істің көзін тауып жүрген Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Ж.А.Орынбаева, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары З.А.Сыздыкова, Г.А.Михайлина, Г.М.Мұратова, Г.Т.Халилова, Ә.Ж.Сайдуллаевалар қалалық семинардың мемлекеттік стандартқа сай өткізілуіне өз ықпалдарын жасады.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 1851 көру

Үлгілі семинар

Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Батырбекова мен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның директоры Ж.А.Орынбаевалардың келісіп, бекітілуімен жасақталған бағдарлама бойынша бастауыш сыныптар аралығында қалалық семинар өткізілді.Қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Динара Есенғараева мен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Божбанбаеваның ұйымдастыруымен ғылымдардың патшасы – математика пәнінен заманауи технологияның ілкімділігімен үлгілі ашық сабақтар көрсетілді.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 1262 көру

Мәңгілік жыр

Ақиық ақынымыз -Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кештері рухани астанамыз — Түркістанда толастар емес.Еңсесі биік – Мәдениет үйінде қалалық деңгейде “Мәңгілік жыр” атты ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларынан поэзиялық ән кеші өтті. Мәдениет үйінің ғимаратында ине шаншар орын болмады, көремендерге лық толды. Мұқағалидың ролін Сағи Биғабылов асқан шеберлікпен сомдады. “Өнердің міндеті – адамды таңқалдыру” деп,Ә.Нұрпейісов айтқандай, осы әдеби кештің өн бойынан жақсылықтың, ізгіліктің самал желі есіп,әрбір көрермен осыдан адамшылықтың рухын бойына сіңіргендей әсер алды.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 1109 көрілім

Өткен жылғы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мемлекетіміздің жаңа саяси бағытын анықтаған болса, биылғы Жолдау осы бағыттарды жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсетіп берді. Сарабдал саясатын қалың орман халықпен бірге жүзеге асырушы – Елбасымыз ағымдағы Жолдауында ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды деп, алға қойған мақсаттардың орындалуында талай-талай қиындықтар кездесетінін ескертеді. Біздің алға қойған мақсатымыз бен міндетіміз айқын, бағыт-бағдарымыз анық. Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін дамыған елдердің көрсеткішіне тынымсыз адал еңбегімізбен, білім мен ғылымымызбен, ақыл-парасатымызбен алып күш біріктіре топтасып жетуіміз қажет.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 881 көру
Ән құдіреті


Ән құдіреті

Осы бір көркем мінезді, жібектей, келісті жанмен осыдан біраз жыл бұрын қаламыздағы халық банкінің ғимаратында кездейсоқ танысқан болатынмын.Бір-бірімізді байырғы дос-жарандай көріп, тез тіл табыса кеттік. Көпшіліктің адамы екені сөз саптауынан білінді. «Ел құлағы елу»дегендей, бір-бірімізді сырттай танитын болып шықтық. Содан бері кездесе қалсақ ұзақ-сонар әңгімелесіп қалатынымыз бар-тын.Бір-бірімізді көргенде бейнебір жақын туыстардай, араласып, рухани жағынан бауырдай жақын болып кеттік.Сондай-ақ, қаламыздағы әр алуан тақырыптағы алқалы жиындарда да бірге болып, мінберлерде қатар сөз алып жүрдік. Кездескенде айтатынымыз ,әрине, Түркістанның тыныс- тіршілігі, білім мен өнер ордасының қазіргі кездегі жалпы бет алысы дегендей… Менің Қаламқастан сұрайтыным — өнердегі өрелі жаңалығы. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, бүгін кең отырып сөйлесудің орайы түсті.Осы шығармашыл еңбегімен елге танымал тұлға жөнінде жұмбақтамай сыр шертпекпін. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді»дегендей, осы тұлғаның өнердегі,өмірдегі сапары жөнінде баяндаймын.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | 1941 көру

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Здесь нет никого ;-)