Ашық тәрбие сағаты «Бәрі де махаббаттан басталады»

Мақсаты: өзіндік жүйелі дамуына әсер ету, эстетикалық көзқарастарын дамыту. Шын адал достыққа баулу. «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Мейірімділік, адалдық, татулық, түсіністік.

Көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик, суреттер, үнтаспа, шарлар Қатысушылар: № 176 топ  студенттері

Барысы:

 «Адамды бақыттылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ бақытты болатындай етіп тәрбиелеуге болады». Ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің үш өрісі бар. Біріншісі- қоршаған орта, отбасы, көрші-қолаң, ауыл-аймақ. Екіншісі-, білім ордасы. Үшіншісі- білім ордасының  тәрбие жүйесі. Бала – кең әлемге ең таза, ең пәк асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы қоршаған ортаға байланысты болмақ. Шынайы өмірде жағымды, жағымсыз құбылыстар, әрекеттер кездеседі.Соларды ажырата білу арқылы өмірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп жақсы өмір сүріп, адамдарға, айналамызға қуаныш, бақыт сыйлай білейік, өйткені өмір қамшының сабындай қысқа. Сондықтан қысқа күнде бөлінбей «Сіз бен біз» дескен абзал.

Сара Алпысқызының  «Мен шын көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі. Бәрі де махаббаттан басталады….» деген. Осы сөзде тіршіліктің түйіні жатқандай, өйткені ол –қанат бітірер нұрлы сезім.

Адамгершілік құндылықтың бірі махаббат  әлеміне қош келдіңіздер.

«Махаббат шуағы»

Бәрінің бастауы – махаббат,

Жаныңа нұр сепкен шапағат.

Еңбектің рахатын сездірген,

Гүлдерге құлпыртып түр берген,

Сәбидің шырағын жандырған,

Бұлағы — мейірін қандырған,

Шуағы жылытқан жүректі,

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы-махаббат!

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2720035

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Үздік авторлар

1