Топ сағаты "Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа нұр"

Хор «Төрлет — Жаңа жыл» — 176  топ

1-жүргізуші:

Армысыздар ардақты студенттер, Ұлағатты ұстаздар Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты студенттер Жаңа жыл жаңа бақыт жаңа нұр – атты кешімізге қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығының ІІІ курс студенттері ұйымдастырып отырған Жаңа жыл жаңа бақыт жаңа нұр – атты кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

2- жүргізуші;

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Жаңа жыл жаңа бақыт жаңа нұр – атты кешіміздің  құрметті қонақтары “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дадахова Асия Қайыржанқызына сөз кезегін береміз!!!

2- жүргізуші:

Қарлығаш Асия Қайыржанқызымен бірге бүгінгі кештің әділ бағаларын беретін әділ қазылар мен танысытырып өтейік.

— Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы студент үшін терлеген, жанына жылулық сермеген аяулы ұстаз білімді Кәсіподақ ұйымының төрайымы Ташембаева Баян Қайыржанқызы!

1-жүргізуші:

Жаңа жыл жаңа бақыт жаңа нұр – атты кешіміздің қонағы студенттің жан дүниесін түсінген, ыстық суығын бірге өзімен, сезінген қолдан келген көмегін ол аямай жатаханамыздың аға комендантты Елеуова Гулжан Бақтығалиқызы!

2 – жүргізуші:

Жаңа жыл жаңа бағыт жаңа нұр – атты кешіміздің қонағы үш тілді де меңгергік орыс тілі өзгеше анамыздай мәпелеп сыйластықты үйреткен анамыздай ардақты – орыс тілі пәнінің мұғалімі Заирова Назымгуль Мұғалқызы!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1910056

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар