Мектеп әдістемелік бірлестігі

14 қазан 2016 - Админ

Әдістемелік бірлестік (ӘБ) — бір немесе бірнеше оқу пәндері бойынша әдістемелік, тәжірибелік және сыныптан тыс жұмысқа жетекшілікті жүзеге асыратын жалпы білім беретін мекеменің әдістемелік қызметінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.

ӘБ мектепте бір пән бойынша 3 мұғалім немесе бірнеше оқу пәндері бойынша 3 мұғалім болса құрылады. Сынып жетекшілері үшін де әдістемелік бірлестік құрылуы мүмкін.

ӘБ тәжірибелі және білікті маман басқарады.

ӘБ отырыстары әр бірлестік бойынша тоқсанына 1 рет өткізіледі.

ӘБ жұмыс жоспары мектептің әдістемелік жұмысының құрамды бір бөлігі деп есептеледі. ӘБ жоспары өткен жылдың нәтижелерін талдау негізінде жасалады және сол жылға қойылған міндеттерден тұрады. Жоспарды ӘБ жетекшісі жасайды. ӘБ жоспары педагогикалық кеңесте қарастырылады, мектеп директоры бекітеді.

Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны

·         Мемлекеттік  стандарт талабын орындау;

·         Оқу сапасын  жақсарту;

·         Оқу үрдісінде инновациялық, ақпараттық технологияларды саралап қолданудың тиімді жолдарын көрсету;

·         Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау, қолдану;

·         Оқу бағдарламалары негізінде күнтізбелік жоспардың дұрыс және толық жазылуын бақылау;

·         Қолданбалы курстардың бағдарламаларын жасау, қарастыру, бекіту;

·         Теориялық, практикалық семинарлар ұйымдастыру;

·         Жазба  жұмыстары нормасын орындау, сапасын арттыру жолдарын ұсыну;

·         Әдістемелік нұсқаулар дайындау, бекіту;

·         Білім сапасын бақылауға тестік тапсырмалар жасау;

·         Ашық сабақтар, сынып сағаттарын дайындау;

·         Дидактикалық материалдар, дәрістер тезисі, баяндамалар дайындауды ұйымдастыру;

·         Ашық сабақтарға, сынып сағаттарына қатысу және талдау жасау;

·         Сыныптан тыс жұмыс түрлерін өткізуді ұйымдастыру.

Әдістемелік бірлестік жетекшісінің міндеттері:

·         Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жоспарлайды;

·         Мұғалімдерге нормативті құжаттарды орындауда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, педагогикалық әдебиеттегі жаңалықтармен таныстыруда нұсқау-кеңес береді;

·         Әдістемелік бірлестік отырыстарын өткізеді;

·         Бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді (толық, барлық жағынан);

·         Мұғалімдерді ізденіс, эксперименттік-тәжірибе жұмыстарына тартады;

·         Педагогикалық тәжірибе жинақтауға, шығармашылық дамуға ынталандырады;

·         Педагогикалық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;

·         Мұғалімнің өз бетінше білімін жетілдіруіне ықпал жасайды;

·         Озат тәжірибені зерттейді, қорытады, таратады;

·         Жас мұғалімдердің бейімделу мерзімін қысқартуға жағдай жасайды;

·         Мұғалімдердің білімін жетілдіруді ұйымдастырады;

·         Мектепішілік аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысады, біліктілік санатына ұсына алады.

Әдістемелікбірлестік мүшелерінің міндеттері:

·         Оқу пәні мен оқу үрдісін ұйымдастыруда нормативтік-құқықтық құжаттарды білуге;

·         Кәсіби біліктілік деңгейі мен өз бетінше білімін  көтеруге;

·         Оқыту әдістемелерін меңгеруге;

·         Ақпараттық-коммуникациялық, инновациялық технологияларды меңгеруге;

·         Педагогикалық қызметте өзінің және әріптестерінің жұмысына талдау жасай алуға;

·         Ашық іс-шараларды әзірлеуге, өткізуге;

·         Қажетінше педагогикалық оқулар мен байқауларға, конференциялар мен семинарларға, практикумдарға қатысуға;

·         Әдістемелік бірлестік отырыстарына қатысуға;

·         Оқу кабинеттерін талапқа сәйкес жабдықтауға.

Әдістемелік бірлестік мүшелерінің құқықтары:

·         Оқу жүктемесін бөлуде білім мекемесі басшыларына өз өтініштерін білдіру;

·         Мектеп басшыларынан мұғалімдерді қажетті нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен, әдістемелік кешендермен дер кезінде қамтамасыз етуін талап ету;

·         Кәсіби байқауларға қатысу;

·         Әкімшілікке ӘБ мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстардағы жетістіктері үшін марапатқа ұсыну.

Әдістемелік бірлестік құжаттары:

·         Оқу-әдістемелік құжаттары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары;

·         Білім мекемесіндегі әдістемелік бірлестігінің ережелері;

·         Әдістемелік бірлестікті құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп директорының бұйрығы;

·         Әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері;

·         Сапалық құрамы (мұғалімнің портфолиосы);

·         Әдістемелік бірлестік жұмысының жоспары (тақырыбы, мақсаты, міндеттері мектептің проблемасынан туындайды);

·         Жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары;

·         Оқу-әдістемелік семинарларға жасалатын баяндамалар жоспары (баяндама материалдары);

·         Пәндік олимпиадалар, жобалар өткізу және оның нәтижелері мониторингісі;

·         ӘБ мүшелері жүргізетін пән үйірмелері, таңдаулы курстар туралы мәліметтер;

·         МАБ, ҰБТ-ға дайындық жүргізу,  өткізу,  мониторинг материалдары;

·         Дидақтикалық материалдар, ашық сабақтар, сынып сағаттарының әдістемелік сандықшасы, өткізілу кестесі;

·         Озық тәжірибелер жинағы;

·         Мұғалімдердің курстан өту кестесі;

·         Оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәлімет;

·         Мектепте эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы мәлімет (болған жағдайда);

·         ӘБ жұмысына аналитикалық талдау (жылдың соңында);

·         ӘБ отырыстарының хаттамалары.

Әдістемелік жоспарының құрылымы:

·         Мамандарға сипаттама;

·         ӘБ мүшелерінің міндеттері;

·         Өткен жұмыстарды талдау;

·         Біліктілікті арттыру;

·         Оқу сапасын арттыру жолдары;

·         Тәрбие жұмысы;

·         Өзара сабаққа қатысу;

·         Отырыстар тақырыбы;

·         Жас мамандармен жұмыс.

Қорыта келе, әдістемелік бірлестік жұмысы мектептің жалпы әдістемелік жұмысының мазмұны анықталынған бағыттармен, нақты белгіленген мақсаттар мен міндеттермен анықталады. Ол ең алдымен заңды және нормативті құжаттармен танысудан; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды, оқытудың және сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбиелік жұмыстың қазіргі технологиялары мен әдістерін оқып үйренуден; жаңашыл және озық тәжірибемен, ондағы озық ойларды шығармашылықпен қолдана білумен, менеджменттің міндеттері және ойларымен, инновациямен танысудан тұрады.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1476586

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru