Цилиндр.Цилиндр-айналу денесі. Цилиндрдің қимасы. Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы.

1 ақпан 2018 -

«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК

 

 

         САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Цилиндр.Цилиндр-айналу денесі. Цилиндрдің қимасы. Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ  түрі: теориялық

 

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға  «Цилиндр» оның элементтері, қималары, қолданылуы туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Білім алушылардың еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой — өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, мамандықты сүюге баулу.

 

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А.Көрнекті құралдар: Формулалар кестесі.

Б.Негізгі әдебиеттер: 1.Шыныбеков Ә.Н. «Геометрия» §3. 10-15 бет

2. Интернет желілері.

САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

I.Ұйымдастыру кезеңі. 

а)білім алушылармен амандасу;

ә)білім алушыларды түгендеу;

б)зейіндерін сабаққа аудару;

 

II. Өткен тақырыпты  қайталау. Үй тапсырмасы.

1.Пирамида дегеніміз?

2.Пирамиданың параллель қималарының қасиеттері?

3.Қиық пирамида дегеніміз?

4.Пирамиданың көлемінің формуласы?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны айтады.

V= R2H

Sб.б=2 RH

Sт.б= Sб.б+2Sтаб

 

                           

"Цилиндр" — "кюлиндрос", грек тілінен аударғанда «оқтау», «валик» деген мағынаны білдіреді.Көптеген ғұламалар бұл денені зерттеумен айналысқан. Евклид өзінің «Бастамаларында» цилиндр көлемін табатын теореманы, Архимед өзінің «шар және цилиндр» жұмысында цилиндрбүйір бетінің ауданының формуласын, Герон өзінің «Метрикасында» цилиндр көлемін табуға бірнеше мысалдар келтірген.

Ал қазіргі кезде цилиндр өмірде көптеп кездеседі (слайд арқылы көрсету).

Цилиндр жазбасы(макеттер арқылы көрсету), оқушылар формуланы өз беттерімен жазады.Sб. б.= 2 RHSт. б. =2 RH+2 R2немесеSт. б. =2 R(H+R)

Ауызша есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигураны, яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін атайды.

Жалпы қорыта айтқанды цилиндрдің қималары қандай фигуралар болады? Жауап: тіктөртбұрыш, дөңгелек, эллипс.

Ауызша есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысалы. Биіктігі 3см-ге тең, ал осьтік қимасы шаршы болатын цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңыз.

  AC=H=3см

  R=AB:2=3:2=1,5 см

  S=2 RH

  S=2 *1,5*3=9

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

1.Шыныбеков Ә.Н. «Геометрия» §3. № 1-10 есептер

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.

№7.  Цилиндрдің көлемі 112 см3, биіктігі  28 см. Осьтік қимасының диогоналінің ұзындығын табыңыз.

 

  V=112 см3

  V= R2H

  H=28 см.

  AD-?

  R2*28=112

  R2=4

     R=2

   AB=4

   AD2=AB2+BD2

   AD2=16+784=800

  AD=

VII. Бағалау.

Сабаққа қатысқандарына қарай бағалау

 

 

                                                                             

Оқытушы: С.М.Кунапиянова 

                 М. Жуман

- 1771107

Пікірлер (1)
Админ # 1 ақпан 2018 в 23:15 0
Әй маладец, осы Мекең болмаса бізді кім қолдайды.

Үздік авторлар

1

Блогтағы жазбалар