Мақал мәтелдер, (Ағайындық-туыстық туралы)

11 қазан 2016 - Админ

Ырыс қашса да, туыс қашпайды.

 

Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін,
Ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін.

 

Ағайын тату болса ат көп болар,
Абысын тату болса ас көп болар.

 

Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

 

Ағаның үйі — ақ жайлау.

 

Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.

 

Ағайынның азары болса да, безері болмас.

 

Ағайын өкпеге қиса да, өлімге қимайды.

 

Ағайын — ағайынның айнасы.

 

Ағайының барда дұшпаным жоқ деме,

Абысының барда күндесім жоқ деме.

 

Алыста жүрсе, кісінескен ағайын,
Жақында жүрсе, тістескен ағайын.


Ағайынның сырты бүтін, іші түтін.

 

Көсеу ұзын болса, қол күймес,
Ағайынның алғанын, жақыны білмес жат білер.

 

Малыңның жоқтығын ағайының білдіреді,
Қадіріңнің жоқтығын қатының білдіреді.

Осыған ұқсас жазбалар:

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Оқу білім туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (тіл-сөз туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Бірлік, ынтымақ туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Отан, туған жер туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2168664

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru