Мақал мәтелдер, (Бірлік, ынтымақ туралы)

11 қазан 2016 - Админ

Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.

 

Сыртқы жаудан ішкі жау жаман.

 

Айрылыссаң — азарсың, қосылсаң — озарсың.

 

Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды.

 

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, 


Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

 

.Алты бақан, ала ауыз.

 

Әрне көрсең тірлікте,

сыйласқан жақсы бірлікте.

 

Байлық, байлық емес, бірлік байлық.

 

Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді.

 

Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар

 

.Бірлік бар жерде — тірлік бар

.Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.

 

Біреуің бас,

біреуің аяқ бол,

біреуің құйрық,

біреуің қанат бол.

 

Біріккен жүз,

бытыраңқы мыңды алады

 

.Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

 


Ерлік түбі бірлік.Ынтымақтың түбі — игілік,

Тірлік түбі — бірлік.

 

Ынтымақ — ой өтпес сауыт,
Татулық — тамаша сауық.

 

Игілік басы — ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ.

 

Ырыс алды — ынтымақ.

Ынтымақты іс бітірер.

 

Кеңесті жерде кемдік жоқ,
Кеңессіз жерде теңдік жоқ

.Ынтымақ болмай іс болмас.

Ынтымақтың иығы биік.

Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда

.Кеңесіп кескен қол ауырмас.

Түйін бір қолмен байланбайды,


бір қолмен шешілмейді.Күш бірлікте.

Өнер алды — бірлік,

ырыс алды — тірлік.

Саусақ бірікпей,

ине ілікпейді.

 


Кеңеспен пішкен киім кең де болмайды,

кем де болмайды.

 

Теңге — тиыннан, ынтымақ — ұйымнан.

 

Ұрыс ырысты қашырар, 
Ынтымақ халықты асырар.

 

Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

 

Шықсақ төбеміз бір болсын, 
Жатсақ көріміз бір болсын.

Осыған ұқсас жазбалар:

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (достық, дұшпандық туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Отан, туған жер туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Оқу білім туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (тіл-сөз туралы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1874663

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар