Мақал мәтелдер, (Мал-жануар туралы)

11 қазан 2016 - Админ

Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

 

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

 

Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

 

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

 

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

 

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

 

Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

 

Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жолықпайды.

 

Құс баласы қырымға қарайды.

 

Қаршыға ілген қазға сын.

 

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

 

Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

 

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

 

Ит тамағы үшін жүгіреді.

Құс тамағы үшін ұшады.

 

Құс қанатымен ұшады,

құйрығымен қонады.

 

Ағайынға қарап мал өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.

 


Ақсақ малдың ақырына бақ.

Ауызын аш, тісі жоқ болса қаш.

Бұралқы мал мінуге жақсы,
бұралқы сөз күлуге жақсы.

Бақпасаң мал кетеді,
Қарамасаң әйел кетеді.

Белгілі малшың жоқ болса, 
Беліңді бу да малға бар.

Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.

Бір ауылдың малын бақпасаң,
Мың ауылдың малын бағарсың.

Бұта түбі үй болар, 
Малы көп кісі би болар.

Ердің малы — елдің малы.

Жайылымы болмаса мал азады,
Қайырымы болмаса жан азады.

Жоғалып табылған мал олжа,

Ауырып жазылған жан олжа.

Жайлау жайлай білмеген,
Малды айдай білмейді

.Жақсы мал жалғыз жоғалмайды.

Елдің көркі — мал, өзен көркі — тал.

Жоқтамағанның малы түгел.
 


Көп малдан айрылғанда, 
Бір малды қасқыр жейді.

 

Қайтқан малдың қайыры жоқ.

 

Қайтқан малға қасқыр өш.

 

Малды тапқанға бақтыр,
Отанды алғанға жақтыр.

 

Мал ашуы — жан ашуы.

 

Мал бітпес, деп ерден түңілме,
Шөп бітпес деп жерден түңілме.

 

Мал жисаң қоңысын тап, 
Ас жисаң ыдысын тап.

 

Малды баға біл, бабын таба біл.

 

Малдың жайын баққан білер,
Отынның жайын жаққан білер.

 

Мал арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде.

 

Мал аяған аттан құр, 
Төл аяған ақтан құр.

 

Мал жаным садағасы,
Жан арымның садағасы.

 

Мал баққанға бітеді

Малы бардың назы бар.

 

Мал бітпеген малдан үміткер,
Жаны шықпаған жаннан үміткер.

 


Мал — баққандікі, жер — жыртқандікі.

 

Малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның,


Малды жаман баққаның, келген бақты қаққаның.

Мал — баласы, жер — анасы.

Мал төлімен жарасар, жер гүлімен жарасар.

Мал иесіне тартады

.Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді.

Мыңды айдаған бірді мінеді.

Мал малсақты табады

.Малы бірдің — жаны бір.

Малшы малдың жайылғанына мәз.

Малға бәлемет — басқа саламат

.Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді.

Малды тауысайын десең пұл қыл,


Азығыңды тауысайын десең, ұн қыл.

Мал біткен кісінің иті үреген болады,

аты жүреген болады.

 

Малды шұбыртқан құртады, 
Етті құырдақ құртады.

 


Малдың аяғы оттамайды, аузы оттайды.

Мал көкке тоймай, аузың аққа тимейді.

Тымырсық болса, ер оңбас,
Тонға жатса мал оңбас.

Өрісіне қарап мал өсер,

өзеніне қарап тал өсер.

Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас.

Осыған ұқсас жазбалар:

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Оқу білім туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Бірлік, ынтымақ туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Отан, туған жер туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (тіл-сөз туралы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1476545

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru