Мақал мәтелдер, (тіл-сөз туралы)

11 қазан 2016 - Админ

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

 

Ми ойлағанды тіл тындырады.

 

Сөз қадірін білмеген — өз қадірін білмейді.

 

Ұстаны соққан пышағынан таниды.

 

Ата өнері — балаға мұра.

 

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

 

Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

 

Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

 

Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

 

Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

 

Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

 

Тіл ақылдың — өлшемі.

 

Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

 

Тіл — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

 

Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

 

Тілі өлген ел — тірі өлген ел.

 

Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

 

Тіл — ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

 

Тіл — достықтың алтын көпірі.

Тіл мәртебесі — ел мәртебесі.

 

Адам көңілінен азады, 
Тілінен жазады.

 

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

 

Ана тілің алпыс тілге татиды.

 

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

 

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

 

Ақынның тілі қылыштан өткір.

 

Ұлттың қуаты – тілінде.

 

Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.

 

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

 

Тіл – буынсыз, ой – түпсіз.

 

Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, 
Тіл айырар анасынан баласын.

 


Тілсіз жерде тіршілік жоқ.

 

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.

 

Өз тілің – бірлік үшін, 
Өзге тіл – тірлік үшін.
Ішімдегінің бәрі тілімде, 
Тілімдегінің бәрі түрімде.
 

Осыған ұқсас жазбалар:

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (достық, дұшпандық туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Отан, туған жер туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Оқу білім туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы)

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (Бірлік, ынтымақ туралы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2438541

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru