Ашық сабақ

6 қараша 2017 - Аманкул Ермекбаева

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар қазір жылдың қай мезгіл?

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Кәне, ай аттарын кім атап береді?

-Көктем мезгілінің қадай ерекшеліктері бар?

-Өте жақсы.

-Балалар, көктем мезгілінің алғашқы гүлі қалай аталады?

-Жарайсыңдар!

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер жұмбақтың шешуін табасыңдар ма?

-Дәмі де  жоқ, түсі де жоқ,                                                      Пайдаланбас кісі жоқ.                                                           Бұл не?

-Бүгінгі біздің оқу қызыметіміздің тақырыбы «Су- тіршілік нәрі»

-Аудио жазбадан судың сылдырап аққан дыбысын тыңдайды.

-Балалар, сылдырлап аққан ненің дыбысын естідік?

-Дұрыс айтасыңдар

Балалар, «Су- тіршілік  нәрі»! Айналамызды қоршаған ортада сусыз адамдар, жан-жануарлар өсімдіктер, құстар өмір сүре алмайды.

-Балалар, біз су туралы не білеміз? Су бізге не үшін керек және қандай жағдайда пайдаланамыз?

-Балалар, судың түсі мен пішіні бола  ма?

-Сендер суға байланысты қандай тиым сөздерді білесіңдер?

 

 

-Балалар судың қасиеттерін толықтай білу үшін үстел үстінде  ыдыстарға құйылған су бар, және тұз, қант бар.                                               –Балалар, алдарыңдағы стакандағы суды ішіп көріңдерші. Судың дәмі бар ма?                                                                -Дұрыс айтасыңдар, су дәмсіз, иіссіз.                                                             -Балалар, судың дәмі бар ма?

Мария Монтессори элементтері: «Сумен ойын».                                                                                                                            -Балалар,  алдарыңдағы стакандағы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Енді суды ішіп көріңдер, дәмі қандай болды екен?

-Дұрыс, суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

Билингвальді компонент: су-вода, тұз-соль, қант-сахар.

-Балалар, сиқырымызды әрі қарай жалғастырайық.

-Судың түсі бар ма?

-Сендер қалай ойлайсыңдар судың түсін өзгертуге бола ма?

-Егер де суға бояу қосып жіберсек, не өзгереді екен?                                                                                                      Олай болса қазір ыдыстағы суға тәжірибе жасап көрейік.                                                                          Стакандағы суға гуашь бояулары жағылған таяқшаларды салып көрейікші.

Судың түсі өзгереді ме?

-Сенің суыңның түсі қандай болды?

-Енді балалар, маған қараңдаршы. Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік. Су бар стаканға қасық салайық, қасық көрінеді ме?

-Ия, су түссіз ол мөлдір екен.                                                                          -Ал енді стакандағы суға  сүт құяйын.Оған қасық салсақ ол көрінеді ме?

-Неге көрінбейді екен балалар?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Олай болса менің кішкентай сиқыршыларым  қызықты ойын ойнап жіберейік.  

Қ/қ ойыны:»Жел көбік»

Көпір, көпір, көбік шар, 

Көпір, көпір, кеңіп шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

-Жел көбік жарылды.

-Жарайсыңдар!

 

-Балалар,қараңдаршы, менің қолымдағы не?

-Дұрыс бұл мұз екен.

-Мұз ерісе неге айналады.

-Ал су қай кезде мұзға айналады және қалай мұзға айналдыруға болады.

-Өте дұрыс.

-Көктем

-Үш айдан

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Адамдар жеңіл киіне бастайды. Ағаштар бүршік атады, құстар жылы жақа ұшып келеді.Жаңбыр жауады.

-Бәйшешек.

 

-Ия.

 

 

-Су.

 

 

 

 

-Судың дыбысы.

 

 

 

 

 

 

-Балалардың жауабы.

 

Болмайды.

Тиым сөздер:

Рауан:- Түнде суға барма.

Данияр:-Су ішкен құдығыңа түкірме.

Света:- Суды ластама

Мадияр:-Түнде судың бетін ашық қалдырма.

-Судың дәмі болмайды.     Балалар суды ішіп көреді.                                         

-Жоқ.                                                                                                                   -Балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады. Өздеріңнің не сезінгендері туралы айтады.

 

-Судың түсі жоқ.

-Балалар бояу жағылған таяқшалар арқылы судың түсі өзгергенін айтады.

 

 

 

                                                                                                 -Ия

-Балалардың жауабы.

 

-Ия, көрінеді.

 

 

-Жоқ көрінбейді.

-Өйткені судың түсі өзгерді.

 

 

 

Қайталайды.

 

 

 

 

-Балалар бірге «тарс етті» деп тізерлеп отыра кетеді.

 

-Мұз.

 

-Суға айналады.

-Қыста, суықта қатады. Суды стаканға құйып тоңазытқышқа салып қойғанда мұзға айналады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар бүгін біз не туралы айттық?

Міне, бүгін біз сендермен су туралы көптеген мәлімет алдық.

-Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

-Қандай тәжірибе жасадық?

-Қандай ойын ойнадық?

-Суды үнемдеу керек пе?

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметіне белсене қатыстыңдар.

Сендерге рахмет.

 

 

 

 

Балалардың жауаптары тыңдалды.                           

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: сусыз өмір сүруге болмайтынын;

Болу керек: суды ұқыпты пайдалануды.;

Қолымнан келуі керек: сумен тәжірибе жасауды.

 

 

 

 

 

- 5708132

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!