Мен және менің достарым

22 қараша 2017 - Арай Рахимжанова

 

                                       Мен  және менің достарым.

Мектеп психологы: Рахимжанова Арай Бейсенбаевна.Павлодар обл.Шарбақты ауд.Арбиген ауылы.Арбиген ЖОББМ.

 

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен  

               танысу,өзін бағалата отырып,өз бойындағы сапалық   

                қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.

Тәрбие сағатының  түрі: Зерттеу сабағы.

Көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, сызба-карточкалар.

Мұғалім:-

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды бір өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып,өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.

Данышпан  философ Фалес айтқандай.

Дүниедегі  ең үлкен нәрсе-Кеңістік.

Бәрінен жүйрік-Ой.

Бәрінен дана – Уақыт.

Бәрінен жеңілі- Басқаға ақыл айту.

Бәрінен қиыны-Өзіңді өзің тану.

Тәрбие сағатымызды « Іскерлік ойын» бір-бірімізге комплимент айтумен  бастаймыз.

( Оқушылар түгелдей парталарды айнала түрегеліп тұрады).

1-оқушы: Арман, сен бүгін ерекше   көріктісің.

2-оқушы:Әнел, көркіне ақылың сай.

( т.б.сол сияқты бір-біріне жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады).

-      Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды. Қазір, сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураларға назар аударып, әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырды.

 

 

 

Геометриялық фигуралар.

 

                                                                                                                        







 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                               

 

Міне, біз 5-топқа топталдық.

Тапсырма: Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағанын айтасыздар.

( Оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тестің мақсатын түсіндіреді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

И. Панарин тест бойынша.

 

 

 

 

                        — таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған

                        Мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті

                     Бар жандар.

 

 

 

 

 

                        — таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының                                   

                          Шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін

                          Жандар.

 

 

 

 

 

                               — таңдағандар жаңа идеяларға жақын, білуге

                                 Құмар, ізденгіш жандар.

 

 

 

 

 

 

                      — осы 5 фигураның ішіндегі өте миірімді, басқаның

                        Қайғысын, қуанышын да бөлуге даяр тұратын       

                        Жандар.

 

 

                             — таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым,

                                Үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.

 

 

 

 

Міне, балалар, әркім өзін И.Панарин тесті бойынша да  тануға болатынына көзіміз жетті. Келесі тапсырма әр топқа арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 1-топқа: « Ситуациялар тапсырма» (топтағы 2-оқушыны сыртқа шығуын өтінеміз) Сіз сыныптағы қыздың өз подъезінің алдында бірнеше ер баламен темекі тұрғанын көрген, сыртта тұрған 1-оқушы және 2-оқушы қасынан өткенде қандай іс-әрекет жасаймыз деп ойлайсыздар.

   — ал қазір сыртта тұрған 2-оқушыны шақырып осы ситуацияны оқиық, 2-оқушыға осы жағдайда не істейсіз деп сұрақ қойылып, олардың жауабы тыңдалады.

Нәтижесінде осы екі оқушының өз жауаптары, олар туралы достарының жауаптарымен салыстырылып өзгені тани алу қабілеттіліктері айқындалады.

 2-топқа: Бір сыныптас ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жаымсыз қасиеттерін  көрсетіп, атын атамай мінездеме жаз. Басқа топ оның кім екенің табуы     шарт.

3-топқа: « өмірдегі ең қажетті 3 нәрсені атаңыздар»

4-топқа: « Аяқталмаған тест ұсынылады»

« егер мен осы алдымызда тұрған мұғалім болсам........».

5-топқа: Шығармашылық тапсырма: « міне мен қандаймын?». Тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға көрсету. (өлең, сурет, т.б түрінде көрсету) .

   — Рахмет, әр бір топ ерекше белсенділік көрсетті. Келесі тапсырма бәрімізге ортақ. Өздеріңді нақты бағалау үшін, өзін-өзі шынайы таун үшін тақтада ілінген қағаздан адам бойындағы он асыл қасиеттерді жазылғанын көріп тұрсыздар. Олар: адалдық, еңбекқорлық, табандылық, мейірімділік, т.б. қаситтер қағазда тұрады.

Тапсырма: Осы он асыл қаситтер ішінен:

-      өзіңе ұнайтын 7 қаситті дәптеріңе теріп жаз

-      енді таңдаған 7 қасиеттің ішіндегі өз бойыңда бар қасиеттерді белгіле

-      мына формуланы қолдана отырып өзіңнің сапалық қасиеттеріңді анықта

             А

С  =                    100%

                   7

С- өзін-өзі бағалау деңгейі

А- шынайы бойында бар қасиет

7- өзіне ұнайтын қасиет

 Нәтижесіне талдау жасайық:

  0 %- өте  төмен

10 % — 20% — төмен

30%- 50% -орташа

60%- 70% -ортадан жоғары

80%- 90% — жоғары

100% — өте жоғары

Кестеге  қарап  әркім   өзінің  деңгейін анықтайды. Нәтижесін  талдау  барысында  әрбір  оқушы  үйге  тапсырма  алады. Өзінің  сапалық  қасиеттерін  жоғарғы  деңгейге  көтеруге  жоспар  құра  отырып, өзіне-өзі бағдарлама  жасайды.

                      Тәрбие  сағатының  соңын  психологиялық  тренингпен  аяқтайық: «Алақанмен  бір-бірімізге  жылу  берейік»

 

 

- 5673378

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!