«Бақыт түймедағы».

24 қазан 2017 - Арай Рахимжанова

Тақырыбы: «Бақыт түймедағы».

Мақсаты: Оқушылардың рухани саулығы.

Міндеті:      

·        Балаларды жалпыадамзаттық әдептілік нормалармен таныстыру.

·        Балаларды өзін сыйлауға, өз күшіне және шығармашылық қабілеттеріне сенуге үйрету.

·        Жалпыадамзаттық құндылықтарға және  ізгілікті идеяларға ұмтылып балаларды дұрыс адам болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ой – толғау, сұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, шар, түрлі– түсті бояу.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

Танысу: Шеңберге отырып доп беру арқылы бір–бірімен танысады.

Аңыз: Мұғалім қатысушыларға аңызды оқиды (сәл музыка шығып тұрады)

«Кедейдің  жүз күні» аңыз.

Ерте замаңда бір мемлекетте сұлу да көрікті ханшайым болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сұлу ханшайымға жар болу үшін жердің түпкір–түпкірінен қалындықтар келіпті. Келген қалындықтар ханшайымға алтындар, құнды заттар, әшекейлер және т.б. заттарды сый етіпті. Қалындықтардың ішінде бір кедей жігіт болыпты. Онда ештене жоқ тек махаббаты мен тапқырлығы ғана болыпты. Жігіттің кезегі келген кезде ол былай депті:

–       Ханшайым! Мен сізді жақсы көремін. Мен кедей болғандықтан, менің сізге берер еш нәрсем жоқ, сондықтан өзімді құрбандыққа шалып, махаббатымды дәлелдегім келеді.

Тамақсыз, сусынсыз сіздің әйнегініздің алдында жүз күн және түн отырып, күннің ыстық, суығына да шыдаймын. Бұл менің сізге берер сыйлығым. Ханшайымды бұл уәде қызықтырып келісімін берді.

–       Мен саған бір мүмкіндік беремін. Егер де осы сынға шыдасан мен сенің жарын боламын.

Сынақ басталды. Сағат, күндер өтіп жатты. Ал жігіт болса сарай әйнегінің алдында ыстыққа, суыққа, желге, жаңбырға шыдап күндерін өткізді. Ал, ханшайым болса арасында терезеден  қарап қояды.  Уақыт өтіп жатты, адамдар бәстігіп кейбіреу өздерінің женіске жететіндігіне қуанып жүрді. Тоқсан тоғыз күн болғанда қала халқы өзінің келешек патшасын қолдауға көшеге шықты. Барлығы көңілді ән салып, би билеп сынақтың аяқталуын тосып жүрді. Ал, жас жігіт сынақтың аяқталуына бір сағат қалғанда ешқандай түсіндірусіз орнынан түрып кетіп қалды. Сол кезде бір бала сонынан қуып жетіп:

–       Сізге не болды? Уәденізге жеткен кезде неге кетіп қалдыңыз?, –деп сұрады.

Сол кезде жігіт:

–       Ханшайым менің көрген қиындықтарымды көріп ешқандай аяушылық білдірмеді, күндерді қысқартуға да тырыспады. Сондықтан ханшайым менің жарым болуға лайықты деп есептемеймін.

Әр адам ешқандай қыйындыққа, адамдардың сөзіне, мазағына да қарамай өз сезімін ашық айтқан адам қолдау және құрметті көрсетуге лайықты. Кімде–кім құлықсыз әрі көңіл бөлмейтін болса ол біздің құрметімізге лайықты емес.

1.     Осы аңыздың ен негізгі мұраты (ойы, мазмұны) неде? (Адам бір-біріне қайырымды, көмек жасауға, аяушылық, көңіл  білдіруі керек)

2.      Ханшайым қандай адам деп ойлайсын?

3.     Жас жігіт қандай адам деп ойлайсын?

Ойын: «Ырғақ»

Бұл ойынды жұп болып ойнауымыз керек. Барлықтарын өз жұптарынды табындар. Бір-бірлеріне қарап кім ойынды жүргізетінің келісіндер. Бір жүргізуші,  ал екіншісі айна болады. Жүргізушінің алақаны кеуде алдында, ал айна болса дәл солай істеуі керек. Әр түрлі қимылды істеу арқылы бір-бірін сезінулері керек. ()

Ойын: «От және мұз»

Барлығымыз орнымыздан тұрамыз. Жүргізуші «от» деген кезде барлығымыз денемізбен от сияқты қимыл-қозғалыстар жасаймыз. Ал, «мұз» деген кезде барлығымыз сол күйде қатып қаламыз.

Ойын: «Жаңбыр»

Қатысушылар шеңбер құрып бір-бірінің артына тұрып қолдарын арқаларына қояды. Жүргізуші оларға тапсырма беріп тұрады.

-         Жаңбыр ақырын себелеп тұр

-         Ол қатая бастады

-         Жаңбыр суы көлге айнала бастады

-         Жаңбыр суы ағып жатыр

-         Су азая бастады

-         Жаңбыр тоқтай бастады

-         Ақырын тоқтады.

-         Жердің барлығы құрғады

Ойын: «Жол, тас, шөп »

Барлығымыз орнымыздан тұрамыз. Мен «жол» деген кезде барлығымыз жол сияқты бейне істейміз, ал «тас» деген кезде тізе бүгіп отырып басымызды ұстаймыз, «шөп» деген кезде барлығымыз бір жерге жиналып шөп сияқты шайқалып тұрамыз.

 Белсенді ойын: «Крокодил» жаттығуы

 Мақсаты: сабақ басында оқушылардың қуаты мен күшін тез мобилизациялау және жұмыс қабілетін жоғарлату.

 Топ екі командаға бөлінеді, өзіне топ атын қояды. Әрбір командаға жаттығулар беріледі.

 1.Әр командадан бір адам шығады, ол жест, мимика арқылы, тапсырма бойынша бір бейне көрсету керек, командасы оны шешу керек;

 2. Команда бірнеше мүшесі бір сөйлемді бейнелейді немесе команданың барлық мүшелері бір фразаны бейнелейді. Бұл ойындағы негізгі міндет- қарсы команда сол фразаны шешу. (аю, түлкі, шәйнек, доп)  бақыт сезімі, реңіш

 

Рефлексия:

 1. Сізге бейне көрсету жеңіл болды ма?

 2. Сіздің көрсеткен жұмбағыныздың жауабын тапқанда қандай эмоцияда болдыңыз? Неге?

 3. Ойын бізді неге үйретеді?

Күтілетін жауаптар: 1 Өз жұбындағы адамдар сені түсінбегені қиын;

2 Әрине, қарсы команданың тез тапсырманы шешкені онша ұнамайды;

 3 Әр адаммен қарым-қатынаста болғанда, не жағдай болсада, әңгімелесу барысында-сабырлық сақтау басты міндет.

Осы топтарға ақ ватмон беруледі сол ватмонаға адамгершілікті бейнелейді. Әр топтан бір адам оны қорғап ат қояды.

 2. Ой шақыру.

 Күнделікті өмірде, біз неше түрлі эмоциялар сезінеміз және де өміріміздегі оқиғалар бізге, біздің өмірімізге, саулығымызға кейде әр түрлі әсерін тигізеді. Осы туралы өз ойыңызды айтыңызшы:

Күтілетін жауаптар: Өмір қиындығы адамның мінезін өзгертеді.Мысалы, ол адам қорқақ болып, өз-өзіне сенімділігін жоғалтады. Айналасындағы адамдарға сенуден қалады.Яғни өзіне сенуден, өзін сыйлаудан қалады.

18 ғас.француз жазушы Вовенарг былай депті: «Өз-өзіңді бағалай біл. Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді!».Ал адам өз-өзін бағалайды егерде ең басты өз-өзін танып, тәрбиелесе. Өзін-өзі тәрбиелеу-өмір талабы. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз-жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу.Әр адам-жеке тұлға. Оған жігер керек.Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсаң көп нәрсеге қол жеткізесің, ал қабілетті, бірақ жігерсіз болсаң, ешнәрсеге қол жеткізбейсің.

 Ой шақыру: Қалай ойлайсыз, адам мақсатқа қол жеткізу үшін қандай болу керек? (Оқушылырдың жауаптары)

 Күтілетін жауаптар: Жігерлі, күш-қуатты, ақылды, адамгершілігі мол, тәрбиелі.

Жауаптарыңызға рахмет, енді ойланыңызшы: бақытына жететің адамның; әрдайым жолы ашық, сәттілікпен дос болған адамның ойы, өмірге, айналасындағыларға көз-қарасы қалай болады?

Күтілетін жауаптар:Өз-өзіне сенімді болғандықтан-олар мейірімді, сабырлы болады.

Бейнетақтамен жұмыс ( тақтада көрсетілген сұрақтарға окушылар жауап беру керек, кейін жауаптар тақтада көрсетіледі)

 Қойылатын сұрақтар:

 Қалайсын, деген сұраққа сәтсіз адам қалай жауап береді?(шамалы, жәй).Ал бақытты адамның жауабы қалай болады? (жақсы, керемет)

 Жолы болмайтын адамның ойы қандай болады? (кедеймін, жұмыссызбын) Ал жолы ашық адамның ше? (бақыттымын, өміріме ризамын)

 Және адамдармен қарам-қатынаста сәтсіз адамның ойы қалай болады?(Менің айналамдағылар өте нашар; оларға сенуге болмайды)

 Ал бақытты адамның қарым-қатынаста қандай ойы болады? (Айналамдағылар өте керемет,әдемі адамдар!)Рахмет жұмысыңызға!

 Мұғалімнің қорытынды сөзі: Әр адам өз өмірінде бақытты болғанын қалайды, ал «Сәттілік қайраттыларға жақын жүреді» депті кезінде Геродот. Сәтті, бақытты болу-ең алдымен өзімізге байланысты. Тек өзін бағалай біліп және өзін сыйлай білген адам- өз күшін, қабілетін біліп, өмірінде жетістіктерге жете алады және туған еліне еңбек етіп, нағыз патриот бола алады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Патриоттық құндылық- елі мен туған жерін, отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт-дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті ұлт аралық мәдениетті дамыту» дегендей, әр қайсыңыз «егеменді елемнің ертеңісімін» дейтін ұл-қыздарымыз бүгүнгі таңда өз-өзін тәрбиелеп, алға мақсаттарды қоя біліп, жан-жақты тұлға болуына өзін жетілдіре біледі.

Ойын: «Ізгі тілек»

Барлығымыз қолымыздағы шарды үрлейміз, оған ізгі тілегімізді жазамыз. (ақылды бол, жолын болсын т.б.)

Осы шарымызды бір-бірімізге сыйға тартамыз.

 Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет!

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Психолог жұмыстарыПсихологиялық жаттығу

Психолог жұмыстарыЖіптік курс

Психолог жұмыстарыКоманда қалыптастыруға арналған "Жіптік курс" психологиялық тренингі "Құбыр"

Психолог жұмыстарыТренинг: «Зейін, ес, қиял – өзгеше бір әлем»

Психолог жұмыстарыҰжымдағы достықты қадірлеуге арналған психологиялық тренингтер

- 5673280

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!