«Сәтті болашағыма қадамым» қайырымдылық сабағы.

24 қазан 2017 - Арай Рахимжанова

Тақырыбы: «Сәтті болашағыма қадамым» қайырымдылық сабағы.

Мақсаты: Оқушылардың өз мінез-құлықтарын тануын және өз-өзін бағалау қабілеттерін дамыту;

 Коммуникациялық іскерлікті және тұлғалық даму тәсілдерін таба білу білімдерін жетілдіру; шығармашылыққа баулу.

 Байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету; өз өміріне позитивтік көз қарас баулу

Міндеті: Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу; танымдық белсенділігін арттыру; Ой- өрісін кеңейту;

 Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақтың әдісі: Ой – толғау, сұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, шар, түрлі– түсті қағаз.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

Танысу: Шеңберге отырып доп беру арқылы бір–бірімен танысады.

Аңыз: Мұғалім қатысушыларға аңызды оқиды (сәл музыка шығып тұрады) 7 мин.

«Кедейдің  жүз күні» аңыз.

Ерте замаңда бір мемлекетте сұлу да көрікті ханшайым болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сұлу ханшайымға жар болу үшін жердің түпкір–түпкірінен қалындықтар келіпті. Келген қалындықтар ханшайымға алтындар, құнды заттар, әшекейлер және т.б. заттарды сый етіпті. Қалындықтардың ішінде бір кедей жігіт болыпты. Онда ештене жоқ тек махаббаты мен тапқырлығы ғана болыпты. Жігіттің кезегі келген кезде ол былай депті:

–       Ханшайым! Мен сізді жақсы көремін. Мен кедей болғандықтан, менің сізге берер еш нәрсем жоқ, сондықтан өзімді құрбандыққа шалып, махаббатымды дәлелдегім келеді.

Тамақсыз, сусынсыз сіздің әйнегініздің алдында жүз күн және түн отырып, күннің ыстық, суығына да шыдаймын. Бұл менің сізге берер сыйлығым. Ханшайымды бұл уәде қызықтырып келісімін берді.

–       Мен саған бір мүмкіндік беремін. Егер де осы сынға шыдасан мен сенің жарын боламын.

Сынақ басталды. Сағат, күндер өтіп жатты. Ал жігіт болса сарай әйнегінің алдында ыстыққа, суыққа, желге, жаңбырға шыдап күндерін өткізді. Ал, ханшайым болса арасында терезеден  қарап қояды.  Уақыт өтіп жатты, адамдар бір-бірімен  бәстігіп кейбіреу өздерінің женіске жететіндігіне қуанып жүрді. Тоқсан тоғыз күн болғанда қала халқы өзінің келешек патшасын қолдауға көшеге шықты. Барлығы көңілді ән салып, би билеп сынақтың аяқталуын тосып жүрді. Ал, жас жігіт сынақтың аяқталуына бір сағат қалғанда ешқандай түсіндірусіз орнынан түрып кетіп қалды. Сол кезде бір бала сонынан қуып жетіп:

–       Сізге не болды? Уәденізге жеткен кезде неге кетіп қалдыңыз?, –деп сұрады.

Сол кезде жігіт:

–       Ханшайым менің көрген қиындықтарымды көріп ешқандай аяушылық білдірмеді, күндерді қысқартуға да тырыспады. Сондықтан ханшайым менің жарым болуға лайықты деп есептемеймін.

Әр адам ешқандай қыйындыққа, адамдардың сөзіне, мазағына да қарамай өз сезімін ашық айтқан адам қолдау және құрметті көрсетуге лайықты. Кімде–кім құлықсыз әрі көңіл бөлмейтін болса ол біздің құрметімізге лайықты емес.

1.     Осы аңыздың ен негізгі мұраты (ойы, мазмұны) неде? (Адам бір біріне қайырымды, көмек жасауға, аяушылық, кқңіл  білдіруі керек)

2.      Ханшайым қандай адам деп ойлайсын?

3.     Жас жігіт қандай адам деп ойлайсын?

4.     Қазір мектеп өмірінде осыған ұқсас жағдайлар кездесе ме? (қонырау арасында, ойын кезінде)

Жаттығу: “Сезімінді жеткіз”10 мин.

Қатысушылар бір –  бірінің артынан тұрады.Соңғы адам алдындағы адамға мимика арқылы сезімдерді, қимылды көрсетеді (қуаныш, ашу, таңғалу, жылау)және т.б.Келесі адам сол сезімді, қимылды қайталап көрсету керек. Жаттығу жалғаса береді, сол сезім, қимыл бірінші көрсеткен адамға келген кезде сол адамнан сұралады өзінің көрсеткен қимылы, сезімі қайтып келді ме?

“Дыбыстық гимнастика” 8 мин.

-         Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен танысу, ішкі және сыртқы сезімді жақсарту.

-         Гимнастиканы бастамас бұрын жүргізуші жаттығудың шартын түсіндіреді. Бұл жаттығуды орнымыздан тұрып, арқамызды тік ұстауымыз керек және тыныштықты сақтауымыз қажет.  Ең бірінші терең дем аламыз, сосын дем шығарған кезде қатты және бар күшімізбен дыбысты айтамыз.

-         А —  бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді
Е — ауыз кеңірге әсер етеді;
И — миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді
О — жүрекке және өкпеге әсер етеді
У — ішкі құрылысқа әсер етеді
Я — мүшелердің бүкіл іс әрекетіне әсер етеді
М — мүшелердің бүкіл іс әрекетіне әсер етеді
X — организімнің тазаруына көмектеседі
ХА — көңіл күйдің көтерінкі болуына көмектеседі

Тренинг «Фермер» 8 мин.

Мақсаты: Стрестік жағдайды жою, эмоционалдық көңіл-күйді көтеру.

1.Шеңберге тұру бір-бірінің арқасынан ұстау.

-Жүргізуші әңгіменің мазмұның айтып тұрады көрсеткен қимылды қалғандары істейді.

1.Фермер егін егу үшін жер таңдайды (бір-бірінің арқасынан жоғарыдан төмен сипайды).

2. Жер жыртады (саусақтарымен жүргізу).

3. Тұқым себеді (саусақтарымен нүктелер қою).

4. Жаз бойы күтеді, су құяды (сипалау), арамшөпті жұлу (саусақпен шымшу). Егін жайқалып өседі (сипалау).

5. Егінді орады (жұдырықпен жүргізу).

6. Диірменге бидайды жинаймыз, көп қапқа саламыз (жұдырықпен арқадан соғу).

7. Ұнды үйіне әкелді, қамыр иледі (жұдырықпен қамыр илеу).

8. Оқтаумен жайма жаю (арқадан жұдырықпен соғу).

9. Астарыңыз дәмді болсын!

Рефлексия занятия. 15 мин.

Мақсаты: Басқа адамның қандай сезімде екенін білуге көмектеседі. Шығармашылық қабілетті арттыруға көмектеседі.

            Сұр қоян.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы –қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

 

Оқушылар кезек кезекпен тапсырманы орындайды.

1.     Өлен шумағын айту

2.     Өлеңді тез айту

3.     Бірінші әріптің орнына Э әріпін қойып айт

4.     Робот  сияқты айт

5.     Дауысты ақырын  шығарып айту

6.     Өте баяу айту

7.     Таспақа сияқтыжылдамдықпен  айту

8.     Қорқақ  қоян сияқты айту

9.     Арыстан сияқты айту

10.                      Жас бала сияқты айту

11.                       Қарт адам сияқты айту

12.                      Шегіртке сияқты секіріп айту

13.                      Бақа сияқты секіріп айту

14.                       Өз сезімдерінді білдіріп айту

Упражнение «Адамгершілігі мол адам»9 мин.

Қатысушыларға шар мен түрлі-түсті бояу беріледі. Ол шарларға қатысушылар өзіне тән жақсы қасиеттерді жазады. Бұл жазған қасиеттер қайталанбау керек.Осы шарларды лақтырып өзіне басқа бір шарды ұстап алу керек. Сол шардағы қасиетті «Мен… адаммын» деп айтужәне өзіне қабылдап алу.

Ойын: «Жол, тас, шөп » 5 мин.

Барлығымыз орнымыздан тұрамыз. Мен «жол» деген кезде барлығымыз жол сияқты бейне істейміз, ал «тас» деген кезде тізе бүгіп отырып басымызды ұстаймыз, «шөп» деген кезде барлығымыз бір жерге жиналып шөп сияқты шайқалып тұрамыз.

Рефлексия:

 1. Сізге бейне көрсету жеңіл болды ма?

 2.  Ойын бізді неге үйретеді?

Ой шақыру.

 Күнделікті өмірде, біз неше түрлі эмоциялар сезінеміз және де өміріміздегі оқиғалар бізге, біздің өмірімізге, саулығымызға кейде әр түрлі әсерін тигізеді. Осы туралы өз ойыңызды айтыңызшы:

Күтілетін жауаптар: Өмір қиындығы адамның мінезін өзгертеді.Мысалы, ол адам қорқақ болып, өз-өзіне сенімділігін жоғалтады. Айналасындағы адамдарға сенуден қалады.Яғни өзіне сенуден, өзін сыйлаудан қалады.

Ой шақыру: Қалай ойлайсыз, адам мақсатқа қол жеткізу үшін қандай болу керек? (Оқушылырдың жауаптары)

 Күтілетін жауаптар: Жігерлі, күш-қуатты, ақылды, тәрбиелі

 Жауаптарыңызға рахмет, енді ойланыңызшы: бақытына жететің адамның; әрдайым жолы ашық, сәттілікпен дос болған адамның ойы, өмірге, айналасындағыларға көз-қарасы қалай болады?

Күтілетін жауаптар:Өз-өзіне сенімді болғандықтан-олар мейірімді, сабырлы болады.

 Бейнетақтамен жұмыс ( тақтада көрсетілген сұрақтарға окушылар жауап беру керек, кейін жауаптар тақтада көрсетіледі )

 Қойылатын сұрақтар:

 Қалайсын, деген сұраққа сәтсіз адам қалай жауап береді?(шамалы, жәй).Ал бақытты адамның жауабы қалай болады? (жақсы, керемет)

 Жолы болмайтын адамның ойы қандай болады? (кедеймін, жұмыссызбын) Ал жолы ашық адамның ше? (бақыттымын, өміріме ризамын)

 Және адамдармен қарам-қатынаста сәтсіз адамның ойы қалай болады?(Менің айналамдағылар өте нашар; оларға сенуге болмайды)

 Ал бақытты адамның қарым-қатынаста қандай ойы болады? (Айналамдағылар өте керемет,әдемі адамдар!)Рахмет жұмысыңызға!

 Мұғалімнің қорытынды сөзі: Әр адам өз өмірінде бақытты болғанын қалайды, ал «Сәттілік қайраттыларға жақын жүреді» депті кезінде Геродот. Сәтті, бақытты болу-ең алдымен өзімізге байланысты. Тек өзін бағалай біліп және өзін сыйлай білген адам- өз күшін, қабілетін біліп, өмірінде жетістіктерге жете алады және туған еліне еңбек етіп, нағыз патриот бола алады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Патриоттық құндылық- елі мен туған жерін, отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт-дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті ұлт аралық мәдениетті дамыту» дегендей, әр қайсыңыз «егеменді елемнің ертеңісімін» дейтін ұл-қыздарымыз бүгүнгі таңда өз-өзін тәрбиелеп, алға мақсаттарды қоя біліп, жан-жақты тұлға болуына өзін жетілдіре біледі.

Тренинг бағыты. 5 мин.

Жүргізушінің сонынан қимылымен, сөзін қатысушылар қайталайды.

1.     Мен өзімді қандай болсам да жақсы көрем

2.     Кішкентай болғым келеді

3.     Үлкен болғым келеді

4.     Семіз болғым келеді

5.     Арық болғым келеді

6.     Көңіл – күйсіз болғым келеді

7.     Көңілді болғым келеді

8.     Мен өзімді қандай болсам да жақсы көрем

9.     Бұның барлығы керемет

 

Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет!

 

 

 

- 5673535

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!