Мақал-мәтел

12 ақпан 2018 - Нургиза Кульджина

Тілекқалидың  шығарған  мақал-мәтелдері:

·      Судың да, ақшаның да сұрауы бар.

·      Суды да, ақшаны да керекті арнасымен жұмса.

·       Шөп сумен өседі, шенеунік парамен өседі.

·       Су тазалығымен, ақша еңбегімен көрікті.

·      Бақилық болған адамды сумен тазартады, ақшамен жөнелтеді.

·       Шөлден өлетінге бір жұтым су бер, аштан өлетінге бір нандық ақша бер.

·       Ақшасы көп адам сыйлы, ақшасы жоқ адам сорлы.

·       Араққа жұмсаған ақша харам, асқа жұмсаған ақша халал.

·       Ақшаң бар болса, сұрағанға емес, қадіріңді білетінге бер.

·       Қарызға  ақша  берген адам  сүйкімді.

·       Ақшаның да, судың да көзі болады.

·       Қалтаңда ақшаң болмаса, қыдырма.

·       Суды ыдысқа құйып сақтайды, ақшаны тығып сақтайды.

·       Судың беті ашық болса былғанады, ақшаң  ашық жатса  ұрланады.

·       Өзен суы көбейсе сел болады,  ақшаң  көбейсе досың жау болады.

·       Ақшаға құнықсаң  құлқыныңды теседі, араққа құнықсаң абыройың кетеді.

·       Сумен жер көгереді, ақшамен проблема шешіледі

·       Сұрағанда балаңа ақша берсең, қуанып сені жақсы көреді, бермесең өшігіп, жек көреді.

·       Туысыңа ақша берсең қарыз деп емес, парызым деп бер.

·       Су бар жерде тіршілік болады, ақша бар жерде ұрлық болады.

 

- 1729098

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

1

Блогтағы жазбалар