Мен ешбір үйренбеспін қалаға

23 ақпан 2018 - Нургиза Кульджина

МЕН    ЕШБІР   ҮЙРЕНБЕСПІН   ҚАЛАҒА

 

Мен ешбір үйренбеспін қалаға,

Жаным мұнда, бірақ ойым далада.

Тағдыр айдап,қаңбақтай боп келгенмен,

Ауыл көркі сіңіп қалған санаға.

 

Ауылыма бар аңсарым ауып тұрады,

Қаланың тар көшесі жалықтырады.

Сейіл құрып серпіліп тауға щықсам,

Ағзамды құлан таза сауықтырар.

 

Аман саулық тілеймін өскен жұртқа,

Сәлемімді жолдаймын ұшқан құстан.

Ол сәлемім аздай болып көрініп,

Дұғай сәлем жолдаймын көшкен бұлттан.

 

Көз алдыма елестетем ауылымды,

Биік шыңды өркөкірек тауларымды.

Жусан исі аңқып шығар қырларында,

Бұлтты күні найзағайлы, жауынды.

 

Сағынышпен даламды көрсем деймін,

Ағайынға сәлемімді берсем деймін.

Аттан түсіп кіріп шықсам қара қосқа,

Әкем менен анам сонда жүргендейін.

 

Тілекқали  Сәлімбаев

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихПәлсафалық ойлар

ТарихМен және менің оқушыларым қалай өзгерді? (Эссе)

Ұстаз ұйымдастырушыӨнегелі өмір белестері

ҰстаздарғаМен – “Президенттің ұлымын”

- 2027977

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар