Ризамын

24 ақпан 2018 - Нургиза Кульджина

Ризамын

Нәзік мінез, талдырмашым ақылды,

Сыйлай білген үлкен – кіші жақынды.

Салт – санасын сақтай білген жарқыным,

Бағалаған әке айтқан нақылды.

 

Құрсақ болса анадан сендей болсын,

Әке көрген оқ жонса сендей жонсын.

Сені өсірген еліңе мен тілейін,

Бағы жанып, көркейіп, Қыдыр қонсын!

 

Тарбағатай, Қарабарқыт тауларын,

Етегінде  талай тойлар тойлансын.

Қабанбайдай бабалардың  қасиетті,

Аруағы жебеп жүрсін, қолдасын.

 

Ақылына тыңдай білген көңіл қояр,

Мінезіне көрген адам көңілі тояр.

Аты аңызға айналған қазағымда,

Қыз Жібек, Баян сұлу сендей болар.

 

 Ел мақтаса мақтайды жақсыларын,

Құрметіне бөленген асылдарын.

Ардақтаған жұртыңды көзім көрді,

Мен соныңа ризамын асыл жарым.

 

Айналдым сені өсірген ауылыңнан,

Ата-анаң, жақын туыс бауырыңнан,

Еркелетіп, қадір тұтып, қастерлеген,

Айналдым мәртебелі қауымыңнан.

Сәлімбаев  Тілекқали

 

- 2027965

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар