Ағаш бетіне ою - өрнек түсіру

16 ақпан 2018 - Алтынбек Сағынов

 

Күні:1.02.2017ж.                                                  Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру


Сабақтың мақсаты:  Ағаш бетіне ою-өрнек салуды  сарамандық түрде жасау


а)Білімділігі: Ағаш бетіне үш тіліп ою тәсілі мен үшқырлы ойық өрнек түсіруді меңгерту.


ә)Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы арнаулы пышақпен жұмыс жасау қабілетін дамыту

б)Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, іскерлікке тәрбиелеу

Сабақ типі: Аралас сабақ


Сабақ әдісі: Түсіндірме — практикалық


Көрнекілігі: плакат, ою өрнек түрлері.

Сабақ барысы    

I Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару


II Үй тапсырмасын тексеру

«Тізбектей сұрау» әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.
Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді.

Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін.
Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі — өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі – бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.
Үшқырлы ойық өрнек. Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1. Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою
2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою
3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою
Геометриялық өрнекті ою кезінде оның қарапайым түрлерінен бастап, қолды жаттықтырады. Ол үшін тақтайдың бетіне алдын ала араларын 10 мм етіп, бірнеше көлденең және тігінен (шаршы немесе тіктөртбұрыш) сызықтар сызылады. Нәтижесінде шаршының немесе төртбұрыштың диагональ қиғаш сызықтарын сызып, оны үшбұрыштарға бөледі. Ойық өрнек кесетін үшкір пышақты тік ұстап, үшбұрыштың төбесінен пышақты батырыңқырап, оның табанына қарай жүргізіп, ағаш талшығын кеседі. Үшбұрыштың екінші қабырғасын да осы тәсілмен кеседі. Үшбұрыштың ортасын пышақтың ұшымен төбесіне қарай тереңдете батырып алып тастайды. Нәтижесінде үшбұрыштың төбесінде тереңдетілген көлбеу ойық шығады. Ойық үшбұрыштың төбесінің тақтай бетіне тереңдігі 1,5-2 мм болады. Егер үшбұрыш ағаш талшығына көлденең немесе қиғаш келсе, онда пышақтың ұшымен тереңдете жұқалап екі-үш рет жаңқалай жона кесіп алады.

IV.Машықтық кезең.

Ағаш бетіне салуға болатын ою өрнек түрлерінің эскизін салу.

V.Қорытынды.

1. Ою өрнек неше түрге бөлінеді?

2. Ағаш бетіне оңай салынатын ою атауы?

VI. Бағалау

Оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау.


VII .Үйге тапсырма беру

§ 20

Осыған ұқсас жазбалар:

Бастауыш"Астана" К.Ахметова

БиологияБактерия

БиологияҚалқанша безі

- 2027969

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар