Сатылатын дерт

18 желтоқсан 2016 - Базаргүл Алтынбекқызы

Тақырыбы: Сатылатын дерт

Мақсаты: Дәл қазыр адамзат ұрпағына төніп турған экологиялық проблеманың түйінін ашу, нашақорлық, алкоголизм, шылым шегу сияқты жаман аурулардың пайда болуын, қоғамга, адамдарға осы аурулардың зардаптарын түсіндіру, ашып көрсету.

Оқушылардың өмірге,әсіресе, адамзат  ұрпағына деген аяушылық  сезімін, аурудың алдын алуды үйрету.Жаман әдеттен бойларын аулақ салудын, оқушылардың санитарлық –гигиеналық  талапқа сай болуын қалыптастыру, дамыту.

Көрнекіліктер: сызбалар, нақыл сөздер, суреттер

Барысы

І. Үйымдастыру

ІІ.Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Сатылатын дерт» тақырыпта өткелі отыр. «Дерт» деген сөздің синонимы не?

-Өте дүрыс.Міне, сатылатын ауру болады екен.Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауында «Жалпы адамдар неліктен  өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен  қарауға тиіс. Мен  барлықтарыңызды  шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын»-деп шылым,ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін  әдетттерге күрес бар екенін айтқан. Енді осы зиянды әдеттердің адам ағзасына қаншалықты зиян екендігі  туралы білетіндеріңді, дайындалғандарынды ортаға салсақ.

 (2 бала шығып кезек-кезек айтады)

-Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті.

Иіскеген жастардың,

Жан тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау –есірткі.

КӨРІНІС     (Басы төмен салбырап, мүңлы жас жігіт шығады)

-Ей,  жас жігіт,

Жан едің сен гүл жүзді

Солып қапсын

Тыныштығынды кім бүзды?

-Өмір қатал

Көңіліне  қарай  ма?

Душар болдым қайғыға.

Енді арылу оңай ма?

-Не деп кеттің?

Қандай қайғы айтқаның?

Қане отыр да

Түсіндіріп айт бәрін.

-         Ізгілікті зұлымдыққа талаттым

Денсаулықтың барлық алтын – асылын

Пенделіктің орманында тонаттым

Жастайымнан қулы болдым,қайтейын

Наша менен арақтың!

-         Жоқ, сабыр ет

Әттең өзің жанбай жатып,

Жақын түрсын сөнуге.

Сені терең ойға тартар

Бір әңгіме шертейін.

Тында, қане, жарқыным.

-Тындап түрмын, айтыныз.

-Сонау ерте заманда

«Дерт» деген үлкен қамалға

Сырқат атты азулы хан басшы бопты

Қатерлі жау адамға

Хан тағына талас екен.

Кәрілікте, енжарлықта

Темекі мен арақта.

СЫРҚАТ ХАН

-Уа, халайық!

Көп  толғанып, ойға келдім мынадай

Хандығымның төрт тағандап,

Тұруы үшін құламай

Бар әлемді жаулау  керек,

Кенде емеспіз күштен де

Тағдыр біздің данқымыз

Әлде келте пішкен бе?

АРАҚ

-Тоқта, тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай

Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын

Ақырындап уақыт өте әлемді де  қармаймын.

(Әдемі киінген темекі жан жағына жымия күліп келеді)

 ТЕМЕКІ

Уа, тақсырым,

Маған сен.

Барлық адам өмірін

Көк түтінге улатып,

Тәнін жаулап алам мен.

ХАН(ызаланып)

-Тағы кім бар?

 

(жарқылдап, жалтылдап сахнаға наша шығады)

 НАША:

-Мына мен бар!

Уа, халайық,қарандар,

Көз көрмейтін сиқырым бар,

Еліктірер адамды

Осы өнермен әп-сәтте-ақ

Жаулап алам ғаламды.

СЫРҚАТ ХАН:

-Өзің маған ұнап қалдың

Пері екенсің талапты

Таңғы азанмен жолға шыққын

Қосы берем темекі мен арақты

Ал, тұғандар,

Еңді үкім тындандар!

Серік қосып жіберейік нашаны

Денесіне еніп алса адамның

Саулық өзі-ақ қашады.

-Ертесінде жолға шықты үш пері

Дүниені төнкерердей күштері

Үш күн, үш түн шарлаған сон ғаламды

Саулық ханның ақ сарайы көрінді.

АРАҚ:

-Ей, адамзат, неге жүрсің серіксіз?

НАША:

-Танысайық, жақындасайшы сен бізге.

ТЕМЕКІ:

-         Біз достықта әрқашанда берікпіз.

 

-         Бүрын көрген секілдімін бір жерден

Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?

-Айнааға асыл нұры шашылып

Жетіп келді Саулық ханда асығып.

Айбарынан саулықтың шошып кетті үш пері.

Жан – жағына қарамай қашып кетті шашырап.

САУЛЫҚ ХАН(ашуланып)

-Ей, ақымақ, ақымақ.

Жақын болма жаманға

Жалынынды сөндіріп,

Жастығынды күйдіріп

Сезімінді қорлатасын оларға.

СПОРТ:

-Алдияр хан! Денсаулықтың басшысы,

Жан-тәнімді өз қолына беремін

Бір өзінсің адамзаттын сақшысы

Айтқанына көнемін.

САУЛЫҚ ХАН:

-Жан екенсің жүрегінде жалын оты лаулаған

Жарқынымау, кешіремін мен сені

Назарынды басқа жаққа аударам,

Ал сен енді, қарсы алуға әзірлен,

Сен қадірлер қасиеттің барлығын

Осы араға шақырамын қазір мен

Спорт, сенің адамнан тілегін не?

СПОРТ ДАУЫСЫ:

-Мен үшін тек денесі болсын таза,

Қандай пәле болса да өзім жазам.

Қарандаршы, шықты спортшы жастар ортаға.

САУЛЫҚ ХАН:

-Ақыл! Ақыл!

Қайдасың сен, неге алмайсың бір тыным?

Үзақ түндер неге сенің айқаспайды кірпігің?

АҚЫЛ   ДАУЫСЫ:

-Алдияр хан! Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?

Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.

Тыныштық жоқ, күзетемің жамандықтан еліңді

Сондықтан да  тыным таппай торп жүрем.

(Жігіт қалды ойланып

-Тек жүзінді төмен салма,

Нашақорға жақын болма.

Тек көзінді жасауратпа,

Сенің көзін заман үшін бағалы,

Сенің әнің асқақ шықса,

Қоғам даңқы жоғары.

   -Өкінішке орай, адам ағзасына өте зиянды өсімдіктің әлемге қалай тез таралғанын ешкім көз алдына елестете алмайды. Шын мәнінде темекі

зиянды ма? Темекі түтінің құрамында организмге  зиянды 1200-дей зат бар. Оның ең зияндысы –никотин.Темекі тартатындардың темекі тартпайтындарға қарағанда өмірі 7-15 жылға қысқа келеді.

      -Өкпе рагынің -90, өкпе  ауруының -75, жүрек ауруының 25 пайызы темекіден болады. Әрбір 100 грамм темекі түтінінен 5-7 грамм қара күйе шығады.Құрамында рак ауруын тудыратын бензпирен, бензатрацен т.б. ұлы заттар бар.

(Бөтелкемен тәжірибе көрсету).

     -Күніне бір қорап темекі тартқан адам жылына 700-800 грамм қара күйе жұтады. Ғылыми зерттеулер ұлы түтін адамның ми, сезім, тыныс жолдары, ас қорыту, жүрек, қан тамырлары және жыныыс мүшесінің өызметін бұзатындығын дәлелдеген.

  — Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды.Бірақ, олар өз денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар. Темекі тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы  керек.Бос уақытың қызықты өткізіп спортпен  шуғылданса, темекіні тастау оп –онай. Сонда ғана өзінді –өзің орға итермейсың.

КӨРІНІС  «Шылым шегудін пайдасы»

(Ақ сақалды даңа ме жас бала).

-         Ата, мен шылымды шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бүл денсаулыққа пайдалы ма?

-         Шылым шегудін үш түрлі «пайдасы» бар, балам.Біріншіден, шылым шеккен  адам ешқашанда  қартаймайды.

-         Қалайша?

-         Себебі, олар қартайып үлгермейды. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады. Олар жастай өліп кетеді, балам. Екіншіден олардың үйын ешқашан  ұры тонамайды.

-         Қалайша?

-         Себебі, балам, шылым шегетің адамның өкпесі таза болмайды да, күндіз-түні күркілдеп  жөтелу мен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай да алмайды. Үшіншіден, шылым шегетін  адамды ешқашанда ит қаппайды.

-         Қалайша?

-         -Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал, қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын?

(Ақсақал қүлана жымиып қояды да кете береді, ал бала ойланып қалады).

-Темекі тартқанның қасында отырғандар да темекіден зиян көреді. Отбасында темекі тартқан  әке балаларын да  уландырады.Жабық жерде және автобустарда темекі шеккендерді белгілі өреде ұлайтының  ескерген жөн. (Суретпен жұмыс)

 

-Әдеттенбегендер мүлде жоламасын, құмарланғандар ертерек құтылудын жолын  қарастырсын.

 -Есірткі тобындағы заттар, көбінесе  көкнар өсімдігінен екі жолмен жасалады:

1. Көкнар өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен  жарғанда  аққан сұйықтық тың күнге кептірілуінен жасалатын апиын  сағызынан  өндіріледі.

 2. Піскен ұрық қауашағының қурғақ  артықтарынан  өңдіріледі.

 (Сурет көрсету)

-Нағыз бұзылған нашақор түзелмейды, емдеуге де  келмейді. Қоғамның саналы мүшесі емес. Ал біз осыған еліктетіп жүрген мындаған құрбыларымызды бұдан сақтап  қалуға тиіспіз. Адамдарды нашақорлыққа  баулау-қылмыстың ең зоры. Біз ХХІ ғасырдың болашағын құрамыз, сондықтан, аталмыш апатпен күресуді  қазірден өз  қолымызға  алуымыз  керек.

1. Ана жерде бір қыз жүр,

Мына жерде бір ұл жүр.

Екеуінің біреуі

Наша шегіп қор боп жүр.

Қайырмасы:

Ау, халайық-ау, халайық,

Нашаға қарсы түрайық.

Болашағымыз үшін

Спортпен дос болайық.

2. Наша шеккен ұлымыз

Өз тамырын қиіп жүр.

Ал спортшы қызымыз

Бәрінен де озып жүр.

Қ –сы.

3. Салыстырып екеуін

Бір нәтиже табайық.

Наша шеккен жақсы ма,

Талдап қана қарайық.

Қ-сы

-             Бар әлемді жаулап алған нашақорлық жойылсын! Алдымызға мақсат болып тек жақсылық қойылсын.!Қазақстан бар әлемге жан-жағымен танып қасиетті «Алаш елі»тоқшылыққа бой ұрсын. Елің болса нарық заман өткелінде, қарағым.Нашақорлық қасіретінен арыла алсаң жарадың. Сенің тенің  арақ емес, наша емес білгенге. Болашаққа ұланып мен, енді қалай барамың?

2030-дін біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Өркениетті  әлемді қорғау үшін,

Нашаға қарсы күресу парызымыз.

Хормен: Нашақорлыққа қарсы күрес әлемді құтқарып қалады.

-             Есірткі, анаша-ғасыр тажалы.Онымен  қазір бүкіл әлем күресуде. Осы жайлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  2030 стратегия жолдауында  ІV тарауында жат қылықтарға қарсы күрес және темекі мен ішімдікті  қысқарту, денсаулықты жақсарту туралы көрсетілген. Осы жолдаудан гейін өздерін байқаған шығарсындар  теледидардан ішімдіктердін, темекілердін жарнамасын дереу тоқтатқан.

-         Қорытындылай келе, темекінін қаншалықты зияны,қандай ауруға ұшырататының айта кетсек .

              Схема арқылы

Темекі құрамында никотин деген  у бар. Ол организмді  тез уландырады.

темекі

 

 

 

смола                                                                         Эфир майы

Түтін  құрамында

 

 

көміртек                                                                 Көмір қышқылы

тотығы

                                                                   

                                                                    Күкірт сүтегі

                    аммиак

                                                азот

Ал бір смоланын құрамында 4 мыннан астам химиялық заттар бар, сонын ішінде 43 жуығы рак ауруына шалдығатын белгілері бар.Темекі тартатын  адамдар мынандай

 

Ауруларына шалдығады

 

 

                                        Зейіндері, есте

                              сақтау қаблеті төмен   жүрек                                        көмекей және өкпе рагы

                                                                                            өкпе

жөтелдіредіжәне қақырық

пайда болады

                                                                                                                                                 сана сезімдері нашарлайды

асқазанда жара

пайда болады

                                                                                                                                     жалқаулыққа бейім келеді

 

                                               ұйқысы қашады

Еліміздің «Қазақстан -2050 »стратегиялық бағдарламасында  салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен  шұғылдану  мәселесі  қаралған. Сондықтан:

 -Көк  түтінге жас өкпенді ыстама,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.

Ер жетүдің белгісі деп бұл да бір

Әуес көріп ұстамасты ұстама.

ІІІ. Қорытынды

-         Балалар, мына сұрақтарға жауап беріңіздерші.

1.     Осы зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстаймыз. Ол үшін не істеу керек?

2.     Адамдар нашаны не үшін шегеді?

3.     Салауатты өмір салты –денсаулықтың кепілі  дегенді қалай түсінесіңдер?

-Есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді.  Тек өзі ғана емес, ата-анасының, бауырларының, жанашыр жақындарының бәрінде қоса жылатады. Осыған дәлел ретінде  осы нашадан зардап шеккенкісінің хатын оқып берейін.

(Хат оқылады)

-міне, осындай жамандықтан аулақ болайық, салауатты өмір- салтын қалыптастырайық.Елбасымыз айтқандай «Дені сау баласыз, елдің келешегі жоқ»

IV. Синквейн құру .

   Наша деген сөзге

Үйге тапсырма: Денсаулыққа байланысты мақал-мәтел жазып келу.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1476566

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru