Арнау

5 желтоқсан 2016 - Құрмангүл Баяхметова
Арнау

Безродных атындағы орта мектебінің

     7-сынып оқушысы 

    Тұрсымбаева Балауса 

                Тәуелсіздік – бағымыз

Азаттықты аңсаған қазақ сонау ғасырдан,

Ата-бабам сол үшін таңды-таңға асырған.

«Алашым» деп ел үшін жанын қиған кезінде,

Бостандықтың бағына жету үшән асыққан.

 

Тәуелсіздік жетіпті желтоқсан  ызғарымен,

Қатал қыста мұз құшқан бойжеткеннің қанымен.

Осы біздің уайымсыз бейбіт күннің ақысын,

Желтоқсанның жастары төлеп кетті жанымен.

 

Жиырма бес жыл өтіпті із қалдырып артына

Бостандықты батырлар сыйлап кетті халқына.

Намысың болса бойыңда ей, Жас ұрпақ, теңдесім!

Ере көрме еліктеп, өзге жұрттың салтына.

 

Тәуелсіздік таңы атты, жас ұрпақтың бағына,

Нұрекеңдей Елбасым орнықты отыр тағында.

Басы айналған бақыттан ұрпағымын қазақтың,

Ширек ғасыр елдігін тойлап жатқан шағында.

 

Тіліміз бар, үніміз бар өзге жұрттар қызыққан,

Дініміз бар ең асыл Ислам деген соны ұққын.

30 елге жетеміз деп мақсат қойдық алдыға,

О, Тәңірім, Мәңгілік Ел атануға нәсіп қыл!

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаАбайға арнау

ҰстаздарғаАбайға арнау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1546631

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru