ЖАҢҒЫРАМЫЗ! КӨШЕМІЗ! ЕНЕМІЗ!

9 желтоқсан 2017 - Инабат Онгалбаева

Жаңа кезең басталды жаңғыруға

Ескілікті көштік біз қалдыруға.

Қайта түлеу орын алса ортамыздан,

Ұлт боламыз бөлінбейтін сан ұруға.

 

Ел боламыз арқа шаңын қақтыратын,

Жер-көкке жарқ еткізер жарық атын.

Ел боламыз жаңғырып, жасаратын,

Әлем тұрып орнынан қол соғатын.

 

Ел боламыз тарихты үлгі ететін,

Келешекке өткенмен жүріп өтетін.

Ел боламыз есімі таңбаланған,

«Тарих» десе есіне біз түсетін.

 

Әнұраны жерде, көкте естілетін,

Қара сөзбен, айтыс, күймен ем беретін.

Әнмен, жырмен асқақтар ел боламыз,

Бүкіл әлем тек бізді жыр ететін.

 

Салт-дәстүрі санасында жаңғырар,

Кішілігі бар елді таңдандырар.

Шапан жауып, ат мінгізбей тек қазаққа,

Ел боламыз бар ғаламды қонақ қылар.

 

Ағылшын да, орысың да, қысық қытай,

Дөңгеленген дүние жүред былай:

«Кел, бауырым, қымыз іш, төріме өт,

Шапанды ки, атымды мін дәл қазақтай!»

 

Елімдегі бар жаңалық айтылып,

Дүрліктірген дүйім дүние жүр біліп.

Ағылшынша, орысша да білгенімен,

Тек қазақша сайрап тұрад кеңдігім.

 

Көшед қаріп келсе уақыт бәрі құп,

Тұрад мендей қазақшаны бәрі ұғып.

Арман емес айналмайтын шындыққа,

Бұл тек жоспар орындалар ап-анық!

 

Ел боламыз отыздықта орны бар,

Отыз жасқа жетпей енген жөні бар.

Отыз да емес, оныншы емес, айтайын,

Тек бірінші тұрад міне, төрі бар!

 

Армандамай сіз де, мен де отырып,

Тер төгейік, рух көтеріп, жаңғырып.

Алдыңғы арба жалғыз жүріп тартпасын,

Жұмылайық игі іске бір болып.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышБастауыш бастамам

Ұстаз үніМектепке арнау

Қазақ әдебиетіБерекелі Боранқұл!

Қазақ әдебиетіАқұштап Бақтыгереева"Әнге сөз жазған-сәттерде"

БастауышҚош бол,Бастауыш мектеп

- 5685529

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!