Мен жастарға сенемін

15 желтоқсан 2016 - Құралай Орманова

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебі

11 сынып оқушысы

Әбдірәсіл Дидар Ерболқызы

"Мен  жастарға  сенмін"   

Оқушы  шығармашылығы.  Тәуелсіздік  таңы.

 

                                                                   Мен  жастарға сенемін!

 

Қиындықты ақылменен жеңетін,

Белсенді әрі парасатты келетін.

«Отаным» деп  маңдай терін төгетін,

Мен жастарға сенемін!

Арынан да биік қойған туған жердің намысын,

Күресетін, күш салатын Отанының қамы үшін.

Арнаған бар жеңісі мен табысын,

Мен жастарға сенемін!

Егемен ел Қазақстан төрінде,

Сәулесі тұр шағылысып көгінде.

Қанаттанған сол сәулемен бүгінде,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде жалындаған от ойнар,

Сөздерінде болашаққа сенім бар.

Жанынан да биік тұрған намыс, ар,

Мен жастарға сенемін!

Өсер елдің ұландары айбынды,

Армандары биік ұстау жарқыраған ай-күнді.

Алға қойған мақсаттары айқынды,

Мен жастарға сенемін!

Қиялы мен шексіз арман-талабы,

«Туған жер» деп басатын әр қадамы.

«Туған жер» деп тебіренер қаламы,

Мен жастарға сенемін!

Қазағымның желбіресін көк туы,

Білім алсын, еркін өссін қыз-ұлы.

Сайрандасын аң мен құсы даламның,

Сайрап әнін шырқасыншы бұлбұлы.

Өсер елдің ұланымыз қайратты,

Құламасын алтын күнді байрағы.

Әнұраны қазағымның шырқалған,

Бақытты ғой өр дала, кең аймағы!

Отыз жасар желтоқсан

Тарихыма өз таңбасын нық басқан,

Тәуелсіздік келген жоққой о бастан.

Көк байрағым желбіресе көгімде,

Сенің арқаң отыз жасар желтоқсан.

Бар қаһарын төгіп тұрды жер аспан,

Жас Қайратым жасқанбастан үн қосқан.

Еркін ел боп өзгелермен теңелсек,

Сенің арқаң отыз жасар желтоқсан.

Өр руһты қыздалдақтар бүр ашқан,

Үзілді әні жаңа әуелеп қыр асқан.

Сәбира мен Ләззатты да танытқан ,

Сенің арқаң отыз жасар желтоқсан.

Жерімізге қызығады көрген жан,

Басымыздан қиыншылық өтті сан.

Бабалардың қорғап қалсақ мұрасын,

Сенің арқаң отыз жасар желтоқсан.

Елтаңбасы бар, әнұраны бар қыр асқан,

Тәуелсіздігім асады жиырма бес жастан.

Отыз елге жетеміз деп талпынсақ,

Сенің арқаң  отыз жасар желтоқсан.

Болашақтан жақсылықты шын тосқам,

Сұрайтыным келер ұрпақ бар жастан.

Бейбіт күннің білейікші қадірін .

Дем берейік қадамына әр басқан!

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыАр-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан

Тәрбие сағатыТәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым

Тәрбие сағатыЖелтоқсан жаңғырығы – жадымызда

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

БастауышТәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1874696

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар