Нәтижеге бағытталған білім беру кепілі - оқыту процесін технологияландыру

8 қаңтар 2017 - Назымкүл Жайымова

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы 

«№1 мектеп-гимназиясы» КММ

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

 Жайымова Назымкүл Сағынайқызы

Нәтижеге бағытталған білім беру кепілі — оқыту процесін технологияландыру

«Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес,

ол жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж. Аймауытұлы

Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру-олардың жаңа педагогикалық технологияны меңгеруінің алғы шарты. Ал мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі мен оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі-уақыт талабы. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады.

Осы орайда біздің мектебіміздің 40 мұғалімі қазақстандық педагогикалық технология авторы Ж.У.Кобдикованың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)»   технологиясы  бойынша білімдерін жетілдіріп, І кезеңнің арнайы сертификатын алды. Технологияны тәжірибеден өткізуді жедел түрде жүзеге асыру мақсатында технология авторымен бірлесіп келісім-шарт жасалынды. Пән мұғалімдері өздері сабақ беретін бір сыныпта осы технологияны тәжірибеден өткізу үшін күнтізбелік жоспарды модуль түрінде қайта жасап, әр сабаққа арнайы жұмыс дәптерінің тапсырмаларын дайындады. Айта кететін жайт, жұмыс дәптерін дайындау әр мұғалімнен теориялық, әдістемелік тұрғыдан үздіксіз ізденуді қажет етеді. Себебі, бұл технологияның ерекшелігі: сабақ үш кезеңнен тұрады және әр кезеңде орындалатын тапсырмалар оқушының жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп, алған білімдерін практикада еркін пайдалана білуіне мүмкіндік туғызу. Сонымен қатар өз тәжірибем көрсетіп отырғандай «ҮӘЖ» технологиясы ауызша сабақтарға, әсәресе, қазақ әдебиеті пәніне өте қолайлы екенін байқадым. Өзім жұмыс дәптерін жазу барысында және технологиямен жұмыс жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді басты міндет ретінде қарау керектігін байқадым.  Бірінші  кезең дәстүрлі сабақтағыдай  ұйымдастыру кезеңіне ұқсайды. Өйткені, бұл кезеңде жаңа тақырыпқа кіріспе ретіндегі өткен материалдан қайталау “Көпір” тапсырмалары беріледі және оларды оқушылар алдын-ала үйден орындап келеді.Ал екінші кезеңде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруіне арналған тапсырмалар беріледі. Бұл кезеңнің мақсаты-оқушылардың берілген тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеп, өз бетінше ой қорыту және ереже шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы орайда “Жай ұстаз хабарлайды, жақсы ұстаз түсіндіреді, керемет ұстаз қалай жасау керектігін көрсетеді, ал ұлы ұстаз шабыттандырады”-деген Улиям Уордтың даналық сөзін еріксіз еске түсіресің.

Қазіргі заман талабы, заманауи технологиялар талабы-оқушыға білімді дайын күйінде бермей, өмірде өз білімін еркін қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Ендеше, оқытудың “Үшөлшемді әдістемелік жүйесі” технологиясының негізгі ерекшелігі: ІІ кезеңде оқушы жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп, алған білімдерін  түрлі тапсырмаларды орындау арқылы дәлелдей отырып, практика жүзінде бекіте білуінде.       

ІІ кезеңнің алғашқы 20 минутында тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы, білімдерін жүйелей түседі. Ал, ІІІ «кері байланыс» кезеңінде оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білім деңгейлерінің сапасы бақыланады. Яғни, оқушылардың ІІ кезең бойынша алған білім деңгейлерін анықтауға, бақылауға және түзету жұмыстарын жүргізе отырып әр оқушыны әр параграф бойынша бағалауға мол мүмкіндік туады.

Тәжірибе барысында байқағаным: аталған технология бойынша жұмыс жүргізу білім сапасын едәуір арттыруға  және сыныптағы барлық оқушының назардан  тыс қалып қоймауына, яғни, сабақтың өн бойында белсенді түрде жұмыс жасауына ықпал етеді. Бір сабақта сыныптағы барлық оқушы жеке басының қабілетіне қарай тегіс бағаланады. Әсіресе, өзім эксперимент жүргізіп отырған 9-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту барысында осыны жіті байқадым.

Ал, оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарының нәтижесін технологиялық тұрғыдан қадағалау сол жұмыстардың нәтижесін әділ, обьективті түрде бағалаудан көрінеді. Бағалау-білім, ептілік және дағдылардың игерілу дәрежесін анықтау. Бағалау  қызметтерінің сандық көрсеткіші-баға, яғни баға оқушылардың білім, ептілік, дағдылар дәрежесінің шартты сан не балмен белгіленуі. Бұл технологияның тағы бір жетістігі деп мынаны айтуға болар еді деп ойлаймын.Сыныптағы оқушылар толық бағаланады.Білім  берудің сапалы болуы оқушылардың мүмкіндігінің деңгейіне ғана емес, олардың білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыруға байланысты. Сондықтан, оқушының білімге  деген қызығушылығын жоғарылату-оның жеке тұлғалық қажеттілігі мен қызығушылығын білу және осы ерекшеліктерге сай жағдай мен мүмкіндік туғыза білуде.

Егер сабақта оқушының бойындағы танып-білуге деген қызығушылығын оята білсек және оны әрі қарай дамытатындай барынша қолайлы жағдай жасасақ, “кешегі” алған өз білімін өзгелермен емес,  “бүгінгі” деңгейде өз  білімімен салыстыра отырып, көрсете алатын болсақ; онда, оның бойында білімге деген құштарлық, сөзсіз, пайда болады. Мұны жүзеге асырудың бірден-бір жолы-білім беру жүйесінде ұстаздар арасында тәжірибе-сынақтан өтіп, өзінің түпкі нәтижеге қол жеткізуге бағытталған педагогикалық технология екенін дәлелдеген оқытудың “Үш өлшемді әдістемелік жүйесі”-деуге болмақ.

Бұл технологияны тәжірибеге ендіру барысында көптеген кедергілерге кездесу-табиғат заңдылықтардың бірі. Себебі, бұрыннан қалыптасқан дағды өзгереді. Оқушыға берілетін тапсырмалар жүйесі өзгереді, көлемі көбейеді. Барлық технологиядағы ұстанатын негізгі қағидалардың бірі-тапсырмаларды орындауда қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға қарай ауыса отырып, нәтижеге жету. “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің» де даралық ерекшелігінің бірі-тапсырмаларды орындауға жеңілден ауырға ауыса отырып, тақырыпты меңгеру үшін бірнеше рет қайта оралуында. Ең  бастысы, оқушы білімін  бағалау тек ІІІ кезеңде ғана жүзеге асады. Оған дейін кезеңдер жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге арналады, нәтижеге бағаланбайды.ІІІ кезеңнің 1-деңгейін орындаған оқушы “5” балл жинайды, журналға түсетін баға “3” егер келесі деңгейлерді орындай алмас.1-және 2-деңгейді толық орындаған оқушы “5+4*9”балл жинайды, бағасы “4”, 3-деңгей үшін тағы 3 балл қосылады.Сонда, тек ІІІ кезеңнің барлық үш деңгейлік тапсырмасын түгел орындаған оқушы ғана 12 балл жинап “5” деген баға алады.Сабақтың соңында қалған 10-15 минутта бұл тапсырмаларды толық орындауға үлгере алмаған оқушылар оларды үй  тапсырмасы ретінде алады.Келесі сабаққа дейін орындап келіп, өз балл санын көбейтуіне болады.

Ерекше назарда ұстайтын тағы бір жайт: оқушылардың білімін бағалауға арналған арнайы «Ашық журнал». Сабақ соңында әр оқушы өзінің плюс белгілерін қойып шығады «Ашық журналдың» соңғы бағасына әр оқушының жинағын ұпай саны бойынша журналға қойылатын дәстүрлі бағасы түседі. Яғни, әр оқушы, еңбегіне қарай, бағасын жариялы түрде өзін-өзі қоя алады. Алғашқы кезде, біздің тәжірибеміздің сабақ үрдісінде бағалауға қатысты қиындықтар, түсініспеушіліктер кездесті. Себебі, бұрынғы «5»-тер төрттік, «4»-тер үштік бағаға айналып жатты. Бірақ, уақыт өте келе, әр оқушы нақты өз еңбегіне қарай, әділ бағаланатынын түсінді.Ең бастысы, үнемі «3»-тік алуға еті үйренген оқушылар қатары сиреп, білім сапасы арта бастады. Мұндай жетістікке жету  үшін мұғалімнің қосымша көп еңбек етуіне, үнемі ізденіс үстінде жүруіне тура келеді. Педагог-жерлесіміз А.Қыраубаеваның сөзімен айтқанда: «Мұғалім үшін ең керегі-ізденіс, ізденіс және ізденіс». Ал, ізденуді тоқтатқан ұстаздың шығармашылығы да тоқтары даусыз.

        Аталмыш технологияны тәжірибеде пайдаланудың тағы бір тиімді жағы-мұғалімдердің кәсіби қалыптасу кезеңінің шыңы-оның «зерттеушілік мәдениетінің» қалыптасуына мүмкіндік береді. Әр сыныпқа жасаған жұмыс дәптерлері толық өңделіп, тәжірибеден өткен соң, өзгелерге авторлық бағдарлама ретінде ұсынуға болады және оларды келешекте 12-жылдық мектептің балама оқу-кешеніне ұластыруға болады.Өздері тәжірибеге енгізген 5-6 айдың көлемінде 24 мұғалім 4-тоқсанның жұмыс дәптерлерін жазып тастады. Ал қазіргі кезде осы мұғалімдер толық бір жылдық бағдарлама бойынша үстіміздегі оқу жылының соңына  дейін бірнеше пәннен жұмыс дәптерлерін аяқтап, бекітуге ұсыну үшін жұмыстанып жатыр.

Жалпы, кез-келген педагогикалық технологиядағы басты мақсат-оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, оны алға қойған мақсатқа, жеке басының қабілетін толық пайдаланып, тиісті деңгейге дейін жетуіне қолайлы жағдай туғызу. Оқу процесінің  тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық  технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады. Біздің мектепте УӘЖ технологиясы бойынша жұмыс жасап жатқан мұғалімдерден арнайы шығармашылық топ жасақталды. Оның отырыстарында мұғалімдер айына бір рет жүргізіп отыратын жұмыстардың есебін беріп, технологияны тәжірибеде қолдану барысында кездескен қиындықтар және олардан шығу жолдары жайлы өз пікірлерін ортаға салады және технология авторымен үнемі байланыс жасау жүйелі жолға қойылған. Мектебімізде мұғалімдердің технологияны жүзеге асыруына толық жағдай жасалмай отыр, дегенмен, барлық ақпараттық технологияны еркін пайдалана білуіне мүмкіндік бар.Тек, әр ұстаздың өз тәжірибесіне инновациялық іс- әрекеттерді үздіксіз ізденіспен енгізе білуі қажет.Ал, инновациялық іс-әрекет –қазіргі жағдайда мектептің дамуының алғы шарты. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап табу, зерттеу, қолданысқа енгізу, іс жүзінде пайдалану сияқты үрдістермен сипатталады. Осы орайда 9-сыныпқа дайындалған жұмыс дәптерімнен бір сабағымды ұсынып отырмын.

9-сынып   Қазақ әдебиеті Модуль-13          5-сабақ

Тақырыбы:   Ғ.Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы

І кезең:    

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Бос орындарды толықтыр, сұрақтарға жауап бер:

1. 1917ж шығармаларының бірі.Жауабы: 1917ж алғашқы шығармаларының бірі-«Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде жарияланды.«Адамдық негізі-әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды.

2. 1921ж жазылған әңгімесі.Жауабы: Жазушының Еуропалық прозаның деңгейіндегі «Қорғансыздық күні» атты әңгімесі.

3. «Жетім» әңгімесінің тақырыбы.

Жауабы: «Жетім» әңгімесінде жетімдік тауқыметін тартқан он үш жасар Қасым өгейлік тепкісінен қашып, әке-шешесінің зиратына келіп қаза табады.

4. «Қараш-қараш оқиғасы» повесіндегі көрініс

Жауабы: Ол «Қараш-қараш оқиғасы» повесінде анық көрініс тауып, әлеуметтік теңсіздік тартысы улкен суреткерлік күшпен бейнелейді.

5. Әкесі Құнанбайдың Абай бойынан тапқан үш мін.

Жауабы: 1 орысшылсың  2 жайдақсың  3 көпшілсің

ІІ кезең:           Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар    

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Жазушы өміріне шолу сұрақтарға жауап бер:

1.Ғ.Мүсірепов қайда дүниеге келді?

Жауабы: Ғ.Мүсірепов 1902 ж қаз.Солтүстік-Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.

2. Қашан? Қайда? Кім? Оқуға түседі, қызмет атқарады?

Жауабы: 14 жасында Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі. Бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқып, жетіжылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923-1926 ж Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, Омбы Ауылшаруашылық институтында 1 жыл оқиды.

3. Кім? Жиырмадан астам әңгіме, повесть жазады?

Жауабы: ЖазушыҒ.Мүсірепов

4. Ғ.Мүсірепов әңгіме-повесін ата.

Жауабы: «Қос Шалқар», «Талпақ тонау», «Ана туралы новелла», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан Сері-Ақтоқты», «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке» бар.

5. Ғ.Мүсірепов 1962 ж, 1974 ж не істеді? өмірінде қандай өзгеріс болды?

Жауабы: Алты рет Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне, 1962 ж КСРО жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. 1974ж Ғ.Мүсірепов Кеңес әдебиетін өркендетуге сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неге?

Неліктен? Себебі? Не үшін?)

 Мәтін үзінділеріндегі бос орындарды толықтыр:

1 Не себепті «Қос Шалқар» әңгімесі жазылды?

Жауабы: Қазақстанда егіндік, шабындық жерлерді бөліске салу, ауылшаруашылығын ұжымдастыру мәселесі. Қасым сияқты байлардың шөбін шауып, малын баққан Күсен сияқты кедейлердің артель болып ұйымдасуы, қазақ ауылының шындық өмір суреттеледі.

2.Не себепті «Көк уйдегі көршілер», «Күсен» әңгімесі, «Бір адым кейін, екі адым ілгері» әңгімесін жазды?

Жауабы: 1929ж «Күсен» әңгімелерінде қазақ аулындағы колхоздастыру кезіндегі қиыншылық ашық айтылады. 1932ж «Бір адым кейін, екі адым ілгері» атты әңгімесін жазды.

3. Жазушының шебер суреттеген әңгімесі    Жауабы: «Талпақ тонау»

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

 (1.Салыстыр, 2.Айырмаш-ғы неде?  3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты  идеясын жаз)

Талдау жаса, әңгіменің тақырыбы мен идеясын жаз:

1 Ғ. Мүсіреповтың «Ананың арашасы» әңгімесінің

Тақырыбы

Идеясы

Жауабы: Антоновтың ақ бандыларының қазақ аулына ат ойнатып, жазықсыз жандардың атып-асуы.

Жауабы: Қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «ана алдында» өлім де мойынсынады, өлімді өмір жеңеді.» деген идея.

 

 

 

 

 

 

 

2.      [Овал: «Ақлима» Жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып, күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі суреттеледі] [Овал: «Ер ана» Жау басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың минаны жарып, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі.] «Ер ана» әңгімесі мен «Ақлима» әңгімесін салыстыр:

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың басты идеясын жаз.

Жауабы: Әлемдегі барлық аналардың құдіретті де аялы алақанынан артық ешнәрсе жоқ екенін көрсету; Өлімді өмір жеңеді; т.б..

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)

 

 

 

 

 

 

Тапсырмаларды орында:

1.      Ғ. Мүсіреповтың ана тақырыбындағы әңгімелерінің желісі бойынша қорытынды шығар.

Жауабы: Ғ. Мүсіреповтың ана тақырыбындағы әңгімелері өте шебер туындылар қатарынан табылады. Әр ананың бейнесі өзіндік қасиетісен ерекшеленеді.

2.      Кестеде берілген әңгіменің мазмұндық жүйесін жаса:

«Ашынған ана»

«Ақлима»

Жау басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың минаны жарып, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі.

Жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып, күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі суреттеледі.

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар)

Сұраққа жауап бер:

Қай шығармадан алынған үзінді?

«...өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана...»

Жауабы: «Ашынған ана»

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

 Баға беру тұрғысынан жауап беріп көр:

 Жазушы ана тақырыбында қалай қалам тербегенін оқып таныстың, сен  «Ана» тақырыбын қалай жырлар едің?...

Мысалы: «Ана»-қасиетті ұғым. Ол жаратқанның қолдаушысы. Ана тақырыбында қалам тербемеген ақын кемде-кем. Т.Айбергенов:

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда

Пікірімді түсінбеген таптық та дер дананы

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы....

ІІІ кезең:    Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

 

І деңгей (5 балл)

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

1.Социалистік Еңбек Ері атағын қашан алды?

а) 1974ж     ә) 1975ж      б) 1976ж

2. 1930 ж қандай шығармасын жазды?

А) «Күсен»    ә) «Қос Шалқар»     б) «Көк уйдегі көршілер»

3. Кім адам деген атты жоғары бағалады?

Жауабы: Максим Горький

4. «Ашынған ана» қандай шығарма?    А) әңгіме     ә) роман    б) повесть

5. Өлімді жеңген кім?       А) батыр   ә) ана    б) солдат              

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырма)

 

Сұрақтарға жауап бер:

1.«Қос Шалқар» әңгімесінде қандай оқиға баяндалады?

Жауабы: Қазақстанда егіншілік, шабындақ жерлерді бөліске салу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі суреттеледі.

2.«Бір адым кейін, екі адым ілгері» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата?

Жауабы: колхоз бастығы Рамазан, оның орынбасары Жанғали, Сүгір молда, Есентай сияқты қоғам қайраткерлері.

 

ІІ  деңгей:   (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

Сызбаны толтыр:

1.Шуақ шашқан Аналар галереясын жаса:

[Овал: «Ананың арашасы»] [Овал: «Ақлима»] [Овал: Аналар галерея сы] [Овал: «Ер ана»] [Овал: «Ашынған ана»]

2.       Неліктен Ғ.Мүсірепов  әңгімелерінде аналар тақырыбы ерекшеленген деп ойлайсың?

Жауабы: Себебі адам басына қиын жағдай туған кезде  қай уақытта да бірінші ана жанына бататыны белгілі...

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыстыр, 2.Айырмаш-ғы неде?  3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты  идеясыз)

Аналар бейнесін суреттеу шеберлігін көрсет және тақырып идеясын жаз.

Жауабы: М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі.

«Ер ана» әңгімесінің басты идеясын жаз:

Жауабы: «Ер ана» Жау басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың минаны жарып, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі.

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(2-кезең қарапайым тапсырм-ң өзгертілген жағдайдағы нұсқа-ры ор-ы)

Сұраққа жауап бер, бос орындарды толтыр:

Не себепті колхоздастыру кезеңінің шындығы суреттелген?

Жауабы: Колхоз председателі сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып әкеліп, бесінші түлікті өсіруі, қазақ аулына жаңа әкелінген бесінші түлікті қазақ шалы Есеннің бағуы, ауыл адамдарының оған шошына, жиіркене қарауын суреттеу арқылы адамдар психологиясында орын алған ескі түсінік пен жаңа козқарастың қақтығысы сипатталады.

 

ІІІ  деңгей:   (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте,)

Берілген тапсырмалар бойынша өз ойыңды көрсет:

Ғ.Мүсірепов шығармашылығына сызба жаса.

Қазақ ауылының шындық өмірі                                      Колхоздастыру

 

Ғ.Мүсірепов






 

 

Адамдардың көзқарас ерекшелігі                                  Ана тақырыбы

 

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

2.Сен қалай ойлайсың, «Ана» тақырыбын суреттеудегі шеберлігі неде? Сен өз ойыңды «Аналар-асыл жандар» деген тақырыпта шығарма жазып түйінде.

Ана-ардақты есім. Біз шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, анамыздың мейіріміне және шапағатына бөленіп келеміз. Ананың алдында бәрі де бас иеді, тіпті өлім де ананың алдында мойынсынады… Сондықтан да біз «Ғазиз ананы» ардақтап, құрметтейік… .

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1.   «Әдіскер-методист» журнал 2010 жыл №4

«Әдіскер мұғалім» журнал 2011 жыл №6
«Жаңа технологиялар-жаңашылдық бастауы» интернет материалдары

     4. «Білім беру сапасын технологиялық амал негізінде басқару» Алматы, 2010

Осыған ұқсас жазбалар:

ТехнологияШи тоқу өнері

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1877306

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар