Бөлім:Дәстүр мен мәдениет. Сәлемдесу дәстүрі

30 желтоқсан 2016 - Жанша Текеева

Т/А1 Қарапайым мәліметтің  мазмұнын түсінеді, анық айтады.

О2 Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, ой қорытындысын шығарады.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың белсенділігін арттыру.

Қызығушылығын ояту

Оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері беріледі. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

 Қос қолдап, құрметтеп, төс қағыстырып, арқадан қағып, елпілдеп, құрақ ұшып, аялап, иіліп, именіп, сағынып, көзге жас алып, қолын жүрек тұсына қойып, басын иіп, іші-бауырға кіріп, елжіреп, арқа-жарқа болып, алыстан қол бұлғап, ізгі ниетті, риясыз, ықыластана.

·         Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлерін таныстырылады.      

«Ортада бір сұрақ»

 Сыни көзқарастағы ойларын білдіру мақсатында ортаға 1 сұрақ тасталады.

«Сіз үлкендермен және құрдастарыңмен  қалай амандасасыз?

ЖЖ. Оқушылар жұпта пікірлеседі.Ой-пікірлерін сол жағында отырған жұппен бөліседі. Ортақ пікірлерін ортаға шығып, түсіндіріп өтеді.

Кері байланыс. Пікір, ой айту,  қолдау жасау.

Мағынаны тану

Құрақ ұшып амандасу, Іші-бауырға кіріп амандасу, Арқа-жарқа болып амандасу, риясыз амандасу.

Сөз тіркестері арқылы сынып оқушылары 4 топ құрады. Топ өздері таңдаған сөз тіркестерінің мағынасын  түсіндіріп өтеді.

                                  «Болжау» стратегиясы

21 қараша- қандай күн? Бүгінгі сабаққа қатысы бар ма?

Оқушылар 1 дәлел, 1 түйінді ой айтады.

21 қараша -Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

 

Бейнематериал көрсетіліп, тыңдатылады.

https://www.youtube.com/watch?v=IZ6sjXMATEQ

Қазақ халқының сәлемдесу салты.

Бейнебаянда айтылған ойдың мазмұнын түсінгенін танытады.

Тыңдалымнан  маңызды 3 мәліметті жазып алады. Оның ішіндегі ең маңыздысына  толық түсінік береді.

1-мәлімет   2-мәлімет   3-мәлімет

Ең маңызды мәлімет

Оқушылар ойларын айтқанда

Менің байқағаным,...

Менің  ойымша,...

Мен ойлаймын...

Менің нақты дәйегім… қыстырма сөздер арқылы сөйлейді.

Ф.Топтар бір-бірін бағалайды.

Оқушылар кері байланыс береді.

2-сабақ:

Сергіту сәті. Оқушыларды «Молекула» әдісімен топқа қайта бөліп отырғызу.

           Оқылым дағдысы.

Мәтінмен жұмыс.Көлемі 200-250 сөз.

Тапсырма 1

1.       Мәтінді оқып, танысады. Тақырыбын қойып, бүгінгі сабақпен байланыстырады.

2.       Берілген мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өздігінен ортақ бір пікір білдіреді.

3.       Пікірлеріне мәтіннен дәлел келтіріп сөйлейді.Себебін айтады.

4.       Келтірілген негізгі бір дәлел, деректі бүгінгі өмірмен байланыстырып, түйіндейді.

Оқушылар жұмыстарын «Жаялық» әдісіне салып түсіндіреді.

Ф бағалау.

Жетістік критерийі Таблица арқылы құрылады 1-т  2-т  3-т  4-т

Мәтінді оқып, тақырыбын бүгінгі сабақпен  байланыстыра алады.

Негізгі ойдан ортақ бір пікір білдіреді.

Пікірге дәлел келтіріп, себебін түсіндіреді.

Негізгі дәлел мен деректерді өмірмен байланыстырып түйіндейді.

Тапсырма  2

1.Мәтіннен 2 астарлы мағынасы бар сөз тіркесін табады.

2.Олардың  мағынасын ашып, 1 сөйлеммен түсіндіреді.

3.Етістікті сөз тіркестерінің жасалу жолына тоқталады.

1-топқа

«Бір сәлемнің жүз сауабы бар. Егер сен Алладан рахым тілеп, бір адаммен амандассаң, ол кісі ықыласпен жауап қатса, сол жүз сауап екеуіңе теңдей бөлінеді, ал егер сен амандасқанда, әлгі адам мұныңа жауап қатпай, теріс айналып, сәлеміңді түзу алмаса, онда сауаптың барлығы өзіңде қалады», – деген имандылық өсиетіне құлақ асып өскен жан бұл қағиданы әрдайым есінде сақтап қалуға тырысары хақ.

2-топқа

«Адамдар азайын десе, алдымен амандасудан, жақсылық тілеуден қалады, мен қазір адамдардың ара­сындағы мейірімділіктің сарқылып бара жат­қанынан қорқамын. «Есіктен басыңды қылтитып, босағада тұрып амандаспа, адаммен ішке еніп барып сәлемдес», –деп баяғыда үлкендер біздің кем-кетігімізді көргенде, сол жерде жалма-жан қателігімізді жөндеуге тырысып бағатын еді. Қазір жастардың бетіне қарап ештеңе айта алмайсың. Осы біз қайда бара жатырмыз?»– деп қабағын мұң шалған бір әріптестің әңгімесі маған да қатты әсер етті...

3-топ

    Өткен кезеңге біреулер топырақ ша­шып, бәрін жарамсыз, ескірген нәрсе етіп көрсеткісі келеді. Әсіресе, ол ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуден көп байқалады. Ата-бабадан қалған ғұ­рыптарды қасиеттеген жан ескілікті көк­сеген, кертартпа адам саналып, көзтүрткі де болды. Неғұрлым өз қағынан тезірек жерігендер заманауи атанды...

4-топ

«Ертеде пәленше деген ақсақалға сәлем бермегелі біраз болып қалды, деп арнайы іздеп барып сәлем берудің мәні зор болған, – деді бұл туралы ойларымен бөліскен белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы. – Осылай кісіні қадірлеп барып сәлем берудің өзі ана адамның бағасын асырған...

Ф бағалау.

Топтар

Астарлы мағына 2 сөз тіркесін табады

Мағынасын ашып 1 сөйлеммен түсіндіреді

Тіркесті сөздер етістіктерінің жасалу жолына тоқталады.

1-т  2-т  3-т  4-т

Кері байланыс.

Оқушылар бүгінгі алған білімдерін талқылап, бір -бірін  бағалайды

Үйге тапсырма. Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабынан  сәлемдесу туралы оқып, «Дұрыс сәлемдесе аламыз ба?» деген тақырыпқа жазылым тапсырмасына жоспар жасау.

Рефлексия          3-1

1.      Тақырыпқа қатысты 3 сөз айту

3 сөзден 1 сөйлем шығару

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихҚұқықтық мәдениетті арттыру жолдары

Қосымша пәндер«Құпиясы жоқ болса, өнердің құрметі де жоқ»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1823722

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар