Жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу

9 желтоқсан 2016 - Ментай Хамзина

Қазақ халқының таңғажайып ақыны М.Жұбанов «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде қалмақ. Ел тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе… мектебімізді сау, таза, берік һәм жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесуге болады» дегені өз мәнін ешқашан жоймақ емес.  Ендеше әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің де болашағы мектеппен тікелей байланысты және мектеп тағдыры халық тағдырымен тамырлас.

Жаһандану процесінде барлық сала тынымсыз өзгеріс үстінде. Ал, мұғалім сол салаларды өзгертуші, сондықтан үнемі өзі де өзгеруі тиіс. Яғни, білім саласына жаңа оқу стратегияларын, түрлі педагогикалық тәсілдерді енгізу заман талабы. Менің басты мақсатым заман талабына сай білім беру үшін өз білімімді жетілдіру. «Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемді білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де  ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншіден кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Жоғарыда айтылған мәселені шешу жолында үлес қосу мақсатында  теориялық білімді тәжірибеде барынша қолдану. Бағдарламаны игерген мұғалімнің негізгі функциясы осы болып табылады.

Бaғдapлaмaның жeтi мoдyлiн oқу және оқыту мен оқуда іске асыру тәжірибеге жаңалықтар енгізудегі eң мaңыздыcы бoлып табылады. Caбaқтa мoдyльдepдi ықпалдастыра отырып, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына  тығыз байланысты. Тізбектелген сабақтар топтамасында Бағдарламаның идеяларын іске асыру жолдарын қайта пысықтап, жеті модульді қажеттілікке сай енгізуді қарастыру керек. Әдіс-тәсілдерді жеті модульді ықпалдастыруда қажеттілікке сай таңдап алу арқылы нәтижеге қолжетімділікті ескеру керек. Нәтижеге қолжетімділік – ең бастапқыда сабаққа мақсатты дұрыс қоюдан басталады. Әp мoдyльгe жeкe тoқтaлып, oлapдың тиiмдiлiгiн aнықтaу қажет. Күндeлiктi caбaқтapды зерделей келе, оқушылар пәнді игеруде қызығушылық танытады.

Сабақта топтық жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, топқа бөліп, топ ережесін жасау барысында топтық жұмысқа келетін қанатты және нақыл сөздерді оқушыларға таратып, қажеттілерін топ ережесіне бекіттірген жөн. Топтық жұмыста осы ережеге бағынуларын және әлі де алдағы сабақтарда жетілдіруін тапсыру қажет.

         Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние — жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі қағидасын басшылыққа алып «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі аясында жаңа тақырыптарды түсіндірудегі әдістердің «ДЖИГСО», «Домино», «Мен білмейтін 2 сұрақ», «Иә немесе Жоқ», «Сөздікпен жұмыс», «Бес минутық эссе» әдістері пәнді тиімді тәсіл болумен ұнады. Алған білімімді оқушыларыма түсіндіре отырып, оқулықты оқытып «Мақал-мәтелдер» тақырыбында жасаттым. Тапсырманы орындау барысында оқушылар белсенділік танытып, ізденіп, бір-бірін оқытып, үнсіз оқушыларыңыздың өзі жұмысқа араласып,  өз үлестерін қосады.

 «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау барысында өз жұмыстарын өзгелермен салыстырып отырады. Бұл әдістің  мақсаты: берілген тапсырмаларды  орындау барысында  өзінің біліміне сыни  тұрғыда, қарауға бейімделу. Смайликтер, жұлдызшалар арқылы критериймен бағалауды және де бағалауда дөңгелек балансты пайдалана отырып ұйғару, оқушыларға ең бастысы өз-өзін және бір-бірін бағалауды ұнатуы. Сонымен бірге бір-бірін бақылай отырып, шынайылыққа ұмтылады. Әр сабақ сайын жасаған кері байланыста байқасаңыз оқушылардың біртіндеп ашылады.

 

Әлем өзгергендіктен жаңару заман талабы. Сондықтан, мен де оқушыларым да өзгеруі қажет. Олай болса, қазіргі кезде ең басты мәселенің бірі – оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, білімді, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1843682

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар