Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

19 сәуір 2017 - Жанша Текеева

Мектеп: Атырау Назарбаев Зияткерлік мектебі  Мұғалімнің аты-жөні:  Текеева Жанша Тажибаевна

Бөлім тақырыбы  Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

 Сабақтың түрі  Өтілген дағдыларды қалыптастыру сабағы Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

 7.Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру,    синонимдік қатармен  ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау     Бағалау критерийлері

Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру,    синонимдік қатармен  ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау Тілдік мақсаттар  Пән лексикасы және терминология: Бабамыздың мұңы, анамыздың сыры, даламыздың үні, күмбірлеген күйі, Пәнаралық байланыс АКТ, Саз пәні, Қазақстан тарихы.

Мектеп құндылықтары Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық;  ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;

Жоспар Сабақтың бастапқы кезеңі

Ұйымдастыру жұмысы.

              Оқушылардың қызығушылықты ояту.

Тыңдалымалды тапсырма

-          Қандай ән тыңдағанды ұнатасыңдар?

-          Домбырамен салған ән ше?

-          Ал, домбыра туралы әндерді естідіңдер ме? Ендеше....

https://kaztube.kz/video/236219    3,10 минут

 «kaztube.kz» сайтынан әнші Мөлдір Әуелбекованың орындадауында «Домбыра туралы баллада» әні тыңдатылады.

Оқушылар алдыңғы сабақта меңгерген білімдерін еске түсіреді.

 (Әннің сазын, оның мәтінін мұқият тыңдау). Мәтіннен бейнелі сөздерді дәптерге түсіру.

Сынып бүгінгі сабақтың оқу мақсаттары және бағалау критерийлерімен танысады.

ӨД = өзге дерек көздері Ақпарат көзін  пайдалану  https://kaztube.kz/video/236219

Сабақтың ортасы Тақтадан домбыраның суреті көрсетіледі.  жанына әннен тапқан бейнелі сөздерді топтастырып жазады.   

Бабамыздың мұңы, Анамыздың сыры, Даламыздың үні, қаны мен жанында  күй ойнау, жүректің дүрсілі, күмбірлеген күйі,қуаныш пен

қайғы мұңды жырлаған домбыра

Оқушылар жұптасып, өздерінің ән мәтінен  қанша бейнелі сөзді тапқанын, оның мағынасын ашу арқылы түсіндіріп өтеді. Мұң, сыр, үн, күмбірлеген, жырлағын сөздерінің синонимдік қатарын тауып жазу.

Оқушыларға бағалау критерийлерімен беріледі.

Бағалау критерийлері

Дескритор

Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру

Тыңдалымнан бейнелі сөзді тауып, топтастырады

тақырыпқа сай сөздерді орынды қолданады

синонимдік қатармен  ауыстыра отыру

Синонимдік қатар арқылы сөздерді ауыстырады

лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

лексикалық түзетумен мәтінді редакциялайды

Кері байланыс.

«Октава» әдісі бойынша оқушылар өз деңгейлерін анықтайды.

Жазылымалды тапсырма.

-          Ән  мен күй тыңдау да өнер. Осы тұрғыда

Абай атамыздың қандай сөзі ойымызға оралады?

-          Құлақтан кіріп, бойды алар,

-          Әсем ән мен тәтті күй.

-          Күйде қандай сыр бар?

-          Оның тарихы сол күйдің орындалуында екенін айтады.

Оқушыларды күй тыңдай отырып, сол күйдің ішкі айтар сырын жазу жұмысы тапсырылады. Ютубтан  күйші Асылбек Еңсеповтің Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» күйін тыңдайды. Ұзақтығы 2,30 минут.

https://www.youtube.com/watch?v=qiKq7Hnf3i8    

Тапсырма. «1 минут» стратегиясы.

 1-2 минут уақыт ішінде жұбыңмен пікірлеседі, бір-бірімен анықтаған мәліметімен бөліседі.

1.Күйді тыңдау арқылы нені ұқтыңдар?

2. Сол күйдің тарихын жеткізген домбыра туралы пікірлес.

Тапсырма.

 «Домбырадағы халық шежіресі» тақырыбына мәтін құрастыру. Көлемі 70-80 сөз.

Жұпта отырған оқушылар бір –бірінің мәтінін тексере отырып, түзету енгізеді. Домбыраға қатысты сөз тіркестерін синонимдік қатарлармен алмастырып, қайта жазып шығу.

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдына шығып оқып береді. Оқу барысында қандай сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, ауыстырғанын талдап береді.

Марапттау: синонимдік қатарды шебер әрі көп қолдана алған оқушыларға шағын ғана домбыра макеті сувинер сыйға тартылады.

Келесі жұптар бағалау. «Бас бармақ»

Кері байланыс.

-          Оқушылар белсенді жұмыс жасай алды;

-          Синоним сөздерді табуға талпынды;

-          Тақырыпқа сай мәтінді анық құра алды.  www.youtube.com/

Сабақтың соңы Рефлексия. Сабақтың ең… Ең… Ең...

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2693377

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Үздік авторлар

1