Қаратпа сөздің тыныс белгілері

10 наурыз 2018 - Кулайша Кужакова

— Сөйлем дегенміз не?

— Жалаң сөйлем дегеніміз не?

— Жайылма сөйлем дегеніміз не?

— Мысал келтір.

Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөздер деп аталады.

Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқы.

1.Бағдат ертегі оқыды.                                           Бағдат, ертегі оқы.

2.Оқушылар мектепте                                            Оқушылар, мектепте

 тәртіп сақтауға міндетті.                                      тәртіп сақтаңдар.

3.Әжем кесте тігуді үйретті.                                 Әже, кесте тігуді үйретші.

2-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Қаратпа сөздің астын сыз.

Ата мен бала

Ата, жаңғағымды шағып берші!

Тісім жоқ.

Ата, портфелімді алып берш!

Күшім жоқ.

Балам, неге күлесің?

Менің жасымда –

Тоқсаннан ассаң, білсең.

3-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көшіріп жаз.

-Қызым-ау, бәрің жей салмадың ба? Еріп кетеді ғой, — дейді.

-Апа, мен оны жылағанда жеймін, — деді қызы.

Сергіту сәті.

«Ақ бұлақ»

4-жаттығу. Оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемді көшіріп жаз.

Айым, бөлмедегі гүлдерге су құй. Балам, аталарыңа батырлар жырын айтып берші.  Көрші, үйге кіріңіз!

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Тапсырма№1

Шығармашылық диктант.
1 Өмір жасың ұзақ болсын,...!
2. Ой,...,...! Ойналық та күлелік.
2...., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар.
4. Рақмет,...!
Тапсырма№2

Шығармашылық тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті өлең сөздерін ұйқастырып жазып, қаратпа сөздерді тап.
1. Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
2. Кекілік — ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
3. Сауысқан — ау, сауысқан,
Сақтанасың дауыстан.
4. Тырау, тырау, тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.

- 1338316

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)

Блогтағы жазбалар