Қазақ блогшыларының тұңғыш додасы

7 наурыз 2014 - Админ
Қазақ блогшыларының тұңғыш додасы

Күні кеше ғана құрылған Ұлттық Интернет Ассоциациясы, қазақ ғаламторына сілкініс әкелгендей болды, өткен жылы «Қазнетдода» байқауын ұйымдастырып қазақ интернеті үшін еңбек етіп жүрген сайт иелерін бір ынталандырып тастаған еді.

logo

Бұл жолғы додада қазақша жазып жүрген 32 блогшы іріктеліп, олра 8 ай бойы сайысқа түседі және кезең сайын жартысы келесі кезеңге жіберіліп отырады. Додаға қатысуға тіркелу өзінің арнайы сайтында 20 наурызға дейін жүргізіледі.

Әр кезең 2 айдан тұрады. Алғашқы кезеңде 32 блогер іріктеліп, алда өтетін (24-24 наурыз) «Блог құрылтай 2014″ кезінде оларға сертификат табысталады. Келесі кезеңге 16 үздік блогер өтеді. Одан кейінгі кезеңде 8 блогер финалдық кезең үшін таласады. Блогиаданың күзгі соңғы кезеңінде финалға қалған 4 блогер өзара жылдың үздігін анықтайды. Әр кезең арасында 1 апта үзіліс беріледі.

Тіркелу: 05/03/2014 — 20/03/2014
1-кезең: 24/03/2014 — 25/05/2014

2-кезең: 02/06/2014 — 27/07/2014
3-кезең: 04/08/2014 — 28/09/2014
4-кезең: 06/10/2014 — 30/11/2014


Қорытынды: 06/12/2014


Бас жүлде: 1000000 тг (бір милион теңге)


Жобаға атсалысқан басты ұйымдастырушылардың бірі Қазақстан софтверлік компаниялар Ассоциациясы. Бас жүлдеге берілетін бір милион теңгеге демеушілік етіп отырған да осы компания, президенті Азаматхан Әміртай мырза елімізге белгілі, қазақ интернетіне жанашырлық танытып жүрген азаматтың бірі.


Идея авторы: Аршат Оразов

Жоба менеджері: Данияр Алан

Басты ұйымдастырушы Ұлттық Интернет Ассоциациясының президенті Серкқазы Кәкібаланов


Ақылдастар алқасы:

● Ирак Елекеев
● Жарылғап Қалыбай
● Азаматхан Әміртай
● Серікқазы Кәкібаланов


Әділ қазылар:

● Ерлан Оспан
● Нұрғиса Асылбеков
● Назгүл Қожабекова
● Тимур Бектұр
● Асхат Еркімбай


Болмасаң да ұқсап бақ деп Абай атамыз айтпақшы, қазақ ғаламторында жүріп түрткендеріңіз бар болса, сіз де қатысып көріңіз бұл додаға, мүмкін сізге бұйыратын шығар милион теңге.

Доданың арнайы сайты   http://blogiada.kz

Осыған ұқсас жазбалар:

ЖаңалықтарМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ел және шетел жаңалықтарыҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1874675

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар