Қытайлық әйгілі baidu іздеу жүйесін құрған кім?

12 наурыз 2014 - Админ
Қытайлық әйгілі baidu іздеу жүйесін құрған кім?

Қазіргі кезде Қытайдағы ең көп қолданылатын сайттың бірі baidu іздеу жүйесі, бұл сайт қытайлық интернет пайдаланушылар үшін кем болса болмайтын құралға айналды, сонымен бірге қытай жайлы ақпарат іздейтін шетелдіктер үшін де ең кемелді ақпарат ұсына алатын іздеу жүйесі.

liyanhong1Серіктік  2000 жылы 1 қаңтардан бастап өз жұмысын бастады, құрушылары Ли Ян Хұң және Чүй Юң атты екі қытайлық азамат, ал байду сөзін қытайдың ежелгі Сұң, Чау дәуіріндегі әйгілі ақын Чи Жидің өлеңінен (众里寻他千百度) алынған, яғыни байду сөзі қытайдың ескі тілінде іздеу мағынасын береді, Америкада жоғары жалақылы қызметте жүрген Ли Ян Хұң, қытайлық іздеу жүйесінің болашағы зор екендігін байқаап 1999 жылы елге оралады, бір ай ішінде жеке фирмасын тіркеп жұмысын бастап кетеді, алғашында 10 адамнан тұрған шағын фирма, бүгінде он мыңнан аса қызметшісі бар алпауыт компанияға айналды.

Ли Ян Хұңның жеке басы туралы:

1991 жылы Бейжің Университетінің ақпаратты басқару мамандығын бітірген, кейіннен Нью-Йорк қаласындағы Буффало университетінің (SUNY at Buffalo, USA) компьютерлік технология саласынан магистрлік атақ алып шығады.

Бұл кісіге берілген атақ пен жеткен жетістіктерін санамалау да қиын шаруа екен;

  1. 1996 жылы іздеу жүйелерінде пайдаланатын «Relevance ranking» технологиясын ойлап тауып оған Америкада пәтент алды.
  2. 1999 жылы жоғары жалақылы қызметтен бас тартып қытайға қайтып Чүй Юңмен бірге байду серктігін құрады.
  3. 2001 жылы қытай бойынша «Он үздік кәсіпкер» атағына ие болады.
  4. 2002-2003-жылы қатарынан екі рет «IT  саласындағы он ірі қайраткердің» бірі  болды .
  5. 2005 жылы  он екінші кезекті шығыс- оңтүстік азия мемлекеттерінің жастар одағы сыйлығын әрі CCTV2005 қытай экономикасының «Жыл кейпкері» атағын еншілеген.
  6. 2006 жылы Американың «Сауда апталығында » әлем бойынша «Ең үздік сауда көшбасшысы» атағын алады
  7. 2007 жылы ең үздік «Ядұн жаңа экономика кейпкері» атағын еншілейді.
  8. 2008 жылғы  Бейжің олимпиядасында алау ұстаушылардың  бірі болды.
  9. 2008 жылы желтоқсанда қытай экономикасын зерттеу қоғамы жағынан, «Қытайдың есік ашқан 30 жлдан бергі үздік экономика Қайраткері» атағын алды.
  10. 2009 жылы желтоқсанда «Кәсіпорын басқарудағы әйгілі адам» сыйлығын алған.
  11. 2010 жылы «Заман» журналында жарияланған, бүкіл әлемге әсер еткен 100 әйгілі адам қатарына енеді.
  12. 2010  жылы Американың «Байлық» журналында 2010 жылдағы әлем экономистерінің рейтингінде 6 орынға жайғасып, алдынғы онға кірген алғашқы қытайлық ретінде марапатталды.liyanhongӨмірдегі ұлы бұрылыс

Ұлы жетістікке жеткен еркектердің көпшілігінің артында, ақылды да көрікті, қолдап қолпаштаушы әйелі болған, Ли Ян Хұң да осы заңдылықтан алшақ кетпепті,  Ма Дұң Миң атты бойжеткен де Америка да оқыған, ақылды қытай қыздарының бірі еді, 1995 жылы Ли мырза алғаш осы кейіпкерімізді көріп, құлай ғашық болады, алты айдан соң таныстықтың соңы махаббатқа ұласып екеуі үйленеді, 1997 жылы Ли мырза Американдық Infoseek компаниясына жұмысқа тұрады, жалақысы да жақсы еді, жыл соңындағы сыйлық ақшаға үй, машина сатып алады, тату тәтті, бақытты өмірлерінің 2 жылы осы үйде өтеді, Ли мырза бақшасына коктат өсіруді жақсы көретін.

Бір күні мынадай оқиға болды, бұл Ли Ян Хұңның өміріне бұрылыс жасаған оқиға еді. Күз мезгілі болатын, Ли мырзамыздың жаз бойғы еңбегі өз жемісін беруге таяған, бақшадағы көкөністері өнім беруге жақындап қалған еді, кешке жұмыстан асығып көкөністерін көруге асығып келген Ли Ян Хұң аңырып тұрып қалды, жеміс беруге жақындаған көкөністерді әйелі Ма Дұң Миң түгелдей орып, бақшаның бір жағына үйіп тастаған еді. Ашуға булыққан Ли мырза әйеліне дүрсе қоя береді, іштегі ашуын шығарып болды ау дегенде әйелі сөз бастайды: «Осы көкөністер сенің түбіңе жетуге аз қалды, мен бұған жол бермеймін, сен Америка мойындаған әйгілі ІТ маманысың, мен сенің Калифорнияның егіншісі болуыңды қаламаймын» бұл сөздер Ли Ян Хұңның маңдай терін бұрқ еткізді, іштей әйелінен қатты қысылды.

Дәл осы кез Американдық Google  іздеу жүйесі құрылып, қарқын ала бастаған тұс еді.

«Relevance ranking   сенің өнертабысың, оны пайдаланып іздеу жүйесін жасап, байлыққа кенеліп жатқан Американдықтарды көріп отыра бермексің бе? тым болмаса елге қайтып Қытайлық гугылды құр» деп сөзін сабақтай түседі әйелі.

liyanhong-madming

Осы сөздері арқылы күйеуін алға жетелеген Ма Дұң Миң, өзі шешім шығарып күйеуін қытайға жібереді де, өзі Америкада қалып жұмысын жалғастыратын болып келіседі, мұның себебі егер алда жалда күйеуінің жұмысы сәтсіздікке ұшырап жатса, осы жұмысы арқылы отбасын асырамақ ойында болады.

Осыдан кейін 1999 жылы қытайға оралған Ли мырза жоғарыда айтылғандай жеке фирмасын тіркеп, жұмысын бастап кетеді, бұл 2000 жылдың басы еді, барлық фирманың алғашқы құрылған кезінде болатын заңдылық қой, оның үстіне 2001 жылы қытай ғаламторының аумалы төкпелі кезеңі еді, фирманың жұмысы жүрмей, күйзелген кезінің бірінде әйеліне телефон шалады, сол кезде әйелінің айтқаны: «Есіңде болсын Гугылды құрған сенің шәкірттерің, олар қазір алпаут компонияның қожайындарына айналды» дейді, осы сөйлесуден кейін көп өтпей әйелі де қытай бағытындағы ұшаққа билет алады, күйеунің қасында болып оған қолдау көрсетудің маңыздылығын түсініп жетеді.

2005 жылы Байду ресми түрде Америка ІТ нарығына енді, 2008 жылдан бастап Жапония ғаламторында Байду іздеу жүйесі пайда болды.

10000 нан аса жұмысшысы бар, қытайдың алып іздеу жүйесі жайлы әзірге жазарымыз осы құрметті оқырманым!

 

Аударған және өз ойын қосқан:    Қасен Сержан

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2720883

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Үздік авторлар

1