Facebook әлеуметтік желісінің әр жылдардағы дамуы (Фото)

20 ақпан 2014 - Админ
Facebook әлеуметтік желісінің әр жылдардағы дамуы (Фото)

 Әлемдегі танымалдығы жағынан, тіркелген қолданушылары жағынан, номері бірінші әлеуметтік желі Facebook екендігін көбіміз білеміз, ал осы желінің тарихына бір сәт суреттер арқылы үңіліп көрейік. 

 

 

Желінің негізін қалаған Америкалық  Гарвард университетінің студенті Марк Цукерберг 

 



Ол алғашында тек Гарвард университетінің студенттеріне арналып 2004 жылы 2 айдың 4 күні ашылды, әрі ол кезде thefacebook деген атпен іске қосылды, бұл алғаш іске қосылған кездегі көрінісі;

 
 

 


 

 
 
Ал мынау әлі де thefacebook атауын алып жүрген 2005 жылғы көрінісі.
 
 
 
 
2005 жыл, ол кезде Facebook жәй ғана, ортақ тақырыптары бар бір топқа арналған сайт еді.
 
 
 
Бұл Facebook тың негізін салушы Марк Цукербергтің 2006 жылғы профилі.
 
 
 
2006 жылы алғаш рет, сайтқа тіркеліп өзара достасқан адамдардың соңғы белсенділіктері көрініп тұратын функция  іске қосылды.
 
 
Келесі 2007 жылы Facebook одан ары дами түсті, микроблог қосылды, қолданушының жазға посттары өзінің архивінде сақталып қана қоймай, достарының да лентасынан көрінетін болды.
 
 
 
 
Бұл 2009 жылғы көрінісі, бұл жылы Facebook ке әйгілі Twitter мен бәсекеге түсуіне тура келді,  жаңа функциялар қосып толыса түсті, интернет әлеміндегі көкжалдармен тайталасып, базарды иемденуге шындап кірісе бастады.
 
 
 
2010 жылы кезекті рет маңызды өзгерістердің бірін жасады, ол сайттың ең үстіңгі бөлігіндегі ескертпелер
 
 
 
Осы жылы тағы да бірнеше қызмет түрлері қосылды, оның ішіндегі ең маңыздысы,  қолданушының көптеп сурет жүктей алуы және оның қолданушылар лентасында көрінуі.
 
 
 
 
 

 

2011 жылы қосылған басты функциялар News Ticker және мұқаба сурет, News Ticker ол қолданушы достарының өзіне қатыссыз басқада белсенділіктерінің оң жақ жоғарғы бұрыштан беріліп тұруы.

 

 
 
 
 
 
 

Ал енді мынау Facebook  әлеуметтік желісінің қазіргі көрінісі.
 
 
 
Ұялы телефонға арналған нұсқасының көріністері
 
 
 
 
 
Назарларыңызға үлкен алғысымды айта отырып, осы бір әлемдегі номері бірінші әлеуметтік желінің 93% қазақшаланып болғандығын (әлі бета нұсқада) айтқым келеді, әрі оны аударуға атсалысып жатқан еріктілер тобына ризашылығымды білдірем.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2858546

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru