Samsung Galaxy Note 4 пен LG G3 смартфондарын салыстыру

8 қыркүйек 2014 - Админ
Samsung Galaxy Note 4 пен LG G3 смартфондарын салыстыру

Электронды техника бұйымдарын шығарумен аты әйгілі оңтүстік кореялық екі алып компания өз елі ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де бір бірімен бәсекелес, Samsung өзінің сәтті шешімдерімен, сапалылығымен смартфон нарығында өзгелерге дес бермей келеді. Бұдан басқа смартфон өндірушілердікі сапасыз деген қорытынды шықпайды. LG компаниясы да өз отандасы Samsungтан қалысар емес.

Samsung ең алғаш болып, Galaxy Note деген атпен шектен тыс үлке экранды смартфон шығаруды батыл қолға алған еді, алғашында оны ел арасында күрек телефон деп мысқылға ұшырағанымен, бұл телефонның нарықта жолы болды, бірінен соң бірі Note 1, Note 2, Note 3, Note 4 смартфондары халық арасында сұранысқа ие бола түсті. Үлкен экранды ақылфондардың сұранысқа ие екендігін көре салып басқалар да қарап жатпады, үлкен экранды смартфон шығаруға маңыз бере бастады.

Біз бүгін осы екі алыптың екі смартфонын салыстырып көрмекпіз:

20140908032809908

Алдымен екі смартфонның көлемін салыстырайық:

20140908032851806

Galaxy Note 4 биіктігі мен ені жағынан LG G3 тен ұзындау, қалыңдығын салыстырсақ Note 4 жұқалау.

.

20140908042857244

Салмағы жағынан Note 4 бақандай 26 грамға ауыр екен.

.

20140908043031315Note 4 тің артқы бөлігі жасанды теріге ұқсас материалдан жасалса, LG G3 тікі металдан жасалған.

.

20140908043202632Түстеріне келсек ақ, қара, алтын түс екеуіне де ортақ болып, Note 4 ке күлгін түс қосылыпты, ал LG болса оған қызғылт және көгілдір түс қосыпты.

.

20140908043401151Экран көлемі жағынан LG G3 қарсыласына сәл ғана жетпей тұр. 5,5 дюйм, ал Note 4 болса 5,7 дюймдық экранмен жабдықтаған.

.

20140908043516477

Экранның сезімталдығы жағынан екеуінде де бірдей 2560х1450 болса да, дисплейдің тығыздығы жағынан LG G3 538 ppi болып қарсыласынан артықтау.

.

20140908043732905

Дисплейдің материалына келсек Note 4 ке Super AMOLED орнатылған болса, LG G3 IPS дисплейімен жабдықталған.

.

20140908043854166Қосымша қаламы бар және жоқ. сонымен бірге бармақ ізін сезу жағынан Note 4 алда тұр. Суға шыдамдылығы жағынан бұл екеуі де өлшемге толмайды деп саналады.

.

20140908044359532

Қуат көзінің сыйымдылығы жағынан тағы да Note 4 алда тұр. қутты үнемдеу жағынан да Note 4 ке салынған дисплейдің ұтатын жері көп. Қуттау жылдамдығы жағынан Note 4 тағы да алда тұр, қуат көзін 50% ға дейін толтыру үшін оған тек 30 минут уақыт жеткілікті.

.

20140908044851511Камераның тұнықтығы жағынан 3 милион 700 мың пикселдік алдыңғы камера және 16 милион пикселдік артқы камерамен Note 4 тағы да озып шыққан, LG G3 ке болса 2 милион 100 мың пикселдік алдыңғы камера және 13 милион пикселдік артқы камера орнатылған.

.

20140908045420316Ішкі жадысын салыстырсақ Note 4 тің 32 GB ішкі жады және оны сыртқы жадының көмегімен 64 GB қа дейін кеңейтуге болады, LG G3 тің 16 ақ gb ішкі жадысы және оны 32 GB қа дейін ғана кеңейтуге болады.

.

20140908045620271Екеуіне де 4 ядролы Soc процесрі салынса да, жиіліктері 2,7 GHz және 2,5 GHz болып Note 4 сәл де болса ақпаратты тез өңдей алады.

.

20140908050042260

Орнатылған бағдарлама системасы екеуінде де бірдей Android 4.4 KitKat.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1874673

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар