Әнуар ағаға арнау

3 желтоқсан 2016 - Кенжегул Бекбаева
Әнуар ағаға арнау

"Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

7 сынып оқушысы Сембаева Аружан

Әнуар ағаға арнау

 

Өміріңді білем, оқып қанығам

Тірлік – күрес, майдан, текті жорық ән.

Дана болдың даналарға кездесіп,

Ұлы Мұхтар сені жолдан таныған.

 

Тамырында Жетісу, Үйгентастың қаны бар,

Алты Алашты аспанға алып шыққан Әнуар.

Мықтылардың жұлдызы өшпей мәңгі жағылар,

Ұлылармен өзіңдей әлемге елі танылар.

 

Қыршыныңнан тар кешуге киліктің,

Тұлпар дарын бәйгелерге ширықтың.

Тұрлыбектен қалған тұяқ кешегі,

Жүлдегері  мемлекеттік, Неру атты сыйлықтың.

 

Көгілдір тау, көлбендеген көк кілем,

Самалына маңдайыңды өптірем.

Дүлдүл аға, арғымағым Әнуар

Мен өзіңді, Әл – Фараби деп білем.

 

Биігің, биіктігің құлатпады,

Білетін қыршыныңнан қыраттары.

Қарлығаш, Үшқайында сылдыр қағып,

Еске алды көгілдір тау бұлақтары

 

Киінген жеңсіз берен жетім едің,

Талаппен талай жүріп жетіп едің.

«Жебесін Махамбеттің», «Жаушыны» — да

Жандырып хатқа жазып кетіп едің.

 

 Көрініп көзге ұратын даналығың,

Еске алды қала бүгін, дала бүгін.

Атыңды ардақ тұтып жұрт айтады,

Таңылды тамсандырған даналығың!

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіӘнуар ағаға арнау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2968199

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Здесь нет никого ;-)