«СЕН АБАЙДЫ БІЛЕСІН БЕ?»ойын сабағы

10 қараша 2016 - Жазира Касабаева

«СЕН АБАЙДЫ БІЛЕСІН БЕ?»

Сабақтың мақсаты: Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

— Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. «Сен Абайды білесің бе?» сайыс сабағына қош келіп отырсыздар!

— У каждого народа есть по-особому светлые личности, память о которых вечна и жива в сознании благодарных потомков. Такой личностью является Абай. И чем дальше уходит время, в котором жил он, тем ближе и сильнее чувствуешь его присутствие. Он творил в другой эпохе, но вооруженный вдохновением, творил для будущего.

И, поэтому, сегоднешнее мероприятие я посвещаю жизни и творчеству великого казахского акына Абая Кунанбаева.

Парасатты болып туған –

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұпа қылған –

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған –

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған –

Бүкіл әлем Абайы, — деп ақын жырлағандай, бүкіл қазақ халқының ақыны болған Абай Құнанбайұлы.

«Өлді деуге сия ма ойландаршы,

Өйлмейтұғын артына із қалдырған», — деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай күні бүгінге дейін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Осы асыл сөздерін оқып, одан өнеге алу – әрқайсысымыздың парызымыз. Сондықтан да, біз бүгінгі сайысымызды Абай шығармашылығынан, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті салаларынан алған білімдерімізді ортаға саламыз. Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.

«Сен Абайды білесің бе?» ойыны мына турлар бойынша өткізіледі.

1-тур – «Қызықты алаң»

2-тур – «Бәйге»

3-тур – «Құпиялы хат»

Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейтін:

Бүгінгі күн сайыста,

Сен ешкімнен қалыспа.

Білімінді көрсетер,

Сұрақтарға жауап бер, — деп отырып, бірінші турымызды бастайық.

1.     «Тобықты руынан шыққан ақын» 10 20 30 40 50

2.     «Асыл сөзді іздесең» 10 20 30 40 50

3.     «Ұлылар үндестігі» 10 20 30 40 50

4.     «Кемеңгер ойшыл» 10 20 30 40 50

1)    10 – Абайдың шын аты (Ибраһим)

20 –Абайдың руы (Тобықты)

30 – Абайдың сүйікті ойыны (Тоғызқұмалақ)

40 – Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты (Тоқбала)

50 – Абайдың жеті атасын ата (Құнанбай, Өскенбай, Ырғызбай, Айдос, Томан, Тобықты, Арғын)

2)    10 – Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

20 –Табиғат лирикасы ішіндегі ең алғышқы жазылған өлеңі. («Жаз», 1886)

30 – Абай қанша нәрседен қашық болуын нұсқайды?

Олар қайсылар? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

40 – Абай қысты ненің бейнесіне теңейді? (Ақсақалды шалдың бейнесіне)

50 – Абай «Ескендір» поэмасын кімге арнап жазады? (Александр Македонский)

3)    10 – Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

20 –В ветхой землянке жили старики со старухой 30 лет и 3 года. Из какого произведения А.С.Пушкина эти строки. Ертегінің қазақша аудармасын айт.

30 – Абайдың ұлы өлеңі А.С.Пушкиннің «Гонимы вешними лучами» өлеңіне ұқсайды. Ол қандай өлең? («Жазғытұрым»)

40 – Неміс ақыны И.В.Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» өлеңінің аудармасы («Қараңғы түнде тау қалғып»)

50 – Произведения каких русских писателей стали известны казахскому народу благодаря Абаю? (Крылова, А.С.Пушкина, М.Ю.Лермонтова)

4)    10 – «Қара сөздер» аудармасы (Слова назидания)

20 –Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

30 – Көзімнің қарасы… ары қарай жалғастыр

(Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі, Ғашықтың жарасы)

40 – Абайдың бұл өлеңі «Карие глаза» әніне ұқсайды немесе аудармасы «Спешу к тебе с приветом, Каламкас» («Айттым сәлем, Қаламқас»)

50 – «Наконец решил: Возьму в спутники бумагу и чернила и стану записывать все свои мысли. Может быть, кому то придется по душе какое-нибудь мое слово и он перепишет его для себя просто запомнит». Нешінші сөзінде айтылған?

2-тур – «Бәйге». Мұнда білімгерлердің әрқайсысы берілген 5 сұраққа бірден жауап беруі тиіс.

Қызыл түсті

1.     Абайдың шешесі кім? (Ұлжан)

2.     Немере деген кім? (Ұлдың баласы)

3.     Абай қай жылы қайтыс болды? (1904ж. 59 жаста)

4.     Қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Аударыспақ, бәге, теңге алу, қыз қуу, алтыбақан)

5.     «Жеті қазынаны» ата (Ер жігіт, қырыан бүркіт, сұлу әйел, берен мылтық, тазы ит, жүйрік ат, оқу-білім)

Жасыл түсті

1.     Абай туралы көлемді шығарма жазған кім? (М.Әуезов)

2.     Жиен болған кім (қыздың баласы)

3.     Мағауия Абайға кім болады? (Ұлы)

4.     Қазақтың ұлттық мерекелерін ата? (Наурыз, ораза айт, құрбан айт)

5.     «Жеті атаны» ата. (Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

Сары түсті

1.     Абай қай жылы дүниеге келген? (1845)

2.     Нағашы деген кім? (Ананың туыстары)

3.     Әлімқұл Абайға кім болады? (Немересі, Ақылбайдың баласы)

4.     Қазақтың ұлттық аспаптарын ата. (Домбыра, жетіген, сырнай...)

5.     «Жеті жарғыны» шығарған адамдар (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Тәуке хан)

Қоңыр түсті

1.     Абай қай жерде дүниеге келген? (Жидебай)

2.     Бөле деген кім? (Апалы-сіңілілердің балалары)

3.     Шәкәрім Құдайбердиев Абайға кім болады? (Үлкен ағасының баласы, немересі)

4.     Қазақтың ұлттық бас киімдерін ата. (Тақия, бөрік, сәукеле...)

5.     Бес саусақтың қазақша аталуы (Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек)

III турымыз – «Құпиялы хат»

2 23 8 17 22 1 11 3 20 16 17 1 2 24 18 8 5 8

21 18 8 23 22 1 11 3 20 16 24 1 19, 1 23 15 1 16 1 18.

24 8 18 7 8 – 3 38 23 14 38 23 22 38 34 7 28 18 12 8 5 8,

14 8 25 38 5 38 18 25 1 22 25 1, 3 1 23, 15 1 16 1 18!

Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру. Жалғастыру.

(жауабы) Әсемпаз болма әрнеге,

                Өнерпаз болсаң арқалаң.

                Сен де – бір кірпіш дүниеге,

                Кетігін тап та, бар, қалаң!

(жалғасы) Қайрат пен ақыл жол табар,

                Қашқанға да қуғанға.

                Әділет, шапқат, кімде бар,

                Сол жарасар туғанға.

Жанкүйерлер ортаға шығып, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып береді.

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 4043334

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0