ҚБТУ-де Асқар Наймантаевпен кездесу өтті.

11 ақпан 2015 - Таланттар мектебі
ҚБТУ-де  Асқар Наймантаевпен кездесу өтті.

Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттері құрған «Алаш айнасы» ұйымының университет қабырғасында жасап жатқан бұл үшінші кештері екен. Халықаралық деңгейде білім беретін бұл университет жастарының ана тіліне, қазақ тіліне деген құрметті осы ұйымның қызметінен көрініп тұр. Бұл жолы студенттер Асқар Наймантаевты ортаға ала отырып, Мұқағали әлеміне сапар шекті. Ақын өлеңдері оқылыды, Мұқағали өлеңдеріне орай жұмбақтар жасалып, ойындар өткізілді. Асқар Наймантаев өзі сегіз жыл қатарынан өткізген «Бүгін менің туған күнім» кеші жайында, «Мұқағали атындағы сыйлықты» қайта жасағаны жайында, өзінің бала кезінде Мұқағалиды көргені жайында қызықты әңгімелер айтып беріп, студенттердің өнер, поэзия туралы көптеген сұрақтарына жауап берді.Студенттер де Мұқағали, Мұхтар Шаханов және өздері жазған өлеңдерін оқып кештің мазмұнын шұрайландыра түсті. Кештің қызықты, тартымды өткені соншалық сабақтан кеш шыққан студенттер әңгіме мен поэзия сыйқырына ұйып, уақыттың белгіленген межеден асып кеткенін де байқамай қалыпты.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қосымша пәндер«Құпиясы жоқ болса, өнердің құрметі де жоқ»

Қазақ әдебиетіМұқағалиға арналған ашық тәрбие сағаты

Ұстаз үніХАТ (Асқар Наймантаев. "Мұқағалиға")

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 2687171

Пікірлер (1)
Askar Naymantaev # 11 ақпан 2015 в 12:13 +1
Студенттердің қызығушылығы, поэзияға ынтасы,өздеріне қойған талаптары,жалпы көзқарас, пікірлері ұнады! Жақсы болашақ өсіп келеді,ағайын!Сол қуаныш!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru